• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Мұнайшылар марапатталды

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен Мұнайшылар күні аясында «Құмкөл» кен орнының өнеркәсіптік игерілуінің 40 жылдығына арналған «Құмкөл: Қара алтын шежіресі» атты салтанатты шара өтті, деп хабарлайды «Postscript.kz» Ақпараттық агенттігі.

04.09.2026
in Мәдениет
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аймақ басшысы мұнай саласының ел экономикасындағы маңызын атап өтіп, мамандарды кәсіби мерекемен құттықтады.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Мұнай-газ саласы – экономикамыздың тірегі, еліміздің қарқынды дамуының кепілі. Мемлекет әрқашан энергетика саласының әлеуетін арттыруға, жаңа кен орындарын игеруге және сала жұмысшыларының мүддесін қорғауға ерекше көңіл бөледі», деп атап өткен болатын.

Еліміздің экономикалық әлеуетін арттыруда Қызылорда облысындағы мұнай компанияларының, онда еңбек ететін мұнайшылардың үлесі зор», – деді Мұрат Ергешбаев.

«Құмкөл» кенішін  игеру туралы шешім осыдан қырық жыл бұрын қабылданып, кен орны өңірдегі өндірістің өзегіне айналды. Облыс мұнайлы аймаққа айналу жолында қалыптасу, даму кезеңдерінен өтті.

Салтанатты шарада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов, «CNPC Central Asia» және «CNPC Kazakhstan» компанияларының бас директоры Ян Миньюй, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ президенті Чэнь Даю құттықтау сөз сөйледі.

Мұнай-газ саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі мен өндірістік қызметтегі жоғары жетістіктері үшін сала мамандары мемлекеттік және салалық марапаттарға ие болды.

Атап айтқанда, мұнайшыларға мемлекеттік, ведомстволық наградалар мен «Құмкөл» кен орнының 40 жылдығына арналған мерейтойлық медаль табысталды.

Өңірде мұнай компанияларының  қолдауымен әлеуметтік нысандар салынып, инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асуда. «ҚазГермұнай» компаниясының демеушілігімен «Оқушылар сарайы», «Саутс Ойл» компаниясының қолдауымен музыкалық колледж ғимараты жатақханасымен бірге салынды. Ал «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ жыл сайын қайырымдылық шараларына 150 млн теңгеден астам қаржы бөліп келеді.

Жаңа кеніштерді анықтау мақсатында шөгінді бассейндерді зерделеу қарастырылған. Арал шөгінді бассейнінде геологиялық зерттеу жұмыстары 2024 жылдың желтоқсан айында аяқталып, шамамен 1,1 млрд. тонна көмірсутек қоры анықталды. Ал, Сырдария шөгінді бассейнін зерттеу жалғасуда. «СаутсОйл» компаниясы тақтатас мұнайын дәстүрлі емес тәсілмен өндіру үшін дайындық жұмыстарын бастады.

Алдыңғы мақала

Заң мен тәртіп – басты ұстаным

Келесі мақала

Қазалы ауданында дін саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі