• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 13 мамыр, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қазалыда халық батыры Ақтан Ақайұлының 255 жылдық мерейтойы аталып өтілді

Қазалы ауданында ел тарихында, халқымыздың мызғымас ел болып, сақталып қалуы үшін күрескен батыр Ақтан батыр Ақайұлының 255 жылдығына орай тарихи-танымдық шара өтті, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

19.08.2025
in Мәдениет
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Ақтан батыр ауылындағы орталық алаңда өткен тарихи шараны аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев сөз сөйлеп ашып, жиылған жұртшылықты халық батырының мерейтойымен құттықтады.

-Қазақ тарихындағы қилы-қыстау оқиғаларды басынан кешірген қасиетті Сыр бойындағы елім деген ерлерді біріктіріп, отаршылар мен басқыншыларға қарсы күрескен Ақтан батырдың біз үшін, яғни бүгінгі ұрпақ үшін орны ерекше, бірегей тұлға. Ақтан Ақайұлының Қыр мен Сыр еліне Хиуа, Қоқан хандығының шапқыншылығына, озбырлығына, орыс патшалығының отарлау саясатына қарсы қол бастап күрескен атақты қолбасшы Нұрмұхаммедұлы Жанқожаның сенімді серігі, бас батыры болғаны бәрімізге аян. Бүгінде Қазалы ауданындағы Ақтан батыр ауылының азаматтары, батырдың ұрпақтарының бастамасымен ерлік пен елдіктің үлгісіне айналған Ақтан батырдың 255 жылдығына орай тәлімдік-тәрбиелік мәні бар, тағылымға толы шара ұйымдастырылуда. Шара аясында өтіп жатқан танымдық конференция, спорттық жарыстар, ақындар мүшайрасы, ат бәйгесі барлығы халықтың игілігі, рухани баюы мен бір-бірімен жақын танысуы үшін жасалуда. Олай болса, батырдың есімін бүгінгі ұрпаққа дәріптеу, насихаттау мақсатында өткізіліп жатқан рухани іс-шараларыңыз баянды болсын, — деді Жалғас Оңғарұлы.

Мұнан кейін, мерейтой аясында ұйымдастырылған ақындар мүшәйрасы, спорттық шараларда жеңімпаз атанған азаматтар марапатталып, мерейтойды ұйымдастыруға атсалысқан бірқатар азаматтарға аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаевтың «Алғыс хаттары» табысталды.

Шара барысында халық батырының тарихи кезеңдегі ерлік істерінен қойылымдар қойылып, жиналған жұртшылық 100 өнерпаздың қатысуымен ұйымдастырылған «Батырлар биін» тамашалап, батырдың өмір жолына байланысты шығарылған өлең-жырларға қанық болды.

Тағылымда шара барысында Ақтөбе облысынан, Қызылорда қаласынан және басқа да өңірлерден келген қонақтар, батырдың ұрпақтары сөз сөйлеп, Ақтан батырдың ерлік істерін айтып, батырдың 255 жылдық мерейтойын кең көлемде ұйымдастыруға атсалысып жатқан азаматтарға алғыстарын жеткізді.

Алдыңғы мақала

Меркілік делегация Сыр өңірінің даму қарқынымен танысты

Келесі мақала

Қазалыда халық батыры Ақтан Ақайұлының 255 жылдығына орай тарихи-танымдық конференция өтті

Оқи отырыңыз

Шиелі аудан әкімі Айтбай Жандарбеков тұрғындарды жеке маселелері бойынша қабылдады
Қоғам

Шиелі аудан әкімі Айтбай Жандарбеков тұрғындарды жеке маселелері бойынша қабылдады

Шиеліде қайта әлеуметтендіруге бағытталған әлеуметтік жоба өтті
Спорт

Шиеліде қайта әлеуметтендіруге бағытталған әлеуметтік жоба өтті

Шиеліде діни-ағартушылық бағыттағы кездесу өтті
Қоғам

Шиеліде діни-ағартушылық бағыттағы кездесу өтті

Көктемгі дала жұмыстарының барысы талқылынды
Әлеумет және экономика

Көктемгі дала жұмыстарының барысы талқылынды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Көктемгі дала жұмыстарының барысы талқылынды

Жалағаш ауданында барлық 14 ауыл «Алкогольсіз ауыл» қатарына қосылды

Жалағашта су үнемдеу технологияларына басымдық берілуде

Жаңақорғанда егін жұмыстарының жай-жапсары талқыланды

Жаңақорғанда ұлы жеңіс күні тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

«Моргке апарып тастаған». Бірінші курс студенті әлімжеттіктен көз жұмған

Өзекті жаңалықтар

Шиелі аудан әкімі Айтбай Жандарбеков тұрғындарды жеке маселелері бойынша қабылдады
Қоғам

Шиелі аудан әкімі Айтбай Жандарбеков тұрғындарды жеке маселелері бойынша қабылдады

0

Жеке қабылдауға келген тұрғындар негізінен тұрғын үй алу, жер телімін рәсімдеу, тұрақты жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек мәселелері...

Шиеліде қайта әлеуметтендіруге бағытталған әлеуметтік жоба өтті

Шиеліде қайта әлеуметтендіруге бағытталған әлеуметтік жоба өтті

Шиеліде діни-ағартушылық бағыттағы кездесу өтті

Шиеліде діни-ағартушылық бағыттағы кездесу өтті

Көктемгі дала жұмыстарының барысы талқылынды

Көктемгі дала жұмыстарының барысы талқылынды

Жалағаш ауданында барлық 14 ауыл «Алкогольсіз ауыл» қатарына қосылды

Жалағаш ауданында барлық 14 ауыл «Алкогольсіз ауыл» қатарына қосылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Шиелі аудан әкімі Айтбай Жандарбеков тұрғындарды жеке маселелері бойынша қабылдады
  • Шиеліде қайта әлеуметтендіруге бағытталған әлеуметтік жоба өтті
  • Шиеліде діни-ағартушылық бағыттағы кездесу өтті
  • Көктемгі дала жұмыстарының барысы талқылынды
  • Жалағаш ауданында барлық 14 ауыл «Алкогольсіз ауыл» қатарына қосылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі