• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 17 маусым, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қызылорда облысында жылу беру маусымына дайындық басталды

Облыста жылу беру маусымы қарсаңында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрттің алдын алу және газдан улану жағдайларын болдырмау бағытында кешенді шаралар атқарылып келеді. Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан жүйелі түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік осал отбасылардың үйлеріне арнайы датчиктер орнату қолға алынуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Асхат Оразбеков баяндады, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

27.08.2025
in Қоғам
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жылу беру маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауқымды профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылды. Әр сенбі күні Департамент пен Полиция департаменті қызметкерлері және еріктілерден құралған 200-ге жуық маман рейдтік шараларға шығып, тұрғындармен кездесулер өткізді. Нәтижесінде 82 мыңнан астам үй қамтылып, өрт қауіпсіздігі ережелері мен газ және пеш жабдықтарын пайдалану тәртібі кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында 288 ашық сабақ өткізіліп, 16 мыңнан аса оқушы қамтылды. Балаларға қауіпсіздік дағдыларын үйрету үшін өрт сөндіру бөлімдеріне 70-тен аса экскурсия ұйымдастырылды. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде 3 мыңнан астам материал жарияланып, халық арасында кең көлемде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік осал топтағы 6 825 отбасының қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуде. Бұл мақсатта жергілікті бюджет қаражаты есебінен 484 дана газды анықтайтын арнайы датчик сатып алынды. Алдағы уақытта оларды орнату жұмыстары жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда облыс көлемінде «Өрт қауіпсіздігі айлығы» жарияланып, аулаларды аралау, тұрғындармен кездесулер мен түсіндірме шаралары тұрақты түрде жалғасуда. Алдағы кезеңде де бұл жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда болады,-деді Асхат Плалұлы.

Алдыңғы мақала

«AMANAT»: Қазалы аудандық партия филиалының кезектен тыс конференциясы өтті

Келесі мақала

Республикалық семинар-кеңестің секциялық отырысы өтті

Оқи отырыңыз

Заманауи техника өндіріс тиімділігін арттыруда
Саясат

Заманауи техника өндіріс тиімділігін арттыруда

Теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды
Әлеумет және экономика

Теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды

Шиеліде аудан әкімінің кубогына арналған шағын футбол турнирі басталды
Спорт

Шиеліде аудан әкімінің кубогына арналған шағын футбол турнирі басталды

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нормалары
Құқық

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нормалары

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нормалары

Ардақ Ибраимов: Ауызсу және тұрақты аяқсумен қамту басты назарда

Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды

Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр

Өзекті жаңалықтар

Заманауи техника өндіріс тиімділігін арттыруда
Саясат

Заманауи техника өндіріс тиімділігін арттыруда

0

Шаруашылық орта есеппен жылына 200 тонна күріш және 400 тонна көкөніс-бақша өнімдерін өндіреді. Өнімдері Қызылорда және Түркістан...

Теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды

Теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды

Шиеліде аудан әкімінің кубогына арналған шағын футбол турнирі басталды

Шиеліде аудан әкімінің кубогына арналған шағын футбол турнирі басталды

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нормалары

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нормалары

Ардақ Ибраимов: Ауызсу және тұрақты аяқсумен қамту басты назарда

Ардақ Ибраимов: Ауызсу және тұрақты аяқсумен қамту басты назарда

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Заманауи техника өндіріс тиімділігін арттыруда
  • Теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды
  • Шиеліде аудан әкімінің кубогына арналған шағын футбол турнирі басталды
  • Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нормалары
  • Ардақ Ибраимов: Ауызсу және тұрақты аяқсумен қамту басты назарда
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі