• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Ардақ Ибраимов: көпір құрылысы мерзімінен бұрын аяқталуы тиіс!

Жалағаш ауданында жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Аудан әкімі Ардақ Ибраимов жұмыс сапарымен «Қызылорда – Жалағаш» облыстық маңызы бар автомобиль жолының 70,05 шақырымында орналасқан, «Қашыртқы» каналы арқылы өтетін көпірге жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды «Postscript.kz» ақпараттық агенттігі.

30.07.2026
in Қоғам
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аталған көпір – аудан тұрғындары мен өңір арқылы қатынайтын автокөлік жүргізушілері үшін маңызды көлік нысандарының бірі. Сондықтан құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген талаптарға сай орындалуы ерекше бақылауға алынған. Жұмыс барысында аудан әкімі жауапты сала мамандары мен мердігер мекеме өкілдерінің есебін тыңдап, құрылыс алаңындағы қазіргі ахуалға жан-жақты баға берді.

Мамандардың мәліметінше, қазіргі таңда нысанда атқарылып жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының шамамен 75 пайызы аяқталған. Құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Келісімшарт талаптарына сәйкес көпірді пайдалануға беру мерзімі биылғы қыркүйек айына жоспарланған. Алайда аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес құрылыс қарқыны барынша күшейтіліп, нысанды мерзімінен бұрын, яғни алдағы тамыз айында толық аяқтап, ел игілігіне беру көзделіп отыр.

Нысанды аралау барысында Ардақ Ибраимов құрылыс жұмыстарының әр кезеңі сапалы орындалуы тиіс екенін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, тұрғындардың қауіпсіздігі мен көлік қозғалысының үздіксіз қамтамасыз етілуі – басты назарда болуы қажет.

– Құрылыс жұмыстары сапалы орындалуы тиіс. Құрылыс қарқынын арттырып, нысанды мерзімінен бұрын аяқтап, ел игілігіне табыстауымыз керек. Айналма жолға күнделікті су сеуіп, оны тегістеу жұмыстарын уақытылы жүргізіңіздер. Айналма жол уақытша болса да, жүргізушілерге қолайсыздық тудырмауы тиіс. Жұмысты қатаң бақылауға алып, тиісті деңгейде ұйымдастырыңыздар, – деді аудан әкімі.

Сонымен қатар аудан басшысы құрылыс барысында қауіпсіздік талаптарының толық сақталуына, пайдаланылатын құрылыс материалдарының сапасына және жұмысшылардың еңбек жағдайына ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Жауапты мекеме басшыларына құрылыс жұмыстарының қарқынын бәсеңдетпей, белгіленген мерзімнен ертерек аяқтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдау жүктелді.

Жұмыс сапары барысында уақытша ұйымдастырылған айналма жолдың жай-күйі де назардан тыс қалмады. Қазіргі таңда аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес айналма жолды күтіп ұстау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Атап айтқанда, жол беті арнайы техникамен тегістеліп, шаң көтерілмеуі үшін күн сайын су себіледі. Бұл шаралар тұрғындар мен жүргізушілердің қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту – ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды бағыттарының бірі. Осындай жобалардың уақытылы әрі сапалы жүзеге асырылуы тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймай, өңірдегі көлік қатынасының тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жалағаш ауданында қолға алынған бұл жоба толық аяқталғаннан кейін «Қашыртқы» каналы арқылы өтетін көпірдің өткізу қабілеті артып, көлік қозғалысының қауіпсіздігі күшейеді. Бұл өз кезегінде аудан тұрғындары мен жол пайдаланушылары үшін қолайлы жағдай қалыптастырып, өңірдің көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға серпін береді.

Алдыңғы мақала

Пәтер иелері кооперативтерінің жұмысы талқылынды

Келесі мақала

Аудан әкімі сайлау учаскелерінің дайындығын бақылады

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі