• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Биыл Қазалы ауданы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы Қазақстан халқын 100 пайыз таза ауыз сумен қамту туралы тапсырма берген болатын, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

07.08.2025
in Қоғам
0
497
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Биыл Қазалы ауданының халқы Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылатын болады.

Мәселен, өткен жылы ауданда Ажар, Жұбан елді мекендеріне су тұщытқыш қондырғылары орнатылса, биыл Сарбұлақ, Шилі, Шәкен және Шитүбек елді мекендерін таза ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар биыл күзге дейін толықтай аяқталып, аудан бойынша елді мекендерді ауыз сумен қамту көрсеткіші 100 пайызды құрайтын болады.

Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев аудан орталығынан шалғай орналасқан Сарбұлақ ауылына арнайы барып, елді мекенге жүргізіліп жатқан ауыз су құрылысы жұмыстарының барысын көрді. Сондай-ақ мердігер мекеменің жауапты өкіліне құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын тапсырды.

Бүгінгі таңда Сарбұлақ елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарымен «Дәнекер КС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесі айналысуда. Қазіргі таңда елді мекенде тереңдігі 150 метр болатын 2 су ұңғымасы қазылып, 4,9 шақырымға су құбыры тартылды және 60 дана көру құдықтары қазылды. Мұндағы ауыз сумен қамту жұмыстары толық аяқталғаннан кейін ауыл халқы сапалы әрі тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етіліп, тұрғындардың өмір сүру деңгейі айтарлықтай жақсаратын болады.

Айта кетейік, Шәкен ауылын ауыз сумен қамту құрылыс жұмыстарымен «Дәнекер КС» жауапкершлігі шектеулі серіктестігі, Шитүбек елді мекеніндегі құрылыс жұмыстарымен «Ансар-сервис» ЖШС, ал Шилі елді мекеніндегі жұмыстарымен «Намыс – Құрылыс» ЖШС мекемесі айналысуда. Үш елді мекендегі де құрылыс жұмыстары биылғы жылдың қыркүйек айына дейін толық аяқталып, сапалы ауыз суды пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Алдыңғы мақала

Қызылорда облысында көлеңкелі экономика мен алаяқтыққа қарсы жүйелі күрес жүргізілуде

Келесі мақала

Алакөлде жас жігіт жұрттың көз алдында суға батып кетті

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі