• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Сыр өңірінің өнімдері 19 елге экспортталуда

Сыр өңірінде ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау көлемі жыл сайын артып келеді. Қазіргі таңда күріш, балық өнімдері, қамыс сынды тауарлар әлемнің бірнеше мемлекетіне жөнелтіледі. Сонымен бірге, ауыл халқының әл-ауқатын арттыруды көздейтін «Ауыл аманаты» жобасы аймақта қарқынды жүзеге асуда, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

17.07.2025
in Қоғам
0
500
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жоба арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, ауыл кәсіпкерлігі мен кооперативтер саны артып келеді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.

— Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдері бүгінде әлемнің 19 мемлекетіне экспортталып жатыр. Жыл басынан бері жалпы көлемі 37 мың тоннадай өнім шетелге жөнелтілді. Экспорттың негізгі бөлігін күріш құрайды. Бұл өнім Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Грузия, Ирак сияқты елдерге шығарылады. Сонымен қатар, балық өнімдері мен қамысқа да сұраныс жоғары. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарына үлкен мүмкіндік берді. Соңғы екі жылда өңірде жүздеген жоба қаржыландырылып, мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Шағын кәсіпкерлік дамып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бағытында да кәсіпорындар көбейді. Асыл тұқымды мал басы көбейіп, жылыжайлар ашылды. Біз әр жобаны жүзеге асыруда кәсіпкерлерге бағыт-бағдар беріп, оларды сүйемелдеу жұмыстарын жүргізудеміз. Ауылдағы ірі шаруашылықтар да бұл бастаманы қолдап, елді мекендердің әлеуметтік дамуына үлес қосуда. Соның бір айғағы — Сырдария ауданы Бесарық ауылындағы «Абай Дәулет» серіктестігінің қолдауымен ашылған өндірістік орталық. Мұнда бірнеше жоба іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұл — ауылдағы кәсіпкерліктің жандануының нақты көрінісі, — деді басқарма басшысы.

Алдыңғы мақала

Мектепке дейінгі білім саласына қатаң бақылау күшейді

Келесі мақала

Суды тиімді пайдалану шаралары басты назарда

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі