• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 5 мамыр, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қызылордалық су саласы қызметкерлеріне мемлекеттік марапаттар табыс етілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су шаруашылығы саласы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, су – бүкіл тіршіліктің көзі, әлемдегі барлық ел үшін аса маңызды стратегиялық ресурс екенін айтты. Бұл сала әрдайым мемлекеттің айрықша назарында, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі

10.07.2025
in Қоғам
0
500
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Президент 2023 жылы халыққа Жолдауында суды тиімді пайдалану жайына ерекше тоқталып, елімізде Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды. Нақты міндеттер айқындалып, ауқымды реформалар қолға алынды. Жаңа Су кодексі қабылданды.
Мемлекет басшысы ірі инфрақұрылымдық жобалардың, су нысандарын салуға және қалпына келтіруге бөлінген қаражат пен шетелдік инвестицияның, маман тапшылығын жоюдың маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету, су үнемдеу технологиясын қолдану, су дипломатиясын күшейту шараларын атап өтті. Су ресурстарын дамытуға үлес қосқан сала қызметкерлеріне алғыс айтты.
– Су экономикаға, экологияға, халықтың денсаулығына, жалпы, барлық салаға ерекше ықпал етеді. Сондықтан судың таза әрі қолжетімді болуы өте маңызды. Елімізде Кіші Аралды құтқару үшін жылдар бойы ауқымды жұмыс атқарылып келеді. Соның арқасында қашқан теңіз қайта оралып, айдыны суға толып жатыр. Каспий теңізін, Балқаш көлін, басқа да су көздерін сақтап қалу үшін нақты шаралар қабылдау қажет. Су, дұрыс пайдалана білсең – құт, ысырап етсең – жұт. Былтыр Қазақстанның бірнеше аймағы қарғын судан қатты зардап шекті. Мұндай жойқын табиғи апат елімізде бұрын-соңды болмаған. Күрделі кезеңде сіздер қайсарлық пен кәсібиліктің озық үлгісін көрсеттіңіздер. Әр қызметкер күні-түні еңбек етіп, апат салдарын жоюға белсене атсалысты. Мен баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.
Салтанатты іс-шарада Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның су шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады. Былтыр «Қазақстанның су шаруашылығы саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы бекітілді. Бүгін осы атақ бірқатар ардагерге берілді.
Марапатталғандар қатарында Қызылорда облысының су шаруашылығы мамандары да бар. Сала ардагері Сұлтанбек Тәуіпбаев «Парасат» орденіне ие болды. Ал су нысандарын басқаруда біліктілігімен көзге түскен «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы «Шиелісушар» өндірістік учаскесінің басшысы Дихан Әубәкіров пен «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы «Қызылорда су торабы» өндірістік учаскесінің аға инженер-гидротехнигі Мақсұт Өтеулиев «Құрмет» орденімен марапатталды. Аймақтың су қауіпсіздігін қамтамасыз ету, нысандарды тиімді пайдалану және суармалы егіншілікті дамытуға еңбек сіңірген марапат иелерін құттықтаймыз.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

ҚР экология және табиғи ресурстар министрі орман тұқымбақтарының жұмысымен танысты

Келесі мақала

Қызылордада жазасын өтеуші азаматтар медициналық тексерістен өтті

Оқи отырыңыз

Қазалы: Жасөспірімдер қауіпсіздігі басты назарда
Құқық

Қазалы: Жасөспірімдер қауіпсіздігі басты назарда

Арал: Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру жобасы жүзеге асуда
Әлеумет және экономика

Арал: Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру жобасы жүзеге асуда

Қазалы: Бірлік ауылдық округінің әкімі сайланды
Қоғам

Қазалы: Бірлік ауылдық округінің әкімі сайланды

Қазалы: Қожабақы ауылындағы құрылыс жұмыстарының сапасы басты назарда
Қоғам

Қазалы: Қожабақы ауылындағы құрылыс жұмыстарының сапасы басты назарда

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалы: Қожабақы ауылындағы құрылыс жұмыстарының сапасы басты назарда

Қазалы: Абыройлы еңбек иесіне құрмет көрсетілді

Қоғамға жарқын үндеу: «Есірткіге – жоқ деп айт»

Жаңақорғандықтар Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті

Жалағаш ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтті

Достық үйінде дәріптелген бірлік идеясы

Өзекті жаңалықтар

Қазалы: Жасөспірімдер қауіпсіздігі басты назарда
Құқық

Қазалы: Жасөспірімдер қауіпсіздігі басты назарда

0

Рейдтік топ мүшелері күнделікті 22:00-ден бастап Әйтеке би кентіндегі ойын алаңдарын, саябақ, ойын-сауық орталықтары мен компьютер клубтарын,...

Арал: Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру жобасы жүзеге асуда

Арал: Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру жобасы жүзеге асуда

Қазалы: Бірлік ауылдық округінің әкімі сайланды

Қазалы: Бірлік ауылдық округінің әкімі сайланды

Қазалы: Қожабақы ауылындағы құрылыс жұмыстарының сапасы басты назарда

Қазалы: Қожабақы ауылындағы құрылыс жұмыстарының сапасы басты назарда

Қазалы: Абыройлы еңбек иесіне құрмет көрсетілді

Қазалы: Абыройлы еңбек иесіне құрмет көрсетілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалы: Жасөспірімдер қауіпсіздігі басты назарда
  • Арал: Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру жобасы жүзеге асуда
  • Қазалы: Бірлік ауылдық округінің әкімі сайланды
  • Қазалы: Қожабақы ауылындағы құрылыс жұмыстарының сапасы басты назарда
  • Қазалы: Абыройлы еңбек иесіне құрмет көрсетілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі