• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 7 тамыз, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

Қызылорда облысының Қазалы ауданында заманауи мәдени-демалыс инфрақұрылымы қарқынды дамуда

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында Қызылорда облысының Қазалы ауданында экологиялық жағдайды жақсарту, халыққа жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру және заманауи демалыс инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

06.08.2025
in Мәдениет, Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Қазалы мәдени-демалыс кешені – жаңа тыныс, жаңа серпін.
Жуырда ашылған Қазалы мәдени-демалыс кешені аудан тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орнына айналды. Кешен екі негізгі бөліктен тұрады: Жеңіс саябағы және отбасылық демалыс саябағы. Жеңіс саябағы Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай ашылса, отбасылық саябақтың ашылуы 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне тұспа-тұс келді.
Кешен аумағында «Құрметті азаматтар» тақтасы, «Хан тағы», ротонда, пергола, фонтан, шахмат және теннис үстелдері, жарықтандыру жүйелері, велосипед жолақтары, «Даңқ», «Тағзым», «Киелі қазақ елі», «Ғашықтар» аллеялары, спорттық алаңдар және балалар ойын алаңдары орнатылған.
Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлердің қолдауымен мейрамханалар, тамақтану орындары, аквапарк, аттракциондар, картинг, батут сынды демалыс және ойын-сауық нысандары да бой көтерді.
Кешен аумағын көгалдандыру аясында 20 мыңға жуық ағаш көшеттері – қарағай, аққайың, туя, катальпа, үйеңкі және жеміс ағаштары отырғызылды.
Абаттандыру – аудан көркін арттырудың басты бағыты.
Аудан орталығында халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында Орталық алаң, «Руханият» орталығы алдындағы сквер сынды нысандар толық абаттандырылды. Жаңа фонтан, брусчаткалар, балалар және тренажер алаңдары орнатылып, ауданның сәулеттік келбеті жаңа деңгейге көтерілді.
Қазалы теміржол вокзалы жаңаруда.
Биыл сәуір айында тарихи маңызы бар, 120 жылдық Қазалы теміржол вокзалына «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ қаржыландыруымен күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Жоба аясында ғимарат іргетасы мен қабырғалары нығайтылып, шатыр, есік-терезелер толық жаңартылып, жолаушыларға арналған күту залдары заманауи стандарттарға сай жабдықталады.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қолжетімділік элементтері мен қауіпсіздік жүйелері орнатылады. Сонымен қатар, вокзал маңын көгалдандыру және брусчатка төсеу жұмыстары да қарастырылған. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарының басым бөлігі аяқталуға жақын.
Бұдан бөлек, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында өңірдің барлық елді мекендерінде санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі күнге тазалық шараларына барлығы 190 мыңнан аса (191 663) еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері қатысты.
Нәтижесімен 8 мың тонна (8 125) астам қоқыс қалдықтары шығарылып, елді мекендердегі 471 скверлер мен парктер, 221 тарихи-мәдени ескерткіштер,
998 әлеуметтік нысандар (мектептер, бала-бақшалар, спорт, денсаулық сақтау және т.б.), 2 820 өнеркәсіп және бизнес нысандары, 35 су объектілері (өзендер, көлдер, жасанды су айдындары, субұрқақтар, арықтар және т.б), мен 23 124 көшелердің бойы
(4 025 көп қабатты үйлер мен 19 099 жер үйлердің аулалары) тазартылды. Оған
540-тан аса техника (545) жұмылдырылды.
Жыл басынан облыс бойынша 240 700 дана өңірдің климатына сәйкес жерсінетін қарағаш, терек және сырталының көшеттері егілді.

Алдыңғы мақала

Облыс әкімі «Orient Ceramic» компаниясының өкілдерімен кездесті

Келесі мақала

Алдағы жұмыс бағыты талқыланды

Оқи отырыңыз

Алакөлде жас жігіт жұрттың көз алдында суға батып кетті
Оқиғалар

Алакөлде жас жігіт жұрттың көз алдында суға батып кетті

Биыл Қазалы ауданы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылады
Қоғам

Биыл Қазалы ауданы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылады

Қызылорда облысында көлеңкелі экономика мен алаяқтыққа қарсы жүйелі күрес жүргізілуде
Әлеумет және экономика

Қызылорда облысында көлеңкелі экономика мен алаяқтыққа қарсы жүйелі күрес жүргізілуде

Әлеуметтік серіктестік нәтижесі: Қор көмегімен маңызды жобалар іске асты
Әлеумет және экономика

Әлеуметтік серіктестік нәтижесі: Қор көмегімен маңызды жобалар іске асты

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Әлеуметтік серіктестік нәтижесі: Қор көмегімен маңызды жобалар іске асты

Қызылордада пробация есебіндегі әйелдер мекенжайы бойынша тексерілді

Қызылордада TikTok арқылы терроризмді насихаттаған әйел 7 жылға сотталды

Білім ордасындағы күрделі жөндеу жұмыстарына партиялық бақылау жасалды

«Kітап-AMANAT»: Рухани-әдеби кеш өтті

Ана сүті — дені сау ұрпақтың негізі

Өзекті жаңалықтар

Алакөлде жас жігіт жұрттың көз алдында суға батып кетті
Оқиғалар

Алакөлде жас жігіт жұрттың көз алдында суға батып кетті

0

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Қайғылы оқиға 6 тамыз күні Абай облысының Мақаншы ауданы Кабанбай ауылының маңында,...

Биыл Қазалы ауданы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылады

Биыл Қазалы ауданы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылады

Қызылорда облысында көлеңкелі экономика мен алаяқтыққа қарсы жүйелі күрес жүргізілуде

Қызылорда облысында көлеңкелі экономика мен алаяқтыққа қарсы жүйелі күрес жүргізілуде

Әлеуметтік серіктестік нәтижесі: Қор көмегімен маңызды жобалар іске асты

Әлеуметтік серіктестік нәтижесі: Қор көмегімен маңызды жобалар іске асты

Қызылордада пробация есебіндегі әйелдер мекенжайы бойынша тексерілді

Қызылордада пробация есебіндегі әйелдер мекенжайы бойынша тексерілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Алакөлде жас жігіт жұрттың көз алдында суға батып кетті
  • Биыл Қазалы ауданы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылады
  • Қызылорда облысында көлеңкелі экономика мен алаяқтыққа қарсы жүйелі күрес жүргізілуде
  • Әлеуметтік серіктестік нәтижесі: Қор көмегімен маңызды жобалар іске асты
  • Қызылордада пробация есебіндегі әйелдер мекенжайы бойынша тексерілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі