• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 19 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Оқушылар сарайында неге бала жоқ?

Қызылорда қаласында бір ай бұрын ашылған оқушылар сарайы толыққанды жұмыс істей алмай отыр. Бастапқы жоспар бойынша мұнда әр түрлі 50 үйірме болады делінген. Ал қазіргі кезде олардың саны 10-нан аспай отыр, деп хабарлайды «Postscript.kz» Ақпараттық агенттігі.

11.11.2024
in Қоғам, Білім
0
506
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Оқушылар сарайының қызыл лентасы осы жылдың 1-ші қазанында қиылған болатын. Бір айдан астам уақыт өтсе де іште ән айтып, би билеп жүрген бүлдіршіндерді байқау қиын. Бір мезетте 350 баланы қамти алатын орталықта үйірмелер саны саусақпен санарлық. Қызылордалықтардың көбісі дерлік бұл нысанның ашылғанынан да бейхабар екен.

– Оқушылар сарайының ашылғанын білесіз бе? Жоқ, білмеймін. Естіген жоқпын. Жалпы немерелеріңізді сол жақтағы үйірмелерге жіберер ме едіңіз? Қиындау, жібере ала алмаймын. Апаратын адам керек, жолды білмейді олар жас қой. – дейді ТЕМІРБЕК ЫСМАЙЛОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ.

– Танысқан жоқпыз ғой мысалыға. Оқушылар сарайында қандай үйірмелер бар? Егер білсем, егер қызықтырса әрине балаларды жіберуге болады. – дейді БОТАГӨЗ СПАНДИЯРОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ.

Қомақты қаржыға салынған орталық бүгінге түске дейін ғана жұмыс істейді екен. Қаланың сол жағалауынан бой көтерген оқушылар сарайына қоғамдық көлік әзірге толық қатынамайды. Сол себепті болар оқытушы педагогтар да толық қамтылмаған.

– Жалпы 50-ге тарта үйірме жүргізіледі деп жоспарланған. Бүгінгі таңда қабылданған мұғалімдерге байланысты 10 үйірме өз жұмысын жүйелі түрде жүргізіп отыр. Әлде де конкурстан өтпеген педагогтар бар, конкурс жарияланды басқа да үйірмелерге. – дейді ГАУХАР ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА, ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ.

Басышылық жақын арада көлік мәселесін де шешеміз деп сендірді. Барлық үйірмелер толыққанды жұмыс істей бастаса автобус әкеліп, балаларға жағдай жасаймыз дейді.

P.S. Бір қызығы орталыққа алғаш келгенімізде іштен бір бала таппаған болатынбыз. Басшылықтан сұхбат алуға екінші мәрте келгенімізде барлық сыныптар оқушыларға толы болды. Айта кетейік, бұл әлеуметтік нысан демеушілік есебінен салынып, қалаға сыйға берілген болатын.

Алдыңғы мақала

Қызылордада малшы жігіт әйелін жылқының жүгенімен сабап өлтірді

Келесі мақала

Қармақшының «Достығы» бөлінбек

Оқи отырыңыз

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
Қоғам

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
Құқық

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
Құқық

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Өзекті жаңалықтар

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
Қоғам

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

0

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының дәстүрлі киім үлгілерін кеңінен насихаттау және жас...

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі