• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 5 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Пробация есебіндегі сотталған азамат ағаш өңдеу цехын дамытуда

Пробация есебіндегі сотталған азамат ағаш өңдеу цехын дамытып отыр, - деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

24.10.2025
in Құқық
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметі есебінде тұрған азаматтар мемлекет ұсынған мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, жеке кәсіп ашып, өз еңбегімен қоғамға бейімделіп келеді.
Солардың бірі — Жаңақорған ауданында тұратын азамат. 2023 жылы ол мемлекеттік грант бағдарламасы аясында қайтарымсыз қаржы ұтып алып, ағаш өңдеуге арналған заманауи станоктар сатып алған. Осылайша өз ағаш өңдеу цехын ашып, кәсібін бастады.

– Кез келген өлшем мен пішіндегі ағаш бұйымдарын жасап беремін. Қазір тапсырыс көп, тұтынушылардың талабы да жоғары. Барлығын уақытында орындауға тырысамын. Бәрі бірден оңай болған жоқ — екі жыл ішінде цехымды кеңейтіп, тұрақты табыс табуға қол жеткіздім. Кәсіп ашу — бала күнгі арманым еді. Сол арманның орындалуына қолдау көрсеткен аудандық пробация қызметіне алғысым зор. Қазір өзіммен бірге екі азамат тұрақты жұмыспен қамтылып отыр, – дейді жеке кәсіпкер.

Жаңақорған аудандық пробация қызметінің бастығы Анарбек Искаковтың айтуынша, бүгінде пробация есебінде тұрған жеті азамат мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, түрлі бағытта кәсіптерін дамытып келеді. – Қайта әлеуметтендіру және әлеуметтік бейімдеу бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Есептегі азаматтардың арасында ағаш өңдеу цехын ашқандар, газоблок өндірісін жолға қойғандар және мал шаруашылығын дамытып отырғандар бар. Мұндай қолдау шаралары олардың қоғамға қайта бейімделуіне және жаңа өмір бастауына үлкен мүмкіндік береді, – деді ол. Пробация қызметі мамандарының пікірінше, мемлекеттік гранттар мен әлеуметтік қолдау тетіктері сотталған азаматтардың еңбек арқылы түзеліп, өз кәсібін ашып, отбасылық және қоғамдық өмірге қайта араласуына зор серпін беріп отыр.

Ақпарат көзі Polisia.kz

Алдыңғы мақала

Қызметке адалдық – құрметке лайық қасиет

Келесі мақала

Қазалы ауданының әкімі білім беру нысандарын аралады

Оқи отырыңыз

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
Қоғам

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
Құқық

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
Құқық

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
Мәдениет

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

Құрылтай сайлауы – ел бірлігі мен жауапкершіліктің көрінісі

Құрылтай сайлауы – қоғамдық белсенділіктің маңызды көрінісі

Өзекті жаңалықтар

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
Қоғам

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

0

Мемлекет тарапынан отандық өндірісті дамытуға, жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға және Қазақстандық өнімдердің нарықтағы үлесін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде....

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
  • Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
  • Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
  • Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
  • “Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі