• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 30 қазан, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

«Қиналып кеттім». Шекара қызметінде қайтыс болған жас сарбаздың хаты жария болды

Маңғыстаудағы Үстірт шекара қызметінде сарбаз жанармай буынан уланып, есінен танып қалған. Салдарынан жас сарбаз көз жұмды. Оқиға 2025 жылдың 6 қазанында орын алған, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

09.10.2025
in Құқық, Оқиғалар
0
502
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

hronika.kz мәліметіне сүйенсек, кешке 21:10 шамасында шекара қызметінің бөлім бастығы, капитан Асу К. сарбаз Еркебұлан Сағындықты жанар-жағармай сақтайтын орынға жіберген. Ол жерден сарбаз дизель генераторының радиаторын жуу үшін бензин әкелуі тиіс болған. Алайда, әскери қызметтегі сарбаз бұл тапсырманы орындау барысында бензиннің буынан уланып, есінен танып қалған. Ал сағат 21:20-да оны электрик-дизелист тауып алған.

Бөлім бастығы, капитан Асу К. сарбазға алғашқы көмек көрсеткенімен жағдайы тым ауыр болған. Кейінірек,  дәрігер-реаниматолог  сарбазға қолдан келгенін жасап,  аман алып қала алмағанын, оның көз жұмғанын мәлімдеген.

Ал марқұмның туыстарына Еркебұлан Сағындықтың генератор жөндеу кезінде бензин иісіне уланып көз жұмды деген хабар жеткен.  Баласын бес айдан кейін үйге аман-есен оралады деп күтіп отырған бүтін бір әулет қара жамылды.

Қайғыдан қан жұтып отырған марқұмның анасы ұлының өліміне әскери қызметкерлердің қатысы бар деп күдіктенеді. Өйткені сарбаз бір апта бұрын ғана хабарласып, қиналып жүргенін айтыпты. Тіпті басқа әскери бөлімге ауыстырыңдаршы деп өтінген екен.

— Суббота күні сөйлескенде, мама басқа частьқа ауысуға мүмкіндік бар ма деді. Таныс жоқ па деді. Ойбу, жаным ненің танысы дедім. Не тыныштық па 5 ай қалғанда деп едім. Әй, ладно, Мама деді. Спортсмен здоровый бала ғой. Білмеймін мен, миым жетпейді. Бензиннен уланды дейді. Ол қалай уланады? Түсінбеймін мен, — дейді ГҮЛНАЗ ЖҰМАБАЕВА
МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ

20 жастағы жігіт бар сырын үйленемін деп жүрген қызына жазып отырған. Ғашығына Маңғыстаудағы әскери бөлімге келгеніне өкінетінін, мұнда сарбаздарға мүлдем жағдай жасалмағанын айтқан екен. Бойжеткеннің телефонында Еркебұлан Сағындықтың 15-20 мың теңге көлемінде жиі ақша сұраған хаттары да әлі сақтаулы. Тіпті бұзылған қозғалтқышты жөндетуге де қаражат аударғанмын дейді Ақниет Мұқан.

-Қорқытты ма білмеймін, менен сол кезде моторды істетуіміз керек деген жазбасы да бар әлі. Тез-тез ақша табылды ма, неғылды деп жаза беретін тұғын. Үстіртке қалай түсті, бұл айдаладағы жер ғой. Ақтаудың ар жағында 5-6 сағаттық жер. Магазин де жоқ. Менен 10-15 мың, бір рет 18-20 мыңдап ақша сұрайтын еді. Қиналып кеттім деп көп айтатын, — дейді АҚНИЕТ МҰҚАН
МАРҚҰМНЫҢ ДОСЫ

Ал ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды қысқа ғана ақпарат таратты. Мән-жайды ашып айтпады.

-Алдын ала мәлімет бойынша, қасіреттің себебі техникалық жұмыстар кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамауы болып табылады. Полиция органдары қылмыстық іс қозғады, қосымша қызметтік тергеу жүргізілуде,- дейді ҚР ҰҚК ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

 

Әкесінен ерте айырылған Еркебұлан Сағындық үйдің кенжесі. Медициналық колледжде оқыған жігіт әскерден орала сала үйленуді жоспарлаған екен. Алайда арманы сол күйі орындалмады. Марқұмның туыстары тергеу әділ өтіп, кінәлілер жазасын алсын деп отыр. Айта кетейік, бұл — бір аптада шекара қызметінде болған екінші сарбаз өлімі. 5-қазанда Алматыдағы әскери бөлімде борышын өтеп жүрген 18 жастағы жауынгер де қыршыннан қиылған еді.

Айта кетейік,  марқұм Еркебұлан Сағындық 2005 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2025 жылдың көктемінде әскерге шақырылған болатын.

Алдыңғы мақала

«Есірткі-ғасыр дерті!»- Қызылорда облысында дөңгелек үстел өтті

Келесі мақала

Қазалы ауданының әкімі Әйтеке би кентіндегі білім ошақтарын аралады

Оқи отырыңыз

Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды
Спорт

Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты
Мәдениет

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты

Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды
Спорт

Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды

Президент жаңа жылу электр орталығына барды
Қоғам

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

Жедел кеңесте 9 айдың қорытындысы баяндалды

Қызылордада сотталғандар арасында спорттан турнир өтті

Мемлекет басшысы «Қызылорда-нан» цехына барды

Мемлекет басшысы «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты

Мемлекет басшысы облыс жұртшылығымен кездесті

Өзекті жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды
Спорт

Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды

0

Кешенді салуға облыс бюджетін оңтайландыру барысында үнемделген қаражат есебінен 2,5 миллиард теңге қаралып, құрылыс былтыр қазан айында...

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты

Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды

Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

Жедел кеңесте 9 айдың қорытындысы баяндалды

Жедел кеңесте 9 айдың қорытындысы баяндалды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты
  • Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды
  • Президент жаңа жылу электр орталығына барды
  • Жедел кеңесте 9 айдың қорытындысы баяндалды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі