• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Саясат

Маман даярлау – еңбек нарығының жаңа талабына сай жетілдірілді

Облыс әкімінің төрағалығымен өткен Үкімет отырысынан кейінгі мәжілісте «Жұмысшы кәсіптері бойынша кадр даярлаудың жаңа тәсілдері туралы» мәселе жан-жақты талқыланды. Жиында берілген тапсырмаларға сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігінде шаһар басшысы Нұржан Ахатовтың төрағалығымен арнайы мәжіліс өткізіліп, еңбек нарығына қажетті білікті жұмысшы мамандарды даярлау жүйесін жетілдіру бағытындағы өзекті мәселелер қаралды, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

09.09.2026
in Саясат
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Кездесу барысында қазіргі таңда өндіріс, құрылыс, коммуналдық шаруашылық, көлік, энергетика және қызмет көрсету салаларында жұмысшы мамандарға сұраныстың жылдан-жылға артып келе жатқаны атап өтілді. Осыған байланысты техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін еңбек нарығының нақты қажеттілігіне бейімдеу, оқу орындары мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты күшейту және кадр даярлау сапасын арттыру басты міндеттердің бірі ретінде айқындалды.

Шаһар басшысы Нұржан Ахатов бүгінгі күні маман даярлау жүйесі жаңа талаптарға сай жаңғыртылып, нақты кәсіпорындардың сұранысына негізделуі тиіс екенін айтты.

– Біз жұмысты ең алдымен оқу орындары үшін емес, кәсіпорындарға қажетті мамандарды даярлау қағидатына көшіруіміз керек. Қазір қаладағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмысшы кадрларды даярлау бағытында мақсатты жұмыстар атқарылуда. Бірақ бүгінгі талап – қай мамандыққа қанша кадр қажет, оны қай кәсіпорын жұмысқа алады және оқу бітіргеннен кейін қанша түлек өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасады деген сұрақтарға нақты жауап беру. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастырылуы қажет, – деді Нұржан Сәбитұлы.

Жиында кадр даярлау ісіне заманауи цифрлық шешімдерді енгізудің маңыздылығы да атап өтілді. Атап айтқанда, еңбек нарығындағы сұранысты деректер негізінде талдайтын цифрлық платформаларды пайдалану, кәсіпорындардың маманға деген қажеттілігін электронды форматта қалыптастыру, оқу орындарының білім беру бағдарламаларын осы мәліметтермен үйлестіру және түлектердің жұмыспен қамтылуын цифрлық мониторинг арқылы бақылау мәселелері назарға алынды. Мұндай тәсіл еңбек нарығының өзгерістеріне жедел ден қоюға және маман даярлау тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жауапты сала басшыларына жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды күшейту, өндірістік тәжірибе алаңдарын кеңейту, дуальды оқыту жүйесін дамыту және еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырысты нақты сұранысқа сәйкес жоспарлау жөнінде тапсырмалар берілді.

Мәжіліс қорытындысында күн тәртібінен тыс өзге де маңызды мәселелер қаралып, қаладағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін жақсарту, мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыру және басқару процестерін цифрландыру бағытындағы жұмыстарды жандандыру жөнінде жауапты сала жетекшілеріне нақты міндеттер жүктелді.

Алдыңғы мақала

Қазалыда Қазақстан халқы тілдер күні аталып өтті

Келесі мақала

Аудан әкімі су ұңғымаларының жұмысымен танысты

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі