• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жұма, 19 маусым, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Саясат

«Бәйтерек» ғарыш-зымыран кешенінің құрылысы талқыланды

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетовпен кездесті, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі

30.06.2025
in Саясат
0
496
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Кездесуде еліміздің ғарыштық әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды жобалардың бірі – «Бәйтерек» ғарыш-зымыран кешенінің құрылысы талқыланды. Аймақ басшысы бұл жоба өңір экономикасына тың серпін беретінін және жаңа жұмыс орындарының құрылуына жол ашатынын атап өтті.
«Қазақстан мен Ресейдің бірлескен бұл бастамасы — қос мемлекеттің ғылыми-техникалық ынтымақтастығының жарқын үлгісі. Жоба «Байқоңыр» кешенінің, оның ішінде қаланың өркендеуі үшін аса қажет. Себебі, жобаны іске асыруда жаңа жұмыс орындары ашылып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін берілетіні сөзсіз. Сонымен қатар, ғарыш-зымыран кешенінде экологиялық таза тасымалдағыштарды пайдалану – жалпы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам. «Байқоңыр» кешені туризм, оның ішінде халықаралық туризмді дамыту тұрғысынан да ерекше тартымдылыққа ие. Осы орайда, Аэроғарыш комитеті туризмді дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізгенін ерекше атап өткім келеді.
Кешеннің туристік әлеуеті жоғары нысандарына баруды ресімдеуге арналған онлайн-платформа әзірленуде, туристік мақсатта пайдалануға болатын бірнеше ірі нысандар – «Гагарин старты» алаңы, «Гагарин беседкасы», «Энергия-Буран» монтаждау-жанармай құю кешені, динамикалық сынақтар стенді жалдан шығарылып, жаңа туристік маршруттар әзірленді. Бұл бастамалар өңіріміздің туристік әлеуетін арттыруға қосылған елеулі үлес деп есептейміз»,- деді Нұрлыбек Машбекұлы.
PS. Кездесуде Баубек Оралмағамбетов екіжақты әріптестіктің алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдіріп, жоспарларды бөлісті.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Қызылордада ұйықтап жатқан әйелін балталап тастаған мұғалімге үкім шықты

Келесі мақала

Облыс әкімі қала аумағындағы құрылыс нысандарын аралады

Оқи отырыңыз

“Рәміздер рухы — Конституция күші” атты жалпыұлттық патриоттық акция өтті
Қоғам

“Рәміздер рухы — Конституция күші” атты жалпыұлттық патриоттық акция өтті

Премьер-министр Олжас Бектенов  Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімі Мұрат Ергешбаевты таныстырды
Қоғам

Премьер-министр Олжас Бектенов Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімі Мұрат Ергешбаевты таныстырды

“Қазақстан-достықтың мекені” атты салтанатты шара өтті
Мәдениет

“Қазақстан-достықтың мекені” атты салтанатты шара өтті

Инклюзивті саясатты іске асыру мәселесі қаралды
Қоғам

Инклюзивті саясатты іске асыру мәселесі қаралды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада QYZYLORDA STREET SPORT FEST аясында стритбол турнирі өтті

Қызылорда облысында «Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Заманауи техника өндіріс тиімділігін арттыруда

Теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды

Шиеліде аудан әкімінің кубогына арналған шағын футбол турнирі басталды

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нормалары

Өзекті жаңалықтар

Ақсу ауылының көшелеріне асфальт төселуде
Әлеумет және экономика

Ақсу ауылының көшелеріне асфальт төселуде

0

Бұған дейін аудан әкімінің ауыл тұрғындарымен кездесуінде жол жөндеу мәселесі көтерілген болатын. Тұрғындардың ұсынысына сәйкес облыс әкімінің...

Мемлекеттік қызметтегі шектеулер түсіндірілді

Мемлекеттік қызметтегі шектеулер түсіндірілді

Жаңақорғанда медицина қызметкерлерінің мерекесі аталып өтті

Жаңақорғанда медицина қызметкерлерінің мерекесі аталып өтті

Қызылордада QYZYLORDA STREET SPORT FEST аясында стритбол турнирі өтті

Қызылордада QYZYLORDA STREET SPORT FEST аясында стритбол турнирі өтті

Қызылорда облысында «Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Қызылорда облысында «Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Ақсу ауылының көшелеріне асфальт төселуде
  • Мемлекеттік қызметтегі шектеулер түсіндірілді
  • Жаңақорғанда медицина қызметкерлерінің мерекесі аталып өтті
  • Қызылордада QYZYLORDA STREET SPORT FEST аясында стритбол турнирі өтті
  • Қызылорда облысында «Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі