• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қазалыда Қазақстан халқы тілдер күні аталып өтті

Аудан орталығында 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты мерекелік салтанатты шара өтті. Әйтеке би кенттік мәдениет үйінде өткен мерекелік шараға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, жиылған жұртшылықты мерекемен құттықтады, деп хабарлайды «Postscript.kz» Ақпараттық агенттігі.

08.09.2026
in Мәдениет
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мерекелік шарада әрбір салада қызмет ете жүріп, мемлекеттік тілдің мәртебесінің артуына үлес қосып жүрген бірқатар үздіктер марапат төрінен көрініп, облыс әкімі мен аудан әкімінің, облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды.

-Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани өзегі, елдің тарихи жады мен мәдениетінің алтын арқауы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін күшейту – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі екенін үнемі айтып келеді. Биылғы 1 шілде де күшіне енген Жаңа Конституцияда да мемлекеттік тіл қазақ тілі екені тайға таңба басқандай нақты жазылған, айқын бекітілген. Атап айтқанда, жаңа Конституцияның жаңа жобасында «Конституциялық құрылыс негіздері» деп аталатын 1-бөлімнің 9-бабының 1-тармағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі деп тікелей белгіленген. Бүгінгі мерекенің 5 қыркүйекке белгіленуінің де өзіндік тарихи мәні бар. Бұл – қазақ халқының ұлы перзенті, ұлт ұстазы, ағартушы, ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Биыл ұлт ұстазының туғанына 154 жыл толып отыр. баршаңызды мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, оның қолданыс аясын кеңейтуге, қазақ тілінің болашағына әрқайсымыз өз үлесімізді қосуға шақырамын. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының аманатына адал болып, ана тілімізді ардақтайық. Қазақ тілі – елдігіміздің айғағы, тәуелсіздігіміздің тұғыры, ұлттық болмысымыздың өзегі болып қала берсін. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі биіктей берсін, — деді АЛМАСБЕК ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ.

Бұдан кейін аудандық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нұрбибі Әшір құттықтау сөз сөйлеп, ауданда қазақ тілінің мәртебесін биіктету жолында, ел ішінде тілге деген құрметті қалыптастыруға өз үлесін қосып келе жатқан жандардың еңбегі жайында сөз қозғады.

Мерекелік шара әрі қарай аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, тіліміздің тағылымы мен ана тіліміздің қасиеті жиылған көрерменге патриоттық әндер арқылы жеткізілді.

Алдыңғы мақала

Қазалы ауданында дін саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Келесі мақала

Маман даярлау – еңбек нарығының жаңа талабына сай жетілдірілді

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі