• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Пәтер иелері кооперативтерінің жұмысы талқылынды

Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаевтың төрағалығымен пәтер иелері кооперативтері (ПИК) өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген жұмыс жиыны өтті. Басқосуда көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді шешу, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру және алдағы жылыту маусымына дайындық барысы жан-жақты талқыланды деп,- «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

29.07.2026
in Қоғам, Саясат
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жиын барысында тұрғын үйлердің қалыпты әрі қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету, ортақ мүлікті күтіп-ұстау, инженерлік инфрақұрылымның жай-күйін бақылау, санитарлық тазалықты сақтау және тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарына жедел әрекет ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев бұл бағыттағы жұмыстардың сапасын арттыру тұрғындардың өмір сүру жайлылығын қамтамасыз етудегі маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті.
Сонымен қатар, тұрғын үй қатынастары саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес басқару субъектілеріне берілген мүмкіндіктерді тиімді пайдалану қажеттігі айтылды. Әкімдік тарапынан бөлінген қоғамдық жұмысшылардың әлеуетін ұтымды ұйымдастырып, көпқабатты тұрғын үйлердің аумақтарын абаттандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізу және тұрғындармен кері байланысты күшейту бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.
Кеңейтілген жиында көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістері мен ортақ пайдаланылатын орындарына жүргізілген мониторинг нәтижелері де таныстырылды. Мониторинг барысында санитарлық талаптардың сақталуы, инженерлік жүйелердің техникалық жағдайы, тазалық деңгейі және тұрғындардың қауіпсіздігіне әсер ететін бірқатар мәселелер зерделенген.
Тексеру нәтижесінде анықталған кемшіліктерді қысқа мерзім ішінде жою, тұрғын үйлердің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жұмыстарын күшейту және мұндай олқылықтардың алдағы уақытта қайталануына жол бермеу жөнінде жауапты мекемелер мен пәтер иелері кооперативтеріне нақты міндеттер жүктелді.
Жиын қорытындысында тұрғын үй қорын сапалы басқару, тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру, сондай-ақ алдағы күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын уақытылы әрі талапқа сай аяқтау бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда болатыны айтылды.

Алдыңғы мақала

Ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды

Келесі мақала

Ардақ Ибраимов: көпір құрылысы мерзімінен бұрын аяқталуы тиіс!

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі