• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Саясат

Қызылордада 504 отбасы баспаналы болды

Бүгін Тәуелсіздік күні қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға жеті қабатты 84 пәтерлік 6 жаңа тұрғын үйдің кілтін табыстады, деп хабарлайды «PostScript.kz» Ақпараттық агенттігі.

12.12.2024
in Саясат
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Салатанатты рәсімге Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, жауапты сала басшылары, еңбек ардагерлері мен қала тұрғындары қатысты. Аймақ басшысы жаңа пәтерге қоныстанушыларды құттықтап, өңірдің құрылыс саласының жетістіктеріне тоқталды.

​- Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында «Елімізде бірыңғай тұрғын үй саясатын әзірлеу қажет. Негізгі қағидат – тұрғындар үшін баспананың қолжетімділігін арттыру» деген болатын. Мемлекет басшысының қолдауымен ұлттық жобалар аясында соңғы 2 жылда 4 мыңға жуық пәтер табысталып, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілді. Жыл басынан бері 1500-ден астам отбасы қоныс тойын тойлады. Биыл мемлекеттік бюджеттен бөлінген 34 млрд. 100 млн. теңгеге 2,5 мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі. Осылайша тұрғын үй құрылысының көлемі 126 пайызға өсті. ​Мемлекет басшысының қолдауымен аймағымыз бүгінде қарқынды құрылыс алаңына, өркенді өзгерістердің ордасына айналды. Өткен  жылдан бері қаламызда жеті, тоғыз, он екі қабатты тұрғын үйлер бой көтеруде. Бүгін өздеріңізбен бірге тағы 500-ден астам  отбасының қуанышын еселеп, баспана бақытына кенелгеніне куә боламыз! Шаңырақтарыңыз жылулық пен мейірімге, балалардың шат күлкісіне толсын! – деді НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ.

​Сыр өңірінде соңғы жылдары мақсатты бастамалар қолға алынып, ауқымды жобалар жүзеге асуда. Әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштерінде оң серпін сақталып, облыс республика бойынша алдыңғы қатарға тұрақтады. Екі жыл бұрын облыс бюджеті 364 млрд. теңге болса, бүгінде екі есе артып, 750 млрд. теңгеге жетті. Бұл ауқымды қаражат аймақтағы ең өзекті деген мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға жұмсалуда.

Тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында 38 жоба қолға алынған. Бұл тозған электр желілерін 66 пайыздан 62 пайызға төмендетеді. Елді мекендерді газдандыру бойынша 30 млрд. 500 млн. теңгенің 20 жобасы іске асуда. Жыл соңына дейін өңірді газбен қамту көрсеткіші 78 пайызға жетеді. Тұрғындарды орталықтандырылған ауыз сумен қамтуға бағытталған 5 млрд. 300 млн. теңгенің 13 жобасы бар. Сондай-ақ, 43 млрд. 300 млн. теңгеге 300 шақырымнан астам автомобиль жолдары жөндеуден өтуде. Осылайша облыс аумағындағы жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайыздан аспақ.

Алдыңғы мақала

Премьер-министрдің орынбасары спорт мекемелерінің басшыларымен кездесті

Келесі мақала

Өркениеттен жұрдай елді мекен

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі