• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 29 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Жолдағы тәртіп — ортақ жауапкершілік

Қызылорда облысында өткен «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жол ережесін жиі бұзатын азаматтар анықталып, айыппұлдарды өндіру жұмыстары күшейтілді, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі

22.07.2025
in Құқық
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Төлемнен жалтарып жүрген көлік иелеріне шара көріліп, жол қозғалысындағы тәртіпті сақтау маңызы кеңінен түсіндірілді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұркен Бақтияров мәлімдеді.

— Бүгінде Қызылорда облысында құқық бұзушыларға салынған айыппұл көлемі 2 млрд 456 млн теңгеден асты. Оның 2 млрд 12 млн теңгесі мемлекет пайдасына өндірілді. Бұл — облыстың айыппұл өндіру көрсеткіші бойынша республикада алғашқы үштікке енуіне мүмкіндік берді. Әрине, біздің басты мақсатымыз — айыппұл салып, жазалау емес. Біз ең алдымен жол қозғалысы ережесінің сақталуын қамтамасыз етуді, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуды көздейміз. Әрбір азамат заң алдындағы жауапкершілігін түсінуі керек. Тәртіп сақтамай, айыппұл төлеуден жалтарған жүргізушілерге заң аясында қатаң шаралар қолданылатынын ескертеміз. Сондықтан әкімшілік айыппұлдарды дер кезінде төлеу — азаматтық міндет. Қазір облыс бойынша құқық бұзушылықтарды автоматты түрде анықтайтын «Аркан», «Интегра КДД», «Сергек», «Екин-Патруль» сияқты заманауи жүйелер толық жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, «Мегакам Қорғау» жол қозғалысын бақылау жүйесі арқылы жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген, міндетті сақтандыруы жоқ көліктер анықталып жатыр. Бұл — жолдағы қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіретіндер. Құқық бұзушыларға қатысты мәжбүрлі өндірту, көлікті айыптұраққа қою сынды шаралар заң аясында жалғасады. Әр жүргізуші тек өз қауіпсіздігі үшін ғана емес, айналасындағы адамдардың амандығы үшін де жауапты екенін ұмытпауы керек, — деді Нұркен Пралиұлы.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

Алдыңғы мақала

Халықаралық «Нельсон Мандела» күнін атап өтті

Келесі мақала

Қармақшы ауданында елді мекендерді газдандыру жұмыстары жүргізілуде

Оқи отырыңыз

Аймақта жасанды интеллект негізіндегі жобалар кезең-кезеңімен іске асырылуда
Қоғам

Аймақта жасанды интеллект негізіндегі жобалар кезең-кезеңімен іске асырылуда

Сот жүйесі қызметкерлерінің еңбегі бағаланды
Құқық

Сот жүйесі қызметкерлерінің еңбегі бағаланды

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті
Қоғам

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті

Сыр елінде даңқты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өтті
Мәдениет

Сыр елінде даңқты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Тәртіп – қызметтің тірегі

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыда 6 мектепке жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Қоғам

Қазалыда 6 мектепке жөндеу жұмыстары жүргізілуде

0

Білім ошақтарына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары оқу процесінің қауіпсіз және тиімді өтуін қамтамасыз ету мақсатында жазғы демалыс...

Жалағаш ауданында электр желілерін жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады

Жалағаш ауданында электр желілерін жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы талқыланды

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы талқыланды

Тәртіп – қызметтің тірегі

Тәртіп – қызметтің тірегі

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыда 6 мектепке жөндеу жұмыстары жүргізілуде
  • Жалағаш ауданында электр желілерін жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады
  • Мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы талқыланды
  • Тәртіп – қызметтің тірегі
  • Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі