• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 9 қыркүйек, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

Қазалыда «Тіл – татулықтың тірегі, бірліктің жүрегі» атты мерекелік шара өтті

2017 жылы елімізде Үкімет қаулысымен 5 қыркүйек - халқымыздың тағдыры мен тілі үшін күрескен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластырып, Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілді. Осыған орай, бүгін Қазалыда «Ана тілім - Айбарым» атты мерекелік шара өтіп, тіл жанашырлары құрметке бөленді, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

08.09.2025
in Мәдениет
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Роза Бағланова атындағы аудандық Мәдениет үйінде өткен мерекелік шара аудан өнерпаздарының қазақ тілінің қадірі, байлығы туралы ерекше сахналық қойылыммен басталды. Мұнан кейін аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеуімбетов сахна төріне көтеріліп, барша жиылғандарды тілдер мерекесімен құттықтады.

— Бұл күн – халқымыздың сан ғасырлық тарихымен тамырлас, рухымен үндес, болашағымен сабақтас ана тілімізге, сондай-ақ елімізде өмір сүріп жатқан барша ұлттардың төл тілдеріне құрмет көрсететін маңызды мереке. «Тіл – ұлттың жаны» дейді дана халқымыз. Тіл – ұрпақ пен ұлтты байланыстыратын алтын көпір, халықтың жүріп өткен жолының шежіресі, жүрегінің үні. Сол себепті де тілге деген құрмет – елге деген құрмет. Ахмет Байтұрсынұлы – тіл мерекесінің рухани темірқазығы. Биыл Алаш арысының туғанына 153 жыл толып отыр. Ол «Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы» деп, тіл мен тарихтың байланысын терең түсіндіріп кеткен. Ахмет атамыз: «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» – деп, тілдің тағдыры – ұлттың тағдыры екенін дөп басып айтқан. Сондықтан тіліміздің тұғырын тіктеу – бүгінгі ұрпақтың да қасиетті борышы. Сіздерді осынау ел болашағы үшін маңызды мерекемен тағы да шын жүректен құттықтаймын! Еліміз ынтымақты, тіліміз өркенді болсын, — деді Дәурен Оңғарбайұлы.

Мерекелік шарада ауданымыздағы әрбір салада қазақ тілінің дамуына үлес қосып жүрген бірқатар тіл жанашырларына аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев пен облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының, «Алғыс хаты» және «Абай аманаты» төсбелгісі табысталды. Сонымен қатар жиында облыстық, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Алғыс хатымен» және қоғамдық бірлестіктің арнайы номинацияларын иеленгендер де болды.

Кеште Қазалы ауданы бойынша «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нұрбибі Әшір сөз сөйлеп, мерекеге орай құтықтауы мен жылы лебізін жеткізді.

Мерекелік шара барысында «Балапан» балабақшасының балалардан құралған хор ұжымы «Ана тілі» әнін ерекше орындаса, аудан өнерпаздары қазақ тілінің қасиетін ұғындыратын әсем әндерден шашу шашып, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

©️Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Туған баласынан қорлық көрген қарияның көз жұмғаны расталды

Келесі мақала

«Менде бәрі бар, бірақ анам жоқ»- Қайрат Әділгерей

Оқи отырыңыз

Бруцеллез аурушаңдығы төмендеді
Денсаулық

Бруцеллез аурушаңдығы төмендеді

Жантүршігерлік оқиға.  Түнгі клубта 19 жастағы жігітті пышақтап, өлтірген
Оқиғалар

Жантүршігерлік оқиға. Түнгі клубта 19 жастағы жігітті пышақтап, өлтірген

«Менде бәрі бар, бірақ анам жоқ»- Қайрат Әділгерей
Өнер

«Менде бәрі бар, бірақ анам жоқ»- Қайрат Әділгерей

Туған баласынан қорлық көрген қарияның көз жұмғаны расталды
Оқиғалар

Туған баласынан қорлық көрген қарияның көз жұмғаны расталды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалыда «Тіл – татулықтың тірегі, бірліктің жүрегі» атты мерекелік шара өтті

Туған баласынан қорлық көрген қарияның көз жұмғаны расталды

Республика күні ұлттық мерекесіне орай «Егемендік тірегі — адал азаматтар» байқауының өткізу ережесі

«Жыл үздігі — 2025» республикалық патриоттық байқауының өткізу ережесі 

Мемлекет басшысы: «Әлемде жаңа геосаяси тәртіп орныға бастады»

Қызылорда облысында 8406 қыз бала АПВ екпесін алды

Өзекті жаңалықтар

Бруцеллез аурушаңдығы төмендеді
Денсаулық

Бруцеллез аурушаңдығы төмендеді

0

Ауру мал іш тастағанда бөлінетін сұйық заттарымен, өлі түскен төлмен бірге бруцеллездің қоздырғыштары сыртқы ортаға тарап, жайылым,...

Жантүршігерлік оқиға.  Түнгі клубта 19 жастағы жігітті пышақтап, өлтірген

Жантүршігерлік оқиға. Түнгі клубта 19 жастағы жігітті пышақтап, өлтірген

«Менде бәрі бар, бірақ анам жоқ»- Қайрат Әділгерей

«Менде бәрі бар, бірақ анам жоқ»- Қайрат Әділгерей

Қазалыда «Тіл – татулықтың тірегі, бірліктің жүрегі» атты мерекелік шара өтті

Қазалыда «Тіл – татулықтың тірегі, бірліктің жүрегі» атты мерекелік шара өтті

Туған баласынан қорлық көрген қарияның көз жұмғаны расталды

Туған баласынан қорлық көрген қарияның көз жұмғаны расталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Бруцеллез аурушаңдығы төмендеді
  • Жантүршігерлік оқиға. Түнгі клубта 19 жастағы жігітті пышақтап, өлтірген
  • «Менде бәрі бар, бірақ анам жоқ»- Қайрат Әділгерей
  • Қазалыда «Тіл – татулықтың тірегі, бірліктің жүрегі» атты мерекелік шара өтті
  • Туған баласынан қорлық көрген қарияның көз жұмғаны расталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі