• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 13 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қазалы ауданында дін саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Кездесудің негізгі мақсаты – аудандағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтарды кеңінен насихаттау, тұрғындар арасында діни сауаттылықты арттыру және мемлекеттік дін саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру жұмыстарын одан әрі жетілдіру. Қазалы аудандық Қоғамдық даму бөлімінің басшысы Ерлан Сисенбиев аудан мешіттерінің имамдарымен кездесіп, дін саласындағы өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды «Postscript.kz» Ақпараттық агенттігі.

08.09.2026
in Мәдениет
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жиын барысында қазіргі қоғамдағы діннің орны мен маңызы, діни тұрақтылықты сақтау, тұрғындар арасында дәстүрлі рухани құндылықтарды дәріптеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар жастар арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жат діни ағымдардың ықпалына жол бермеу бағытындағы жұмыстарды жүйелеу жөнінде пікірлер айтылды.

Имамдардың қоғамдағы рухани тәрбие мен адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы рөлі де кеңінен сөз болды. Осы ретте мешіттер мен мемлекеттік мекемелер арасындағы өзара байланысты нығайтып, халықпен жүргізілетін түсіндіру жұмыстарына бірлесіп атсалысудың маңыздылығы атап өтілді.

Сондай-ақ тұрғындардың діни мәселелерге қатысты сауалдарына дұрыс әрі нақты жауап беру, дін мәселесінде ақпаратты тек сенімді және ресми дереккөздерден алудың қажеттілігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын тұрақты жүргізу мәселесі көтерілді.

Кездесу барысында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар мен бірлескен іс-шаралардың жоспары да қаралды. Атап айтқанда, елді мекендерде тұрғындармен кездесулер өткізу, жастар арасында рухани-танымдық бағыттағы іс-шараларды ұйымдастыру, түрлі әлеуметтік топтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу және қоғамдағы діни келісім мен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Жиынға қатысушылар дін саласындағы тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтау – ортақ міндет екенін атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығына тоқталды.

Кездесу соңында тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, аудан тұрғындарының діни сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік дін саясатын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарды бірлесе атқаруға уағдаласты.

Мұндай кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылып, дін саласындағы өзекті мәселелерді бірлесіп талқылау және олардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Алдыңғы мақала

Мұнайшылар марапатталды

Келесі мақала

Қазалыда Қазақстан халқы тілдер күні аталып өтті

Оқи отырыңыз

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
Мәдениет

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
Спорт

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Өзекті жаңалықтар

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

0

Мерекелік салтанатты рәсімге облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Құрылтайының дептутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Қазақстан Халық Кеңесінің...

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
  • Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
  • Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
  • Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
  • Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі