• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 26 шілде, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет және экономика

Қызылорда қаласының экономикалық дамуы тұрақты бағытта жүзеге асуда

Ағымдағы жылдың алғашқы алты айында Қызылорда қаласында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Қаланың бюджеті екі есеге жуық артып, өз кірістер жоспары артығымен орындалды, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

23.07.2025
in Әлеумет және экономика
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Қызылорда қаласының бюджеті жыл басында 73,1 млрд теңге болып бекітілсе, аймақ басшысының қолдауымен жартыжылдық қорытындысымен 144,7 млрд теңгеге (198%) жетіп, екі есеге артты.
Инвестиция тарту, құрылыс және сауда салаларындағы өсім де ерекше байқалды. Бұл жетістіктер – жүйелі жоспарлау, тұрғындардың белсенділігі және мемлекеттік қолдаудың үйлесімді жемісі ретінде бағаланды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов мәлімдеді.
— Ағымдағы жылдың алғашқы жартысында Қызылорда қаласында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар оң нәтижелерге қол жеткіздік. Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру, Үкімет пен облыс әкімдігінің қолдауы, сондай-ақ қала тұрғындарының белсенділігі мен еңбекқорлығы нәтижесінде қаламызда даму қарқыны сақталуда. Жартыжылдық қорытындысы бойынша Қызылорда қаласының бюджеті 73 миллиард теңгеден 144 миллиард теңгеге дейін өсіп, екі есеге жуық ұлғайды. Бұл — салық түсімдері мен өз кірістердің артуы, мүлік пен кәсіпкерлік нысандарға қайта бағалау жүргізу сияқты нақты жұмыстардың нәтижесі. Қайта бағаланған бірнеше нысан есебінен бюджетке қосымша кірістер тартылып, жыл соңына дейін қосымша түсім көлемі арта түседі деп күтілуде. Бөлінген қаржы негізінен құрылыс, коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік қолдау, мәдениет пен спорт салаларын дамытуға бағытталуда. Соның нәтижесінде жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы қарқын алып, қала инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңартылуда. Сонымен қатар, қаланың инвестициялық тартымдылығы артты. Ірі жобалар мен кәсіпкерлік бастамалар қолдау тауып, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Сауда, өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы салаларында өсім сақталып отыр. Бұл Қызылорданың экономикалық әлеуеті нығайып келе жатқанының айқын көрінісі. Біз үшін сандардың өсуі — тек көрсеткіш қана емес. Бұл — тұрғындардың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін нақты нәтиже. Алдағы уақытта да осы оң қарқынды сақтап, халықтың сұранысына сай жобаларды жүзеге асыруды жалғастырамыз. Қаламыздың дамуы — баршамызға ортақ міндет, – деді қала әкімі Нұржан Сәбитұлы.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

Алдыңғы мақала

Димаш Құдайберген Қырғызстанның халық әртісі атағын алды

Келесі мақала

Маңғыстауда мектептің шатыры опырылып түсті

Оқи отырыңыз

Жылжымалы зертханамен автожолдардың құрылысы тексерілді
Қоғам

Жылжымалы зертханамен автожолдардың құрылысы тексерілді

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында қарқынды жұмыстар жүргізілуде
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында қарқынды жұмыстар жүргізілуде

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Бағанашыл» балалар үйі Қонаевқа көшірілмейді
Жұрт не дейді?

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Бағанашыл» балалар үйі Қонаевқа көшірілмейді

Жамбыл облысының делегациясы Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты
Әлеумет және экономика

Жамбыл облысының делегациясы Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалы ауданында өнеркәсіп пен кәсіпкерлік саласы тұрақты дамуда

Жылжымалы зертханамен автожолдардың құрылысы тексерілді

Сот Перизат Қайратты 10 жылға, анасын 7 жылға бас бостандығынан айырды

Сырдария ауданында кәсіпкерлік саласын дамыту жұмыстары жалғасуда

Жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары қарқынды  

Тұрақты жұмыспен қамту шаралары жүйелі түрде жүзеге асуда

Өзекті жаңалықтар

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Жаңақорған мен Шиелідегі егіс алқаптарын аралады
Қоғам

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Жаңақорған мен Шиелідегі егіс алқаптарын аралады

0

Биыл аймақта 189,6 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның 80,9 мың гектары – күріш, бұл...

Құрылыс қарқыны күшейіп, жаңа нысандар бой көтеруде

Құрылыс қарқыны күшейіп, жаңа нысандар бой көтеруде

Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артты

Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артты

Қазалы ауданында өнеркәсіп пен кәсіпкерлік саласы тұрақты дамуда

Қазалы ауданында өнеркәсіп пен кәсіпкерлік саласы тұрақты дамуда

Жылжымалы зертханамен автожолдардың құрылысы тексерілді

Жылжымалы зертханамен автожолдардың құрылысы тексерілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Жаңақорған мен Шиелідегі егіс алқаптарын аралады
  • Құрылыс қарқыны күшейіп, жаңа нысандар бой көтеруде
  • Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артты
  • Қазалы ауданында өнеркәсіп пен кәсіпкерлік саласы тұрақты дамуда
  • Жылжымалы зертханамен автожолдардың құрылысы тексерілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі