• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 2 тамыз, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет және экономика

Қанат Бозымбаев Қармақшы ауданындағы «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қармақшы ауданындағы «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты., - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

01.08.2025
in Әлеумет және экономика
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

«Жаңажол» – өңірдегі ауыл шаруашылығын дамытып, халықты тұрақты жұмыспен қамтыған жетекші құрылымдардың бірі. Биыл шаруашылық 4547,5 гектар алқапқа егін екті. Оның 3100 гектары күріш, 469 гектары жаңа, 600 гектары ескі жоңышқа, 325 гектары бидай, 39 гектары жүгері. Сонымен қатар 5 гектар картоп, 9,5 гектар алма бағы да бар.
Қазіргі таңда мұнда 360 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Серіктестіктің 159 арнайы техникасы бар. Бұл егін ору, тасымалдау және басқа да жұмыстарды орындауға мүмкіндік береді.
Серіктестік егіншілікпен ғана шектелмей, жем-шөп өндірісі мен бау-бақша шаруашылығын да дамытып келеді. Табиғи ресурстарды ұқыпты пайдаланып, заманауи әдістерді енгізуде.
Ауданның суармалы жер көлемі 41 147 гектар, 25 258 гектарына ауыл шаруашылығы дақылдары, атап айтқанда дәнді дақылдар 14 123 гектарға, майлы дақылдар 1 205 гектарға, мал азықтық дақылдар 8 750 гектарға, картоп, көкөніс және бақша 1 180 гектарға егілген. Күріш көлемі 12 993 гектар. Қармақшы ауданында 32 шаруашылық егін шаруашылығымен, 30-ы күріш егумен айналысады.
Биылға жоспарланған 404,0 млн текше метр судың 296,2 млн текше метрі нақты жеткізілді. Қазіргі уақытта 33 насос 9 шаруашылықтың егіс алқаптарындағы күріш пен ауыл маңындағы картоп, көкөніс, бақшаны суаруға қызмет етеді.

Мұнан бөлек, Қ.Бозымбаев 2004 жылы құрылған «Жаңажол» шаруашылығының алмабағымен танысты. Шаруашылық 4,5 гектар жерге 1521 түп алма, 138 түп алмұрт және 205 түп өрік отырғызып, өнім алуда. 620 түп «Семеренка», 177 түп «Бес жұлдыз», 105 түп «Голдинк», 138 түп «Белиналип» сорттары арық арқылы суарылады. 2023 жылы тағы 5 гектар аумаққа 8 600 түп алма көшеті тамшылатып суару әдісімен егілді. Көшеттер Жамбыл облысы Мерке ауданындағы тұқымбақтан алынған. Жаңа алмабақта «Голден Делишес», «Старкримсон», «Мельба», «Столовка» және «Қызылай» сорттары өсірілуде. Суару жүйесі Израиль технологиясы бойынша жасалған.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Премьер-министрдің орынбасары Қазалы ауданындағы агросектордың жай-күйімен танысты

Келесі мақала

Жазасын өтеушілер бостандыққа шықты

Оқи отырыңыз

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөз жүргізді
Әлемде

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөз жүргізді

Сенаторлар кәсіптік білім базасымен танысты
Білім

Сенаторлар кәсіптік білім базасымен танысты

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Жаңақорған мен Шиелідегі егіс алқаптарын аралады
Қоғам

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Жаңақорған мен Шиелідегі егіс алқаптарын аралады

Мемлекеттік сатып алу саласында жаңа өзгерістер енгізіліп, бақылау күшейтілді
Қоғам

Мемлекеттік сатып алу саласында жаңа өзгерістер енгізіліп, бақылау күшейтілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада Халықаралық жастар күніне арналған онкүндік басталады

Жазасын өтеушілер бостандыққа шықты

Қанат Бозымбаев Қармақшы ауданындағы «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты

Премьер-министрдің орынбасары Қазалы ауданындағы агросектордың жай-күйімен танысты

83 жастағы әже көпқабатты үйдің терезесінен құлап, көз жұмды

Кәсіби даярлық-сапалы медицина кепілі

Өзекті жаңалықтар

Шымкентте із-түссіз жоғалған 26 жастағы қыздың мәйіті қоқыс жәшігінен табылды
Құқық

Шымкентте із-түссіз жоғалған 26 жастағы қыздың мәйіті қоқыс жәшігінен табылды

0

Марқұмның денесін көрген тұрғындардың бірі, полиция шақыртқан. Полиция күдіктіні бірден тауып, қамауға алды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып...

Аймақта сұйытылған мұнай газының қолжетімділігі мен өсімі тұрақты қамтамасыз етілуде

Аймақта сұйытылған мұнай газының қолжетімділігі мен өсімі тұрақты қамтамасыз етілуде

Теміржолшылар құрметке бөленді

Теміржолшылар құрметке бөленді

Қызылордада Халықаралық жастар күніне арналған онкүндік басталады

Қызылордада Халықаралық жастар күніне арналған онкүндік басталады

Жазасын өтеушілер бостандыққа шықты

Жазасын өтеушілер бостандыққа шықты

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Шымкентте із-түссіз жоғалған 26 жастағы қыздың мәйіті қоқыс жәшігінен табылды
  • Аймақта сұйытылған мұнай газының қолжетімділігі мен өсімі тұрақты қамтамасыз етілуде
  • Теміржолшылар құрметке бөленді
  • Қызылордада Халықаралық жастар күніне арналған онкүндік басталады
  • Жазасын өтеушілер бостандыққа шықты
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі