• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 16 желтоқсан, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Жамбыл облысының делегациясы Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты

Сыр еліне Жамбыл облысының ресми делегациясы іссапармен келді. Сапардың мақсаты – өңіраралық әріптестікті нығайту, тәжірибе алмасу және өзара тиімді байланыстар орнату, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

19.07.2025
in Әлеумет және экономика, Қоғам
0
497
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Қонақтарды облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов қабылдады. Кездесуде тараптар әлеуметтік және экономикалық бағыттар бойынша пікір алмасып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Сапар аясында делегация өңірдегі ірі инфрақұрылымдық жобалармен танысты. Ең алдымен жаңғыртудан өткен қаланың орталық алаңын аралап көрді. Тұрғындар көп жиналатын бұл орынға заманауи субұрқақтар орнатылып, көпжылдық жасыл желектер мен газондар егілген. Шағын архитектуралық формалар, жаңа үлгідегі орындықтар мен жарықшамдар, сондай-ақ балаларға арналған ойын алаңы қойылған.

Әрі қарай жамбылдықтар қалалық демалыс саябағына барып, «Қызылорда Саз М» ЖШС жаңа кірпіш зауытының жұмысымен танысты. Жақында ашылған өндіріс орнына мемлекеттік қолдау ретінде 7 гектар жер телімі берілген. Зауыттың басты ерекшелігі – толық автоматтандырылған өндіріс процесі және экологиялық тиімділігі. Мұнда көмір қолданылмайды, яғни ауаны ластамайды. Жылына 90 миллион дана кірпішөндіруге қауқарлы кәсіпорын толық қуатымен жұмыс істеген кезде 70 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.

Делегация мүшелері жаңа жылу-электр орталығының құрылысын, қайта жаңғыртудан өткен Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылы мен Сырдария өзенінің жағалауын аралап көрді. Бейбарыс сұлтан көшесінен Әбілқайыр хан көшесіне дейінгі аралықтағы 6,7 шақырым жол толық жаңартылып, бұрынғы екі жолақты жол төрт жолаққа кеңейтілген. Ені 14 метрге жеткен жаңа жол бойында балалар ойын алаңдары мен спорттық құрал-жабдықтар орнатылып, тұрғындарға жайлы орта қалыптастырылған.

Жамбылдық делегация Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 11 мың орындық стадионды, физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернатын да көрді. Білім ордасы 400 оқушыға арналған, заманауи жаңа технологиялармен жабдықталған. Мұнда зертханалар, робототехника және STEAM кабинеттері бар, олар оқушыларға ғылыми және техникалық дағдыларды терең меңгеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, физика, математика және информатика пәндері ағылшын тілінде оқытылады.
Қонақтарға жаңа автовокзал, тарихи-өлкетану музейі, «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы, «Анаға тағзым», “Қорқыт ата” әуежайы, Президент саябағы,арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, онкология,еңбек мобильділігі орталықтары, бірқатар емдеу мекемесінің жұмыс барысы да таныстырылды.
Сапар аясында екі өңірдің сала мамандары арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, отбасы институтын нығайту және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеңейтілген мәжіліс өткізді. Жиында әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру, осал топтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және еңбек нарығындағы тиімді тәжірибелерді бөлісу мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысымен екі тарап алдағы уақытта да өзара тығыз байланыс орнатып, нәтижелі жұмыстар жүргізуге ниетті екенін білдірді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Перизат Қайрат сотында Димаш Құдайбергеннің есімі аталды

Келесі мақала

Кәсіпкерлік көкжиегі кеңейген Жалағаш

Оқи отырыңыз

Шымкенттік ару “Miss Qazaqstan 2025″ байқауында жеңімпаз атанды
Қоғам

Шымкенттік ару “Miss Qazaqstan 2025″ байқауында жеңімпаз атанды

“Келешек мектебі” заманауи талаптарға сай
Білім

“Келешек мектебі” заманауи талаптарға сай

Енді мектептерде жүзу сабағы міндетті пән ретінде енгізілмек
Білім

Енді мектептерде жүзу сабағы міндетті пән ретінде енгізілмек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына сапары «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалымен танысудан басталды
Қоғам

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына сапары «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалымен танысудан басталды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

Сырдария — татулық пен достықтың мекені

Сырдарияда рейд жұмыстары жүргізілді

Сайлауалды бағдарламаның орындалуы партиялық бақылау комиссиясында талқыланды

Теміржол вокзалындағы құрылыс жұмыстары қарқынды

Өзекті жаңалықтар

Тоғыз жылдағы табанды із
Құқық

Тоғыз жылдағы табанды із

0

Оның мансаптық жолының әр бұралаңында үздіксіз ізденісі мен маңдай тері жатыр. 2016 жылы бақылаушы болып қызметке кіріп,...

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Тоғыз жылдағы табанды із
  • Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді
  • Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды
  • Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті
  • Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі