• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 4 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Бесарық, Қоғалыкөл және Шіркейлі ауылдарында есепті кездесулер өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" №826 жарлығына сәйкес бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың ІІ жартыжылдықтағы есепті кездесулері Бесарық, Қоғалыкөл, Шіркейлі ауылдарында өтті,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

15.11.2025
in Қоғам
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Кездесулерге «AMANAT» партиясы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім мен коммуналдық сала басшылары қатысты.

Жиын барысында аудан әкімі аймақ бойынша жаңалықтармен бөлісіп, аудан бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.

– 2022 жылдан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен, Үкіметтің және аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен аймағымызда халыққа қажетті 200-ге жуық әлеуметтік нысандар салынып, тұрғындарымыздың игілігіне берілді. 1 600 шақырым автомобиль жолдары мен 30 көпір өткелін салуға, күрделі жөндеуден өткізуге 144 млрд. 775 млн. теңге бөлінді. Биыл облыста жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 95 пайызға жетті. Қызылорда қаласында 270 көше қайта жаңғыртылды. Қызылорда-Жезқазған жолының бізге тиесілі 191 шақырымы бүгінде толық асфальттанды, енді жол белгілері мен инфрақұрылымы реттелу үстінде. Келер жылы толығымен пайдалануға берілмек. Биыл барлық елді мекендер 100 пайыз орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. 2021 жылдың соңында газдандыру деңгейі 67 пайызды құраса, бүгінде бұл көрсеткіш өңірде 83 пайызға жетті. Биыл газдандыру жобаларына 6 млрд. 100 млн. теңге қаржы бөлінген. 2022-2024 жылдары тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 5 мыңнан аса пәтер табысталды. Биыл 3 600 пәтерлі тұрғын үй салуға бюджеттен 58 млрд. 785 млн. теңге бөлінді. Айтулы инвестжоба санатында «Акса Энерджи» түрік инвесторымен 215 млрд. теңгеге қуаттылығы 240 мегаватты құрайтын жаңа жылу электр орталығы салынды. Қызылорданы ыстық сумен қамтамасыз ету мәселесі оң шешімін тапты. Жыл соңына дейін облыс орталығындағы көпқабатты үйлер ыстық сумен қамтамасыз етіледі, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Биыл Бесарық ауылында кіреберіс 2 шақырым жол түнгі жарықпен қамтылса, Қоғалыкөл ауылында Ә.Тілеулиев, М.Шоқай, С.Майқанова, Ы.Алтынсарин көшелері күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ, Шіркейлі елді мекенінде Ж.Нұрсейітов, Б.Жақыпов көшелері күрделі жөнделіп, шағын футбол алаңы пайдалануға берілді.

Аудан басшысы аталған елді мекен тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, тұрғындарға жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді. Тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Қаржыгерлерге құрмет көрсетілді

Келесі мақала

Аудан әкімі еңбек және тыл ардагері Ертас Сәдуақасовты қабылдады

Оқи отырыңыз

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
Қоғам

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
Құқық

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
Құқық

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
Мәдениет

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

Құрылтай сайлауы – ел бірлігі мен жауапкершіліктің көрінісі

Құрылтай сайлауы – қоғамдық белсенділіктің маңызды көрінісі

Өзекті жаңалықтар

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
Қоғам

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

0

Мемлекет тарапынан отандық өндірісті дамытуға, жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға және Қазақстандық өнімдердің нарықтағы үлесін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде....

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
  • Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
  • Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
  • Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
  • “Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі