• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 20 маусым, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлемде

Швейцарияда Қызылордалық өнер майталмандарының концерті өтті

Бүгін Швейцария мемлекеті, Женева қаласының World Intellectual Property Organization конференция залында Қазақстан Республикасы күніне арналған Қызылорда облысы өнер майталмандарының концерті өтті,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

24.10.2025
in Әлемде, Өнер
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Концертке 300-ге жуық БҰҰ директорлары мен қызметкерлері, өзге ұлт өкілдері, басқа да өкілдіктер қызметкерлері және 80-ге жуық елшілер көрермен болды. Салтанатты шараны Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев және ҚР Елшісі Ерлан Алтынбайұлы ашты.
ҚР Мемлекеттік Гимні шырқалып, ұлттық фольклорымызды айшықтаған концертке көрермендер жоғары баға беріп, ерекше таңданыспен тарқасты. Концерттен соң қонақтарға ұлттық тағамдарымыздың түр-түрін қамтыған Швед үстелі үрдісімен ас мәзірі тарту етілді.

Концертте халық аспаптар ансамблі, «Томирис» би ансамблі, айтыскер ақын, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері М. Ниязов, «Құрмет» орденінің иегері Ү. Медеуова, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қ. Мейрамбек, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері А. Шағдатов, М. Мақұлбеков, дәстүрлі орындаушылар Ә. Қуаңбаев, Т. Өтенова, айтыскер-ақын Б. Орынбасар, Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары М. Аманжолов, А. Шадаев, А. Махамбетжан, А. Әбді, А. Төреғали және М. Жантөре, А. Шүкіров, Ж. Жұмабек (домбыра), Ж. Қайыпберген (жетіген), Н. Рүстемұлы (қыл қобыз), З. Нысанбаев (сыбызғы), Т. Аяпова халықтық саз сиқырымен еуропалық көрерменді таңдай қақтырып, ұлт өнерінің мерейін үстем етті.

Сыр бойының төлтума өнерін, қазақ ұлттық фольклорын жоғары деңгейде насихаттаған өнер иелері көрерменнің зор ықыласы мен құрмет-қошеметіне бөленді.

Алдыңғы мақала

Қазалыда “Кітапхана-парасат пен пайымның мекені” атты шара өтті

Келесі мақала

Қызметке адалдық – құрметке лайық қасиет

Оқи отырыңыз

Арал ауданында сенбілік жұмыстары жалғасуда
Экология

Арал ауданында сенбілік жұмыстары жалғасуда

Аймақта «Ұлт саулығын ұлықтаған дәрігер» атты салтанатты шара өтті
Денсаулық

Аймақта «Ұлт саулығын ұлықтаған дәрігер» атты салтанатты шара өтті

Аралда кезекті рейд жұмыстары жүргізілді
Құқық

Аралда кезекті рейд жұмыстары жүргізілді

«Жүректегі жапырақ» кітабының таныстырылымы өтті
Мәдениет

«Жүректегі жапырақ» кітабының таныстырылымы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жүректегі жапырақ» кітабының таныстырылымы өтті

Облыс әкімі еңбегімен үлгі болған әкеге үш бөлмелі пәтер табыстады

Тәлім мен таным түйіскен тұс

Тазалыққа үн қосқан ұжым

Еңбекпен биіктеген тұлға. Жаңақорғанда Машбек Сапарбайұлының 100 жылдығына арналған шара өтті

Түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

Өзекті жаңалықтар

Арал ауданында сенбілік жұмыстары жалғасуда
Экология

Арал ауданында сенбілік жұмыстары жалғасуда

0

Сенбілік барысында аудан орталығындағы орталық көшелер мен әлеуметтік нысандар маңы, қоғамдық орындар және қала шетіндегі аумақтар, сондай-ақ...

Аймақта «Ұлт саулығын ұлықтаған дәрігер» атты салтанатты шара өтті

Аймақта «Ұлт саулығын ұлықтаған дәрігер» атты салтанатты шара өтті

Аралда кезекті рейд жұмыстары жүргізілді

Аралда кезекті рейд жұмыстары жүргізілді

«Жүректегі жапырақ» кітабының таныстырылымы өтті

«Жүректегі жапырақ» кітабының таныстырылымы өтті

Облыс әкімі еңбегімен үлгі болған әкеге үш бөлмелі пәтер табыстады

Облыс әкімі еңбегімен үлгі болған әкеге үш бөлмелі пәтер табыстады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Арал ауданында сенбілік жұмыстары жалғасуда
  • Аймақта «Ұлт саулығын ұлықтаған дәрігер» атты салтанатты шара өтті
  • Аралда кезекті рейд жұмыстары жүргізілді
  • «Жүректегі жапырақ» кітабының таныстырылымы өтті
  • Облыс әкімі еңбегімен үлгі болған әкеге үш бөлмелі пәтер табыстады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі