• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 19 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Облыс бойынша 193,7 мың гектар жерге егін егіледі

Биыл Шардара және Көксарай су қоймаларындағы су көлемі өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай аз.

17.06.2025
in Қоғам
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Екі нысаннан Сырдарияның төменгі ағысына секундына 500 текше метр су жіберілуде. Жалпы, облыс аумағындағы су көлемі өткен жылмен салыстырғанда азайып отыр. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев, «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясының басшысы Зейнулла Қазтоғанов және “Қазсушар” РМК филиалы директорының орынбасары Айдос Асанбаев айтты.

— Биыл облыс бойынша 193,7 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланған. Оның ішінде күріш — 80,9 мың гектар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,7 мың гектарға аз. Су үнемдеу технологияларын қолдана отырып 8,1 мың гектар жерге егін орналастыру көзделген. Ерте егілетін дақылдар толық көлемде орналастырылып, күтімге алу шаралары жүргізілуде. 49,9 мың гектар ескі жоңышқаның 47,7 мың гектары оруға жоспарланып, оның 16,3 мың гектары орылып, 42,7 мың тонна өнім алынды. Орта өнім — 26,4 ц/га. Халықты әлеуметтік маңызы бар өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында 5,1 мың отбасына 3,3 мың гектар жер бөлініп, 2,8 мың гектарына дақылдар орналастырылған. Тұқым, тыңайтқыш, жанар-жағармай, техникамен толық қамтамасыз етілген. Көктемгі дала жұмыстары тұрақты бақылауда,- деді Талғат ТҰРСЫНҰЛЫ.

— Бүгінгі күні Шардара су қоймасындағы су көлемі 3510,0 млн текше метрді құрап отыр. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш едәуір төмендеген. Былтыр 4943 млн текше метр болған. Қоймадан төменге тасталып жатқан су көлемі — 300 текше метр. Көксарай су реттегішінде де жағдай осындай. Су көлемі 165,89 млн текше метр. Былтыр бұл көрсеткіш 461,76 млн текше метрді құраған. Қазіргі таңда төменге 200 текше метр/сек су жіберілуде. Бұл да өткен жылғы 300 текше метрден аз. Шардара мен Көксарайдан Сырдария өзенінің төменгі ағысына секундына 500 текше метр су жіберілуде. Қызылорда облысы шекарасына Көктөбе су бекеті арқылы секундына 594 текше метр су келуде. Ал торапқа дейінгі каналдар арқылы 390,64 текше метр су алынуда, бұл өткен жылмен салыстырғанда сәл жоғары. Әйтек су торабынан төменге 5 текше метр су жіберілуде. Бұл көрсеткіш өзгеріссіз қалды. Қараөзек арнасымен 35 текше метр су берілуде. Қазалы су торабынан төменге жіберілген су көлемі 12 текше метрді құрады. Шардара су қоймасымен Көксарай су реттегішінің жұмыс кестесі бақылауға алынып, жергілікті атқарушы органдар және су шаруашылығы ұйымдарымен Сырдария өзеніндегі су шаруашылық жағдайына күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде,- деді Зейнулла ҚАЗТОҒАНОВ.

Алдыңғы мақала

AMANAT: Фракция мүшелері тұрғындармен кездесті

Келесі мақала

Екі жасар сәби шемішкеге қақалып көз жұмды

Оқи отырыңыз

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
Қоғам

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
Құқық

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
Құқық

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Өзекті жаңалықтар

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
Қоғам

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

0

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының дәстүрлі киім үлгілерін кеңінен насихаттау және жас...

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі