• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жұма, 19 маусым, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Облыс әкімі «Orient Ceramic» компаниясының өкілдерімен кездесті

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сыр еліне жұмыс сапарымен келген «Orient Ceramic» компаниясы директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Азизбек Жилоновпен кездесті, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

06.08.2025
in Әлеумет және экономика
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

«Биыл сәуір айында Ташкент қаласында Қызылорда облысының әкімдігі мен «Orient Ceramic» компаниясы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.
Бұл компания – Орталық Азиядағы керамикалық плитка өндіретін жетекші кәсіпорындардың бірі. Белгілі болғандай, осыған ұқсас жобаны біздің өңірде іске асыру мүмкіндігін қарастырудасыздар.
Қызылорда облысының әкімдігі зауыт құрылысының барлық кезеңінде қолдау көрсетуге дайын.
Кеше Индустриялық аймаққа барып, бірқатар инвестициялық жобамен таныстыңыз, олардың қатарында қытайлық инвесторлармен бірлесіп іске асырылған шыны зауыты және кірпіш өндіретін зауыт бар.
Биыл бұл жерде айна өндіру зауыты іске қосылады, жылына 220 миллион бөтелке шығаратын зауыттың құрылысы басталады. Испаниялық «Roca Group» компаниясымен бірлесіп санитарлық-техникалық бұйымдар өндіру жобасы жүзеге асады.
Биыл облыс аумағында жалпы құны 1 млрд АҚШ доллары болатын 14 жобаның құрылысы қолға алынады. Олар — кальцийленген сода өндіретін зауыт, «Шалқия» кен байыту фабрикасы, көкөніс-жеміс сақтау және алма шырынын өндіру кешені, бес жұлдызды «Rixos» қонақ үйі, оңтүстіккореялық «With You» компаниясының қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауыты.
Осы жылы түркиялық инвестор «Aksa Energy» компаниясы салған ЖЭО іске қосылады. Катарлық инвестормен бірлескен қуаттылығы 1100 мегаватт болатын бу-газ қондырғысының құрылысы басталады. Көріп отырғаныңыздай, өңірде ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға қажетті қуатты энергетикалық база қалыптасуда.
Біз Индустриялық аймақтан жер телімін беру, түрлі жеңілдіктер көзделген инвестициялық келісімшарт жасау, сондай-ақ жобаны іске қосу үшін қаржы институттарымен (ҚР Даму Банкі АҚ) жұмыс істеуге қолдау көрсетуге дайынбыз», — деді Н.Нәлібаев.

Азизбек Жилонов та ауқымды жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға дайын екенін айтып, көрсетілген құрметке алғысын жеткізді.
Өңірде шикізат қоры жеткілікті, кварц құмы, әк және саз балшық бар, ал шыны зауытында далалық шпат өңделеді. Қызылорда облысы бүгінде қарқынды құрылыс алаңына айналды.
Тек өткен жылы ғана жалпы құны 242 млн АҚШ долларын құрайтын 197 нысанның құрылысы салынды. Олардың қатарында мектептер, медициналық мекемелер, балабақшалар, мәдениет орталықтары және жеке тұрғын үйлер бар. Биыл 870 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Керамикалық бұйымдарға деген сұраныс өте жоғары, өткізу нарығы кең. Облыстың «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында орналасуы дайын өнімді Ресей нарығына экспорттауға зор мүмкіндік береді.

Қызылорда облысының баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Қызылорда қаласындағы 5547 әскери бөлімінде оқу-әдістемелік жиын өтті

Келесі мақала

Қызылорда облысының Қазалы ауданында заманауи мәдени-демалыс инфрақұрылымы қарқынды дамуда

Оқи отырыңыз

“Рәміздер рухы — Конституция күші” атты жалпыұлттық патриоттық акция өтті
Қоғам

“Рәміздер рухы — Конституция күші” атты жалпыұлттық патриоттық акция өтті

Премьер-министр Олжас Бектенов  Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімі Мұрат Ергешбаевты таныстырды
Қоғам

Премьер-министр Олжас Бектенов Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімі Мұрат Ергешбаевты таныстырды

“Қазақстан-достықтың мекені” атты салтанатты шара өтті
Мәдениет

“Қазақстан-достықтың мекені” атты салтанатты шара өтті

Инклюзивті саясатты іске асыру мәселесі қаралды
Қоғам

Инклюзивті саясатты іске асыру мәселесі қаралды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Тазалыққа үн қосқан ұжым

Еңбекпен биіктеген тұлға. Жаңақорғанда Машбек Сапарбайұлының 100 жылдығына арналған шара өтті

Түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

Көгалдандыру жумыстары-аудан келбетінің айнасы

Ақсу ауылының көшелеріне асфальт төселуде

Мемлекеттік қызметтегі шектеулер түсіндірілді

Өзекті жаңалықтар

«Жүректегі жапырақ» кітабының таныстырылымы өтті
Мәдениет

«Жүректегі жапырақ» кітабының таныстырылымы өтті

0

Оған облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат...

Облыс әкімі еңбегімен үлгі болған әкеге үш бөлмелі пәтер табыстады

Облыс әкімі еңбегімен үлгі болған әкеге үш бөлмелі пәтер табыстады

Тәлім мен таным түйіскен тұс

Тәлім мен таным түйіскен тұс

Тазалыққа үн қосқан ұжым

Тазалыққа үн қосқан ұжым

Еңбекпен биіктеген тұлға. Жаңақорғанда Машбек Сапарбайұлының 100 жылдығына арналған шара өтті

Еңбекпен биіктеген тұлға. Жаңақорғанда Машбек Сапарбайұлының 100 жылдығына арналған шара өтті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Жүректегі жапырақ» кітабының таныстырылымы өтті
  • Облыс әкімі еңбегімен үлгі болған әкеге үш бөлмелі пәтер табыстады
  • Тәлім мен таным түйіскен тұс
  • Тазалыққа үн қосқан ұжым
  • Еңбекпен биіктеген тұлға. Жаңақорғанда Машбек Сапарбайұлының 100 жылдығына арналған шара өтті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі