• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 13 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Білім

Басты талап – балалардың қауіпсіздігі

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналиновтың төрағалығымен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты мәселелер талқыланған мәжіліс өтті, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

22.07.2025
in Білім
0
497
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жиынға тиісті сала басшылары, балабақшалардың құрылтайшылары қатысты.

«Барлық балабақша меңгерушілеріне ата-ана төлемақысының бекітілген сомадан аспауы қажеттігін ескертемін. Тасымал мәселесіне де ерекше назар аудару қажет. Балалардың қауіпсіздігі – басты талап. Автокөлікке қойылатын арнайы талаптар қатаң сақталуы тиіс. Қала, аудан әкімдері, жергілікті полиция басқармаларымен бірлесе отырып, «Балабақшадағы қауіпсіз тасымал» рейдтік шарасын ұйымдастырыңыздар.
Мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі құжаты – балабақша жарғысы. Жарғыда бекітілген жұмыс уақытының дұрыс рәсімделмеуі, бекітілген жұмыс кестесінің сақталмауы барлық балабақшада кездескен. Жарғыны қайта қарап, тиісті заңнама талаптарына сәйкестендіруді және орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырамын»,– Данияр Жаналинов.

Айта кету керек, аймақта 676 мектепке дейінгі ұйымда 50 079 бала тәрбиеленуде. Жалпы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші 100%, ал 2–6 жас аралығындағылардың қамтылуы 92,6%.
Осы жылдың сәуір-маусым айлары аралығында қала және аудандық білім бөлімдері меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарға жоспарлы мониторинг жүргізді. Мониторинг нәтижесінде 91 балабақшада түрлі заңбұзушылықтар анықталып, соның негізінде оларға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тоқтатылды.

 

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Тау-кен өндірісін дамыту мәселелері талқыланды

Келесі мақала

Өңірлердің индустриялық-инновациялық даму индексі жарияланды: Қызылорда үздік үштікте

Оқи отырыңыз

Аймақта жасанды интеллект негізіндегі жобалар кезең-кезеңімен іске асырылуда
Қоғам

Аймақта жасанды интеллект негізіндегі жобалар кезең-кезеңімен іске асырылуда

Сот жүйесі қызметкерлерінің еңбегі бағаланды
Құқық

Сот жүйесі қызметкерлерінің еңбегі бағаланды

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті
Қоғам

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті

Сыр елінде даңқты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өтті
Мәдениет

Сыр елінде даңқты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Ұн өнімдеріне мониторинг жүргізілді

Құрылтай сайлауында белсенділік танытқан азаматтар марапатталды

Аудан әкімі су ұңғымаларының жұмысымен танысты

Маман даярлау – еңбек нарығының жаңа талабына сай жетілдірілді

Қазалыда Қазақстан халқы тілдер күні аталып өтті

Қазалы ауданында дін саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Өзекті жаңалықтар

«Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды
Мәдениет

«Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды

0

Қыркүйек айының екінші жексенбісі – Отбасы күні қарсаңында өтіп жатқан шарада аудан әкімі Алмасбек Есмаханов мерейлі отбасыларды...

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді

Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды

Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды

Ұн өнімдеріне мониторинг жүргізілді

Ұн өнімдеріне мониторинг жүргізілді

Құрылтай сайлауында белсенділік танытқан азаматтар марапатталды

Құрылтай сайлауында белсенділік танытқан азаматтар марапатталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды
  • Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді
  • Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды
  • Ұн өнімдеріне мониторинг жүргізілді
  • Құрылтай сайлауында белсенділік танытқан азаматтар марапатталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі