• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 4 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

2026 жылдан бастап жаңа салық кодексі қолданысқа енгізіледі

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға дейін өседі, бірақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, кітаптар мен археология саласына қатысты қызметтер бұл салықтан босатылады, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

04.08.2025
in Әлеумет және экономика
0
498
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Дәрі-дәрмек пен ақылы медициналық қызметтерге ҚҚС кезең-кезеңімен енгізіледі. Арнайы салық режимдерінің саны жетіден үшке дейін қысқарады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Асқар Елеманов мәлімдеді.

— Жаңа Салық кодексі — салық жүйесін әділетті, ашық және заманауи талаптарға сай қалыптастыруға бағытталған маңызды құжат. Мемлекет басшысы салық саясаты тұрақты, ашық әрі қарапайым болуы қажет екенін нақты атап өтті. Осы талаптарға сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа кодексте бірқатар маңызды өзгерістер қарастырылған. Ең алдымен, қосылған құн салығы 12 пайыздан 16 пайызға дейін ұлғаяды. Бұл — салық әкімшілендіруді күшейтіп, бюджет кірісін арттыруға бағытталған қадам. Алайда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, кітаптар мен археология саласына қатысты қызметтер бұл салықтан босатылады. Сонымен бірге дәрі-дәрмек пен ақылы медициналық қызметтерге ҚҚС 2026 жылдан бастап 5 пайыз, 2027 жылдан бастап 10 пайыз көлемінде кезең-кезеңімен енгізіледі. Бұл денсаулық сақтау саласына жүктемені бірден арттырмау үшін жасалып отыр. Табысы жоғары азаматтар үшін прогрессивті жеке табыс салығы енгізіледі. Жылдық табысы 8500 АЕК-тен асатын азаматтар 15 пайыз мөлшерлемемен салық төлейтін болады. Бұл әділеттілік қағидатын енгізуге бағытталған. Сонымен қатар бұрынғы 7 арнайы салық режимі үшке дейін қысқартылады. Енді өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, оңайлатылған декларация қолданушылар және шаруа қожалықтарына арналған нақты әрі түсінікті режимдер қолданылады. Бұл — кәсіпкерлерге қолайлы орта қалыптастыруға жасалған қадам. Жалпы, жаңа салық кодексі салық төлеушілердің құқығын қорғауға, салық жүйесін ашық етуге және мемлекет пен кәсіпкерлер арасындағы сенімді серіктестік орнатуға бағытталған. Біз бұл өзгерістерді тек қабылдап қана қоймай, әрбір азаматқа түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргіземіз, — деді Асқар Сейдекәрімұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алдыңғы мақала

Имам «Қазақтар Ислам қабылдамаған» деген Баян Алагөзоваға байкот жариялады

Келесі мақала

Премьер-министрдің орынбасары Жалағаш ауданына барды

Оқи отырыңыз

Омбудсмен: Адам құқықтарының басымдығы бүкіл Конституцияның арқауы болып табылады
Құқық

Омбудсмен: Адам құқықтарының басымдығы бүкіл Конституцияның арқауы болып табылады

Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді
Қоғам

Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді

1 шілдеде жаңа Халық Конституциясы ресми түрде заңды күшіне енеді
Құқық

1 шілдеде жаңа Халық Конституциясы ресми түрде заңды күшіне енеді

Облыс әкімі қытайлық инвесторлармен маңызды жобаларды талқылады
Әлеумет және экономика

Облыс әкімі қытайлық инвесторлармен маңызды жобаларды талқылады

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

Құрылтай сайлауы – ел бірлігі мен жауапкершіліктің көрінісі

Құрылтай сайлауы – қоғамдық белсенділіктің маңызды көрінісі

Өзекті жаңалықтар

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
Қоғам

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

0

Мемлекет тарапынан отандық өндірісті дамытуға, жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға және Қазақстандық өнімдердің нарықтағы үлесін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде....

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
  • Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
  • Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
  • Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
  • “Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі