• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 5 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қазалы ауданының әкімі ардагер ұстаздарға құрмет көрсетті

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов бар ғұмырын ұрпақ тәрбиелеу ісіне арнап, ұстаздық жолда қажырлы еңбек еткен ардагер ұстаздармен кездесті. Руханият орталығында өткен басқосуда аудан басшысы ардагер ұстаздар қауымына ұлағатты ұрпақ тәрбиелеудегі еңбектері үшін алғысын білдіріп, мерекемен құттықтады,- деп хабарлайды «PostScript.kz” ақпараттық агенттігі

03.10.2025
in Мәдениет
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Бүгінгі күн – еліміздің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан, жүрегінде ел мен жерге деген адалдықтың оты мәңгі сөнбеген қазыналы қарттарымыз бен шәкірт жүрегіне білім нәрін сепкен ұстаздарымыздың мерейлі мерекесі. «Қариясы бар елдің қазынасы бар», «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» дейді дана халқымыз. Абыз ақсақалдарымыз бен асыл аналарымызды ардақтау, ардагер ұстаздарымызды құрметтеу – біздің қастерлі парызымыз. Егемен еліміздің нығаюына, туған жеріміздің гүлденуіне қосқан қажырлы қызметтеріңіз үшін Сіздерге барша аудан жұртшылығының және Өзімнің атымнан ризашылығымды білдіріп, шынайы алғысымды айтамын,- деді Алмасбек Әбілқасымұлы.

Мерекелік басқосуда аудан әкімі «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», ардагер ұстаз Серік Қуанышбаевты 75 жас мерейтойымен және бір шаңырақ астында отау құрғандарына 50 жыл болған ұстаздар отбасы Жеткербай мен Зейнегүл Махамбетовтерді мерейтойларымен құттықтап, құрмет көрсетті. Сонымен қатар ұзақ жылдар бойы білім беру саласында аянбай тер төккен ардагер ұстаздар қауымына аудан әкімінің арнайы сыйлықтары мен гүл шоқтары табысталды.

Шарада Қазалы ауданының құрметті азаматы, Қазалы ауданы білім саласы ардагерлер қоғамдық ұйымының төрағасы Серік Қуанышбай, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР мұғалімдер сезінің делегаті Кәдіркүл Жұбатқанова және басқа да білім саласының ардагерлері сөз сөйлеп, мерекеге орай құрмет көрсетіп жатқан аудан басшысы мен барша азаматтарға шынайы ризашылықтарын жеткізді.

Мерекелік басқосуда аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ардагер ұстаздар қауымына арнап ән шырқап, ерекше көңіл-күй сыйлады.

Алдыңғы мақала

Қазалыда «Ғұмырын білімге, жүрегін ұрпаққа арнаған…» атты мерекелік шара өтті

Келесі мақала

Қазалыда еңбек адамдары марапат төрінен көрінді

Оқи отырыңыз

«Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті
Құқық

«Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
Қоғам

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
Құқық

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
Құқық

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

Құрылтай сайлауы – ел бірлігі мен жауапкершіліктің көрінісі

Өзекті жаңалықтар

«Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті
Құқық

«Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті

0

Іс-шара барысында орталықтың әдіскерлері ұлттық ою-өрнек элементтерін пайдалана отырып, заманауи панно жасау әдіс-тәсілдерін көрсетіп, қатысушыларға тәжірибелік жұмыстар...

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті
  • Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
  • Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
  • Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
  • Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі