• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 17 желтоқсан, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалы теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтуде

Биыл сәуір айында аудан орталығындағы 120 жылдық тарихы бар Қазалы теміржол вокзалына күрделі жөндеу жұмыстары басталған болатын. Сондай-ақ вокзал маңындағы теміржол үстінен өтетін жаяу жүргіншілер көпіріде қайта салынып, құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

20.07.2025
in Қоғам
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет Әйтеке би кентін аралау барысында вокзал ғимаратына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары мен теміржол үстінен өтетін көпір құрылысын көрді.

Теміржол вокзалындағы күрделі жөндеу жұмыстарын «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қаржыландыруымен мердігер мекеме «Бақ Береке» ЖШС жүргізуде. Вокзал ғимаратына соңғы рет 2013 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ендігі кезекте эскиздік жобаға сәйкес, ғимараттың іргетасы мен қабырғаларын нығайту, шатырын ауыстыру, есік-терезелерді жаңарту, жолаушыларға арналған күту залдарын заманауи талаптарға сай жабдықтау, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасау, қауіпсіздік жүйелерін орнату, сондай-ақ вокзал аумағын көгалдандыру және брусчатка төсеу секілді ауқымды жұмыстар атқарылатын болады. Бүгінде бұл жұмыстардың бірқатары басталып аяқталуға жақын.

Ал, вокзал маңындағы теміржол үстінен өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысына «Қазақстан Темір жолы» компаниясы тарапынан қаржы бөлініп, бүгінгі таңда көпірдің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мердігер мекеме — «ҚазТеміржол Engineering» ЖШС.

Аудан басшысы вокзал ғимаратын аралау барысында теміржол вокзалының сырт келбетіне, ондағы жолаушылар мен тұрғындарға жасалған жағдайға қарап өңір имиджі қалыптасатынын айтып, ғимараттың аумағындағы санитарлық тазалық мәселесінде басты назарда ұстауды тапсырды.

Сонымен қатар мердігерлерге вокзал ғимаратына жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары мен көпір құрылысын жыл соңына дейін тезірек әрі сапалы аяқтау керектігін айтып, жұмыстар ұдайы бақылауда болатынын ескертті.

Айта кетейік, теміржол вокзалын күрделі жөндеуден өткізу – бұл уақыт талабы және стратегиялық маңызды қадам. Бұл жоба көлік қатынасының тиімділігін арттырып қана қоймай, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына да оң әсерін тигізетін болады.

Алдыңғы мақала

Өңірде әділ бәсекелестікті қалыптастыру жұмыстары күшейді

Келесі мақала

Басқарма басшысының орынбасары жеке қабылдау өткізді

Оқи отырыңыз

Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы тұрақты бақылауда
Әлеумет және экономика

Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы тұрақты бақылауда

Әлемдік рекорд орнатқан Вера әже
Мәдениет

Әлемдік рекорд орнатқан Вера әже

Сырдария ауданында Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті
Қоғам

Сырдария ауданында Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — басты міндет
Қоғам

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — басты міндет

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — басты міндет

Тоғыз жылдағы табанды із

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

Өзекті жаңалықтар

Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы тұрақты бақылауда
Әлеумет және экономика

Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы тұрақты бақылауда

0

– 2025 жылдың қаңтар–қараша айларында ауданның өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен 93,3 млрд теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың...

Әлемдік рекорд орнатқан Вера әже

Әлемдік рекорд орнатқан Вера әже

Сырдария ауданында Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Сырдария ауданында Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — басты міндет

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — басты міндет

Тоғыз жылдағы табанды із

Тоғыз жылдағы табанды із

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы тұрақты бақылауда
  • Әлемдік рекорд орнатқан Вера әже
  • Сырдария ауданында Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті
  • Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — басты міндет
  • Тоғыз жылдағы табанды із
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі