• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 1 ақпан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Республикалық семинар-кеңестің секциялық отырысы өтті

Бүгін Н. Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында әлеуметтік салаға бағытталатын бюджет қаражатын тиімді пайдалану туралы республикалық семинар-кеңестің секциялық отырысы өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, министрліктер, орталық атқарушы органдар өкілдері, өңірлерден келген делегаттар, облыстық басқарма, департамент, инспекция, мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

27.08.2025
in Әлеумет және экономика
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Қызылорда облысының қаражатты тиімді пайдалану тәжірибесін республикаға үлгі ретінде қолдануды тапсырған болатын. Екі күндік семинар-кеңестің алғашқы отырысын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ашты.

Жиында әлеуметтік саладағы маңызды бастамалар талқыланды. Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан, Денсаулық сақтау вице-министрі Ардақ Амангелдиев, Туризм және спорт вице-министрі Бауыржан Рапиков, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов, Құрылыс және ТҮКШ істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қанат Мыңбаев, «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова, «НИТ АҚ өкілі Әділет Айсаутов күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты сөз сөйледі.

Бюджет қаражатын тиімді пайдалану, үнемдеу бағытында атқарылған жұмыстар мен қабылданған шаралар туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағамбет баяндама жасады.
Қызылорда облысының тәжірибесін өңірлерге үлгі етіп көрсету зор сенім мен үлкен жауапкершілік жүктейді.
Биыл облыс бюджеті 823 млрд. 400 млн. теңгеге жетіп, 2022 жылдан бері 226 пайызға өсті. Оның 477 млрд. 600 млн. теңгесі (58%-ы) әлеуметтік салаға бөлінді. Бұл қаражат аймақтағы ең өзекті деген мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, ауқымды әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталуда.

Соңғы 3 жылда білім, мәдениет және спорт салаларына бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуына жүргізілген мониторинг қорытындысымен бірқатар шығыс ықшамдалды. Қаржылық заңсыздықтың алдын алуда нақты шаралар қабылданды.
Балабақшалардағы мемлекеттік тапсырыстың тиімді игерілуін 2023 жылдан бері қолданысқа енгізілген «Фейс-бақылау» мобильдік қосымшасы арқылы бақылау мүмкіндігі туды, яғни жалған тіркелген балалар белгілі болды. Сонымен қатар, 2023-2025 жылдары осы мобильдік қосымша арқылы балалардың күнделікті балабақшаға келуі қадағаланып, емхананың жалған анықтамаларын, негізсіз демалыс күндерін анықтау есебінен 41 млрд. теңге үнемделді.

Орта білім беру саласында да бірінші кезекте мектептердегі сынып жиынтықтары мен оқушылардың толымдылығы зерделенді. Екі жылда 76 сынып жиынтығынан 968 млн. 900 млн.теңге ықшамдалды.
Мектеп директорлары жұмысты өз дәрежесінде орындамағандықтан, сағат бөлінісінде кемшіліктерге жол бергендіктен толық емес жүктемемен еңбек ететін адам саны 5000-ға жеткен. Артық штаттық бірліктер, толық емес жүктемемен жұмыс істейтін қызметкерлер санын қысқарту үшін жаңа орындар ашуды түбегейлі тоқтатуға уақытша мораторий жарияланды. Бүгінде толық емес жүктемемен еңбек ететін 975 штаттық бірліктегі 3762 педагогтің мәселесі шешімін табуына байланысты 6 млрд. 200 млн. теңге үнемделді.

Сондай-ақ, облыстағы 7 бастауыш, 7 кешкі мектептің желісі қысқартылып, жыл сайын 720 млн. теңге көлемінде үнемделуде.
Атқарылған шаралар және басқа да шығыстарды қайта қарау нәтижесінде жалпы 15 млрд. 600 млн. теңге ықшамдалды. Бұдан бөлек, сұйық отынмен жылытылатын 198 білім беру мекемесіне 1 жылға қаралатын 5 млрд. теңгенің мақсатты жұмсалуы да қатаң бақылауда.
Соңғы үш жылда 7,8 млрд. теңгеге 24 мектеп күрделі жөндеуден, 2,6 млрд. теңгеге 79 мектеп ағымдағы жөндеуден өтті. Оған қоса 22,9 млрд теңгеге 6 мектепке қосымша ғимарат, 12 жаңа ғимарат салынды.
Білім беру мекемелері 3,5 млрд теңгеге пәндік кабинет, интерактивті панель, ЛЭД экран және робот құрылғылармен қамтылды, 2,1 млрд. теңгеге қауіпсіздікті қамтамасыз ету, яғни бейнебақылау жүйелері, турникет, дабыл нүктелері орнатылды,

861,6 млн. теңгеге жылу жүйелері жаңартылды. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ашылған жаңа мектептер мен басқа да жаңа нысандарды ұстап тұру қаржысы жыл басында бекітілген қаржыны оңтайландыру арқылы жүзеге асырылуда.
Балаларға арналған шығармашылық және спорттық тапсырысты қолдауға 2021-2025 жылдарға 28,6 млрд. теңге қаралып, 12,6 млрд. теңге игерілді. 2023 жылдан бері 13 млрд. теңгесі, биыл 9,6 млрд. теңге бөлініп, оның 6 млрд. теңгесі бюджетке қайтарылды. Игерілгені 616,5 млн.теңге (спорт – 211,1 млн. теңге, мәдениет – 405,4 млн. теңге).
Қалған 2,7 млрд. теңге шілде айында мәслихат шешімімен облыстық білім басқармасына ауыстырылды. Себебі 1 маусымнан бірыңғай мемлекеттік тапсырыс пилоттық жобасы іске асырылуда. Оңтайландыру арқылы үнемделген бюджет қаражаты әлеуметтік маңызды мәселелерге, оның ішінде әлеуметтік нысандар салуға бағытталуда.

Ықшамдалған қаржы білім сапасын арттыруға инвестиция ретінде қайта құйылуда. Басқа салаларда да бюджет қаражаты үнемделіп, ықшамдалып бірінші кезектегі мәселелерді шешуге жұмсалып келеді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Қызылорда облысында жылу беру маусымына дайындық басталды

Келесі мақала

Облыс әкімі Шиелідегі теміржол вокзалын күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты

Оқи отырыңыз

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты  шығармашылық жұмыстар байқауы өтті
Құқық

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты шығармашылық жұмыстар байқауы өтті

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді
Саясат

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!»  байқау қорытындыланды
Құқық

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!» байқау қорытындыланды

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды
Қоғам

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды

Бейнелеу өнеріне бейім Жадырасын әулеті

Бояу бетіндегі болмыс

Бүлдіршінді батареяға байлап сабаған: Әйел аналық құқығынан айырылуы мүмкін

Жедел кеңесте 2025 жылдың қорынтындысы топшыланды

Өзекті жаңалықтар

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты  шығармашылық жұмыстар байқауы өтті
Құқық

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты шығармашылық жұмыстар байқауы өтті

0

Байқауға 12-ден 20 жасқа дейінгі мектеп оқушылары мен студенттер қатысты Қатысушылар «Есірткі жайлы ертегі» тақырыбында немесе тақырыпқа...

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!»  байқау қорытындыланды

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!» байқау қорытындыланды

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды

Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты шығармашылық жұмыстар байқауы өтті
  • Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді
  • Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!» байқау қорытындыланды
  • Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды
  • Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі