• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 18 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

URBAN TALKS ASTANA: Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог – Қызылордадағы ұлттық Урбан форумына жол

Елордада 4 шілде күні "Астана Бас жоспары" ҒЖЗИ" ЖШС және ARCHICA халықаралық медиа платформасының қолдауымен URBAN TALKS ASTANA іс-шарасы ұйымдастырылды, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі

06.07.2025
in Қоғам
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Астанада бас қосқан сарапшылар диалогы 8 шілдеде Қызылордада өтетін Ұлттық Урбан форумы – 2025 аясындағы іс-шаралардың алғашқы қадамы болды. «Астана Бас жоспарының» макеттеу залында Қазақстандағы қалаларды дамытудың тәсілін қайта форматтау идеялары сараланды.
Кездесу хедлайнерлері:
• Гарри Доббс – халықаралық деңгейдегі сәулетші, Harry Dobbs Design-нің негізін қалаушы (Ұлыбритания), оның дизайны Лондоннан Эр-Риядқа дейінгі мегаполистерді қамтиды. Мақсаты – стратегиялық жоспарлау мен креативті индустрияларды қала құрылысына тартуға бағдарланған.

• Юрий Милевский – Novaya Labs аналитикалық компаниясының негізін қалаушы (CEO). Қалалардағы тәуекелдерді бағалау және инновацияларды басқару саласы бойынша сарапшы. Компания құрылғанға дейін ол ЭЖМ ҒЗУ Урбанистика жоғары мектебіндегі жетекші академиялық позицияларда болды.
Спикерлер қазақстандық қалалардың алдында тұрған сын-қатерлер мен перспективаларды саралады, болашақ пікірталастар тақырыптары белгіленіп, нақтыланды. Халықаралық тәжірибе мен жергілікті контексті интеграциялау мәселелеріне баса мән берілді.
URBAN TALKS ел Астанасы мен өңірлері арасындағы өтпелі кәсіби диалогтың маңызды бөлігіне айналмақ. URBAN TALKS ASTANA мен алда өтетін Қызылорда форумы – урбанистік сын-қатерлерді түсіну мен оларды шешудің нақты тетіктерінің логикалық байланысын қамтамасыз етпек.
8 шілдеде Гарри Доббс пен Юрий Милевский Ұлттық Урбан – 2025 форумының бейінді сессияларында сөз сөйлейді, сондай-ақ «Қазақстанның қалалық күн тәртібін өңірлер деңгейінде іске асыру» тақырыптық сессиясына «Астана Бас жоспары» ҒЗИ» АҚ жанындағы урбанистика орталығының басшысы Данияр Чиндалиев қатысады.
Ұлттық Урбан форумы – 2025 БҰҰ-ның елдімекендер бойынша бағдарламасының (ЮН-Хабитат) аясында Қызылордада өтеді. Ол үш деңгейлі іс-шаралар жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Атап айтқанда:
• Ұлттық урбан-форумдар жергілікті диалог пен шешімдерді әзірлеуге арналған өңірлік платформа;
• Елдерді географиялық орналасуы бойынша біріктіретін өңірлік кеңестер;
• Дүниежүзілік қалалар форумы (World Urban Forum) — тәжірибе алмасуға және қалаларды тұрақты дамыту саласында халықаралық күн тәртібін қалыптастыруға арналған жаһандық алаң.

Алдыңғы мақала

Жантүршігерлік жол апаты: 7 адам тірідей өртеніп кеткен

Келесі мақала

Төреғали Төреәлі — «Қателестім. Өнер – менің өмірім»

Оқи отырыңыз

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
Қоғам

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
Құқық

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
Құқық

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Өзекті жаңалықтар

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
Қоғам

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

0

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының дәстүрлі киім үлгілерін кеңінен насихаттау және жас...

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі