• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 16 маусым, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Тау-кен өндірісін дамыту мәселелері талқыланды

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде тау-кен өнеркәсібін дамыту және цифрландыру, көші-қон саясатын жетілдіру мәселелері қаралды, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

22.07.2025
in Қоғам
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Үкімет отырысынан соң облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналиновтың төрағалығымен өткен мәжілісте тау-кен өндірісіне, көші-қон саясатына, балалардың жазғы тынығу лагерлерінің жұмысына қатысты жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.

«Тау-кен өндірісінің көрсеткіштерін көтерудегі тиісті жұмыстарды күшейту керек. «Шалқия» және «Баласауысқандық» тау-кен байыту комбинаты құрылысын бақылауға алып, жоспарға сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етіңіздер. Осы саладағы мекемелерді цифрландыруға баса мән беру қажет.
Демалыс орындары мен қызмет көрсету кешендерінің, кафелер, қоғамдық тамақтану орындарының, балалардың жазғы тынығу лагерьлерінің санитарлық талаптарға сәйкестігін тұрақты бақылауды тапсырамын.
Өңірдегі спорт нысандарының, «Мұз айдыны», «Еуразия», «Нұрсәт» кешендерінің, «Теннис орталығының», ойын алаңдарының, мәдениет ұйымдарының, театрлар мен музейлердің балаларға ақысыз негізде қызмет көрсетуін ұйымдастыру қажет. Барлық лагерьдің қауіпсіздігін тексеріп, бақылауда ұстаңыздар. Санитарлық талаптарға сәйкестігін, балалар тағамдарының сапасын қадағалаңыздар», – деді Данияр Еренғалиұлы.

Айта кету керек, облыс аумағында 28 тау-кен компаниясы жұмыс істейді. Оның 11-і мұнай, 4-еуі уран, ал 13-і қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды өндірумен айналысады. Бұл салада шамамен 8 500 адам еңбек етеді.
Биыл алғашқы жартыжылдықта тау-кен өнеркәсібінде 286,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға төмен. Дегенмен, өңірдің жалпы өнеркәсіп өнімінің көлемі 512,2 млрд теңге болып, жоспар 100%-ға орындалды. Қазір жаңа кен орындарын анықтау бағытында геологиялық зерттеулер жүргізіліп, мұнайдың терең қабаттары игерілуде. Сырдария бассейнін зерттеу мақсатында бұрғылау жабдықтары жеткізіліп, дала жұмыстары басталды. «Баласауысқандық» жобасы 2016 жылдан бері шетелдік инвестор қатысуымен іске асуда.
«Шалқия» кенішінің жерасты шахтасын салу 2022 жылдан бері қолға алынған. Бұл жоба жүзеге асқанда аймаққа 300 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылмақ.
Цифрландыру бағытында да ілгерілеу бар. 2018 жылдан бері «Қазгермұнай» компаниясы «Интеллектуалды кен орны» технологиясын енгізіп, мұнай өндіруді 1-2% арттыруға және шығындарды 10% азайтуға қол жеткізді.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Бағанашыл» балалар үйі Қонаевқа көшірілмейді

Келесі мақала

Басты талап – балалардың қауіпсіздігі

Оқи отырыңыз

Аймақтың көлік инфрақұрылымындағы маңызды нысан
Қоғам

Аймақтың көлік инфрақұрылымындағы маңызды нысан

Жаңақорғанда жаңа құс фабрикасы ашылмақ
Әлеумет және экономика

Жаңақорғанда жаңа құс фабрикасы ашылмақ

Ұрпаққа ұран болған ұлы жеңіс
Қоғам

Ұрпаққа ұран болған ұлы жеңіс

Қызылордада полиция қызметкерлері журналистермен бірлесіп ауқымды рейд жүргізуде
Құқық

Қызылордада полиция қызметкерлері журналистермен бірлесіп ауқымды рейд жүргізуде

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр

«РЭП – есірткіге қарсы!» атты облыстық рэп орындаушылар байқауының қорытындысы шығарылды

Жергілікті команда жеңіске жетті

Облыс әкімі Қарауылтөбедегі өрт сөндіру бекетінің ашылуына барды

Маңызды жобалар мен құрылыс нысандары бақылауда

Шиелі аудан әкімі Айтбай Жандарбеков «Шолпан Ана» егіс алқабындағы жұмыстармен танысты

Өзекті жаңалықтар

Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды
Саясат

Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды

0

Кейінгі жылдары «BI Group» компаниясының ауқымды инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалары өңір келбетін жаңғыртқаны белгілі. Атап айтқанда, «Сыр...

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды

Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр

Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр

«РЭП – есірткіге қарсы!» атты облыстық рэп орындаушылар байқауының қорытындысы шығарылды

«РЭП – есірткіге қарсы!» атты облыстық рэп орындаушылар байқауының қорытындысы шығарылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды
  • Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды
  • Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды
  • Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр
  • «РЭП – есірткіге қарсы!» атты облыстық рэп орындаушылар байқауының қорытындысы шығарылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі