• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 13 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Өңірде әділ бәсекелестікті қалыптастыру жұмыстары күшейді

Қызылорда облысында кәсіпкерлік саласының өркендеуіне жол ашу, нарықтағы әділ бәсекелестік пен ашықтықты қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде, - деп хабарлайды "Postscript.kz" ақпараттық агенттігі.

19.07.2025
in Құқық
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, құрылыс, отын-энергетика секілді негізгі салалар тұрақты бақылауда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Еркін Қазығұлов мәлімдеді.

— Өңірде бәсекелестікті қорғау және дамыту бойынша нақты жұмыстар атқарылуда. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында нарық субъектілерінің заңнама талаптарын сақтауына қатысты бірқатар хабарламалар мен нұсқамалар берілді. Сондай-ақ, 3 тергеп-тексеру жұмысы жүргізілуде. Оның ішінде иодталған тұз өндіру, авиакеросинді бөлшек саудада өткізу, мемлекеттік кәсіпорындардың қызмет аясын кеңейту секілді бағыттар қамтылған. Бұдан бөлек, жыл басынан бері 20 мемлекеттік кәсіпорын мен заңды тұлғаның қызметіне мониторинг жасалып, олардың кейбір қызмет түрлерін монополияға қарсы органның келісімінсіз жүзеге асыру фактілері анықталды. Әкімшілік кедергілерді азайту бойынша арнайы Кеңесте 7 мәселе қаралып, орталық агенттікке ұсыныстар жолданды. Біздің мақсат — өңірде әділ әрі ашық нарықтық қатынасты қалыптастырып, кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасау, — деді Еркін Қожахметұлы.

Кедергілер жөніндегі кеңес төрағасы Тілеулиев Бейбітәлі әділ нарық қалыптастыру — тұтынушы мен кәсіпкер құқығын қорғаудың кепілі екенін атап өтті.

— Қазіргі уақытта кәсіпкерлерге ең керегі — ашық әрі әділ бәсекелестік орта. Бизнестің дамуына жол ашу үшін алдымен олардың алдынан шығатын тосқауылдарды жоюымыз керек. Біз кедергілер жөніндегі кеңесте осы бағытта жұмыс істеп, кәсіпкерлерден келіп түскен ұсыныстар мен өтініштерді жинақтаймыз. Әр мәселені талдап, оның шешу жолдарын ұсынып, орталық агенттікке жолдап отырамыз. Өңірімізде бәсекелестікті дамыту үшін ең алдымен бизнесті шектейтін әкімшілік кедергілерді азайту маңызды. Кәсіпкерлер неғұрлым еркін жұмыс істесе, экономика да соғұрлым қарқынды дамиды. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады, — деді Бейбітәлі Дербісәліұлы.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

Алдыңғы мақала

Арал ауданында құрылыс пен ауыз су жүйесі жаңғыруда

Келесі мақала

Қазалы теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтуде

Оқи отырыңыз

«Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды
Мәдениет

«Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді
Әлеумет және экономика

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді

Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды
Әлеумет және экономика

Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды

Ұн өнімдеріне мониторинг жүргізілді
Қоғам

Ұн өнімдеріне мониторинг жүргізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Ұн өнімдеріне мониторинг жүргізілді

Құрылтай сайлауында белсенділік танытқан азаматтар марапатталды

Аудан әкімі су ұңғымаларының жұмысымен танысты

Маман даярлау – еңбек нарығының жаңа талабына сай жетілдірілді

Қазалыда Қазақстан халқы тілдер күні аталып өтті

Қазалы ауданында дін саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Өзекті жаңалықтар

«Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды
Мәдениет

«Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды

0

Қыркүйек айының екінші жексенбісі – Отбасы күні қарсаңында өтіп жатқан шарада аудан әкімі Алмасбек Есмаханов мерейлі отбасыларды...

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді

Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды

Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды

Ұн өнімдеріне мониторинг жүргізілді

Ұн өнімдеріне мониторинг жүргізілді

Құрылтай сайлауында белсенділік танытқан азаматтар марапатталды

Құрылтай сайлауында белсенділік танытқан азаматтар марапатталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды
  • Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді
  • Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды
  • Ұн өнімдеріне мониторинг жүргізілді
  • Құрылтай сайлауында белсенділік танытқан азаматтар марапатталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі