• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 2 мамыр, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Меркілік делегация Сыр өңірінің даму қарқынымен танысты

Қызылорда облысына арнайы жұмыс сапарымен келген Жамбыл облысы Меркі ауданының делегациясын қалаға кіреберісте шаһар басшысы Нұржан Ахатов қарсы алып, бірқатар әлеуметтік, мәдени және спорттық нысандарға барды, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

16.08.2025
in Әлеумет және экономика
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Сапар «Сыр жұлдыздары» инновациялық-шығармашылық академиясынан басталды. Жолай «Президент саябағын» жаңғырту жұмыстары, «Отбасы орталығы», «Достық үйі» ғимараты, «Қызылорда Арена» спорт кешенінің құрылысы және «Өнер орталығы» таныстырылды. Делегация мүшелері қаланың заманауи келбеті мен инфрақұрылымдық жетістіктеріне жоғары баға беріп, оң пікір білдірді.
Қайта жаңғыртудан өткен орталық алаңға барар жолда меймандар «Анаға тағзым» орталығына аялдады. Алаңдағы жаңа сәулеттік шешімдер, жарықтандыру жүйесі және кеңейтілген демалыс аймақтары қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды. Бұдан кейін жаңарған қалалық мәдениет және демалыс паркіне барып, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуге жасалған мүмкіндіктермен танысты.
Одан соң делегация Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылын кеңейту жұмыстарын және 11 мың орындық жаңа стадион құрылысының барысын көрді. Қонақтар спорт инфрақұрылымының ауқымдылығы мен сәулеттік үйлесімін ерекше атап өтті.
Келесі нысандар — жаңа автовокзал, «Қан орталығы» мен физика-математика бағытындағы лицей-интернаты. Меймандар бұл нысандардың өңірдің білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамытудағы рөлін жоғары бағалады.
Сапар соңында облыстық тарихи-өлкетану музейіне барып, Сыр өңірінің бай тарихы мен мәдени мұраларына қанықты. Сондай-ақ «Оқушылар сарайы», «Теннис орталығы», музыкалық колледж ғимараты және дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы таныстырылды. Музей экспозицияларынан өңірдің өткені мен бүгіні жайлы мол мағлұмат алды.
Сонымен қатар, делегация Сырдария ауданына қарасты Бесарық ауылындағы байыпты бастамаларды көрді.
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев делегация мүшелерін ауылдың әлеуметтік, экономикалық және мәдени нысандарымен таныстырып, жүзеге асқан жобалар туралы баяндады.
Меркіліктер Нағи Ілиясов ауылында да қонақ болмақ. Мұнда олар ауылдың даму үлгісімен және тұрғындардың табысты бастамаларымен танысады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Жамбыл облысы Меркі ауданының делегациясы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді

Келесі мақала

Қазалыда халық батыры Ақтан Ақайұлының 255 жылдық мерейтойы аталып өтілді

Оқи отырыңыз

Сырдария: «Таза Қазақстан» акциясы аясында тал егу іс-шарасы өтті
Экология

Сырдария: «Таза Қазақстан» акциясы аясында тал егу іс-шарасы өтті

Қазалыда 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті
Мәдениет

Қазалыда 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Байқоңырдан «Сұңқар» зымыран тасығышы ұшырылды
Қоғам

Байқоңырдан «Сұңқар» зымыран тасығышы ұшырылды

Аралда бірлік мерекесі аталып өтті
Қоғам

Аралда бірлік мерекесі аталып өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Аралда бірлік мерекесі аталып өтті

Сырдария: «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан» атты мерекелік іс – шара өтті

Президент саябағында «Бірлік. Достық. Береке» атты мерекелік шара өтті

Шиелі ауданында бірлік мерекесі кең ауқымда аталып өтті

«Бозторғай» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық конкурсы өтті

Шиелі ауданында шеберлік пен жаңашылдық ұштасқан байқау өтті

Өзекті жаңалықтар

Сырдария: «Таза Қазақстан» акциясы аясында тал егу іс-шарасы өтті
Экология

Сырдария: «Таза Қазақстан» акциясы аясында тал егу іс-шарасы өтті

0

Аудан басшысы «Таза Қазақстан» акциясының маңыздылығына тоқталып, оның жай ғана тазалық шарасы емес, ел болашағы үшін мәні...

Қазалыда 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Қазалыда 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Байқоңырдан «Сұңқар» зымыран тасығышы ұшырылды

Байқоңырдан «Сұңқар» зымыран тасығышы ұшырылды

Аралда бірлік мерекесі аталып өтті

Аралда бірлік мерекесі аталып өтті

Сырдария: «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан» атты мерекелік іс – шара өтті

Сырдария: «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан» атты мерекелік іс – шара өтті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Сырдария: «Таза Қазақстан» акциясы аясында тал егу іс-шарасы өтті
  • Қазалыда 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті
  • Байқоңырдан «Сұңқар» зымыран тасығышы ұшырылды
  • Аралда бірлік мерекесі аталып өтті
  • Сырдария: «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан» атты мерекелік іс – шара өтті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі