• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Білім

Қазалы ауданының әкімі білім беру нысандарын аралады

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентіндегі Қ.Сәтбаев атындағы №216, Б.Мергенбаев атындағы №226 мектептер мен Қорқыт Ата атындағы аудандық балалар музыка мектебін және аудандық Оқушылар үйі ғиммараттарын аралады,-деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

24.10.2025
in Білім
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Алдымен білім ошақтарын аралаған аудан басшысы мектеп асханалары мен спорт залдарының жағдайын көріп, мектеп директорларына балаларға берілетін күнделікті ас мәзіріне, асхананың жалпы санитарлық жағдайына аса мән беруді тапсырды. Сонымен қатар сыныптардың керекті жабдықтармен жабдықталуы және мектептердің ішкі-сыртқы санитарлық-тазалық мәселесін назардан тыс қалдырмауды тапсырды.

Ал, аудандық оқушылар үйінің ғимаратын аралау барысында ғимараттың жай-күйін көріп, ондағы үйірме жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ оқушылар үйінің білім алушыларымен кездесіп, балаларға жарқын болашақ тіледі. Бүгінде аудандық Оқушылар үйінде барлығы 25 үйірме бойынша 1151 оқушы білім алуда. Алдағы уақытта аудан орталығынан 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебін» салу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Әйтеке би кентіндегі Оқушылар үйі ғимараты 1905 жылы салынған Теміржолшылар клубы, кейіннен әскери шіркеу үйі болған тарихи ғимарат.

Аудан әкімі Оқушылар үйінен кейін аудан орталығындағы Қорқыт Ата атындағы аудандық балалар музыка мектебіне барды. Қорқыт Ата атындағы өнер мектебі 1964 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатқан аудандағы бірден-бір өнер ошағы. Талай толағай таланттардың тамырына нәр берген, шәкірттерін шынайы өнердің шыңына шығарған өнегелі өнер ордасы. Бүгінде іргелі ұжымда жоғарғы дәрежелі 70-ке жуық педагог 850 оқушыға музыканың 15 бағыты бойынша дәріс береді.

Алдыңғы мақала

Пробация есебіндегі сотталған азамат ағаш өңдеу цехын дамытуда

Келесі мақала

Жауапкершілікке негізделген ортақ мақсат

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі