• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жұма, 6 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Саясат

Бүлдіршіндер қайда барады?

Қызылорда қаласында ата-аналар шу шығарды. Шаһарда ендігі айдан бастап балабақшалардың төлемақысы екі есеге қымбаттамақ. Мұнымен келіспейміз деген қызылордалықтар қалалық білім бөлімінің алдына жиналды, деп хабарлайды «PostScript.kz» Ақпараттық агенттігі.

15.07.2025
in Саясат
0
511
SHARES
1.5k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Қызылорда қалалық білім бөлімінің ауласында кішкентай бүлдіршіндерімен жүздеген қызылордалықтар жиналды. Ата-аналар бұрын бір бүлдіршінге жеке балабақшаға 15-20 мың теңге аралағында төлемақы төлесе, ендігі айдан бастап баға екі есе өседі деп ашынады. Бұл қаражатқа көңілі толмағандарға жеке кәсіпкерлер балаларыңды алып кетіңдер деп дөп басыпты.

— Біреуіне 40 мың, біреуіне 50 мың төле деп отыр. Менің ондайға шамам жетпейді, өзім көпбалалы анамын, үш балам мектепке барады.Оларды да уже киіндіруім керек. Мектеп те басталды ғой. Өзім 120 мың айлық аламын, бұл кісілер сияқты мен кондердың астында отырып 300-500 мыңдап ақша тауып отырған жоқпын. – дейді ӘМИНА ТӘТТІБАЙҚЫЗЫ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ.

Төлемақы мәселесін шешуді талап еткен қызылордалықтар алғашқыда қалалық білім бөліміне барды. Онда тұрғындардың сұрағына жауап беретін басшы не болмаса бір жауапты маман табылмады. Ашынған жұртшылық бүлдіршіндерін жетектеп облыстық білім басқармасына барды. Ондағылар жеке балабақшалардың төлемақыны көтеруі заңсыз деп  жиналғандарға түсіндірме жасады.

– Ертең бағаны асырған жағдайда заң алдында жауап береді. Жауапкершілікке тартылады, басқа ешнарсе жоқ ол жерде. Арыз түсірсе тұрғындар тарапынан ол кезде біз құзырлы органдармен бірлесіп жұмыс жасаймыз ғой. – дейді АСХАТ ҚАНАТОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ.

«Жеке балабақша иелерінің баға көтеруі заңсыз» деген білім басқармасындағылар жаңа қаулы дайындап жатқан көрінеді. Бала тәрбиесін кәсіп қылған кәсіпкерлердің бағаны өсіруі де осыған тікелей байланысты екен. Мемлекет тарапынан бір балаға берілетін дотация көлемі азайған соң құрылтайшылар қалтасын ата-аналар арқылы толтырмақшы болған секілді.

P.S. Осылайша бюджет қаржысын шенеуніктер үнемдейміз деп тартса,  жеке кәсіпкерлер бағаны өсіріп әлек. Текетірестен екі ортада қарапайым қызылордалықтар зардап шегіп, балаларын алдағы уақытта қайда берерін білмей отыр.

Алдыңғы мақала

Жантүршігерлік жол апатынан 23 адам зардап шеккен

Келесі мақала

Журналист Дана Нұржігіт — «Шаш та ағарды, жүйке де жұқарды, денсаулық бұрынғыдай емес»

Оқи отырыңыз

Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты
Оқиғалар

Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты

Учаскелік полицей тұрғын үйдің ауласынан өлі табылды
Құқық

Учаскелік полицей тұрғын үйдің ауласынан өлі табылды

Полиция әзілдерге жол бермейді! Қызылордада пранк жасаймын деп шектен шыққан ер жігітке шара көрілді
Құқық

Полиция әзілдерге жол бермейді! Қызылордада пранк жасаймын деп шектен шыққан ер жігітке шара көрілді

Омбудсмен: Адам құқықтарының басымдығы бүкіл Конституцияның арқауы болып табылады
Құқық

Омбудсмен: Адам құқықтарының басымдығы бүкіл Конституцияның арқауы болып табылады

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі