• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Саясат

Аудан әкімі сайлау учаскелерінің дайындығын бақылады

Ардақ Ибраимов алдағы 23 тамыз күні өтетін Құрылтай сайлауына дайындық жұмыстарының барысымен танысу мақсатында аудан аумағындағы бірқатар сайлау учаскелерін аралады. Жұмыс сапары барысында аудан басшысы учаскелердің материалдық-техникалық жабдықталуын, сайлаушылар үшін жасалған жағдайды және жауапты саяси науқанды ұйымдастыру деңгейін бақылап шықты, деп хабарлайды «Postscript.kz» ақпараттық агенттігі.

30.07.2026
in Саясат
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы – елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Осыған байланысты ауданда сайлауды заң талаптарына сәйкес ашық, әділ әрі ұйымдасқан түрде өткізу үшін барлық дайындық жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Жауапты мекемелер мен сайлау комиссиялары белгіленген жоспарға сәйкес қажетті ұйымдастыру шараларын орындап келеді.

Қазіргі таңда аудан бойынша барлығы 23 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Оның ішінде 12 сайлау учаскесі жалпы білім беру мектептерінде, 9 учаске мәдениет үйлерінде орналасқан. Сонымен қатар аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторы мен аудандық аурухана базасында дауыс беру құқығы бар азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында 2 жабық сайлау учаскесі ұйымдастырылған.

Аудан әкімі аралау барысында әрбір сайлау учаскесінің сайлаушыларды қабылдауға толық дайын болуы қажет екенін атап өтті. Әсіресе, дауыс беру кабиналарының талапқа сай жабдықталуы, сайлау жәшіктерінің дайын болуы, байланыс құралдарының, электрмен қамту жүйесінің тұрақты жұмыс істеуі және қажетті ақпараттық материалдардың толық орналастырылуы басты назарда болуы тиіс екенін жеткізді.

Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау учаскелеріне кедергісіз кіруіне жағдай жасау, ғимараттардың санитарлық тазалығын сақтау, өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Аудан басшысы жауапты сала жетекшілеріне сайлау күні тұрғындарға барынша қолайлы жағдай жасап, барлық ұйымдастыру жұмыстарын жоғары деңгейде өткізуді тапсырды.

– Сайлау – ел өміріндегі маңызды саяси науқан. Сондықтан әрбір сайлау учаскесі талапқа толық сай дайын болуы керек. Дауыс берушілердің қауіпсіздігі, қолайлылығы және заң талаптарының мүлтіксіз орындалуы – басты міндет. Әрбір жауапты мекеме өзіне жүктелген жұмысты сапалы атқаруы тиіс, – деді аудан әкімі.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Ардақ Ибраимов анықталған ескертулерді қысқа мерзімде жоюды, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жұмыстарын толық аяқтауды және сайлау күніне дейін барлық учаскелердің әзірлігін қайта пысықтауды тапсырды.

Айта кетейік, Жалағаш ауданында алдағы саяси науқанды жоғары деңгейде ұйымдастыру бағытындағы дайындық жұмыстары тұрақты бақылауда. Жауапты мемлекеттік органдар мен учаскелік сайлау комиссиялары сайлау процесінің заң талаптарына сәйкес өтуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап келеді.

Алдыңғы мақала

Ардақ Ибраимов: көпір құрылысы мерзімінен бұрын аяқталуы тиіс!

Келесі мақала

Сотталғандарға АДС-М екпесі жүргізілді

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі