• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 17 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қаржыгерлерге құрмет көрсетілді

Бүгін Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев Ұлттық Валюта күні және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аудан қаржыгерлері мен сала ардагерлерін мерекемен құттықтады ,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

15.11.2025
in Қоғам
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

 

 

 

– Төл теңгеміздің тарихы Қазақстан Президентінің 1993 жылдың 12 қарашасында қол қойған «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Заңынан бастау алып,

15 қарашадан бастап ел аумағындағы жаңа сауда-саттық жасау құралы ретінде қолданысқа енгізілді. Бұл күн – Қазақстан тарихындағы атаулы күндердің біріне, ал, Ұлттық Валюта – біздің ел Тәуелсіздігі мен мемлекеттігіміздің басты белгісіне айналды.

1997 жылдан бері Мемлекет басшысының Жарлығымен 15 қараша – Ұлттық Валюта және қаржыгерлер күні ретінде аталып келеді. Қаржы жүйесі – елдің экономикасын басқарудың күретамыры, ал сала мамандары – бюджетті жоспарлаушы, мемлекеттік саясаттың орындалуына тікелей ықпал етуші тұлғалар. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз, есеп пен тәртіпке деген адал көзқарастарыңыз ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етіп отыр. Аудан бюджетінің теңгерімді құрылуы, әлеуметтік нысандардың уақытылы қаржыландырылуы, ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымдық дамуы – осының бәрі Сіздердің аса жауапты еңбектеріңіздің жемісі. Аудандық бюджеттің салықтық түсімдері жылдан — жылға ұлғайып келеді. Салықтық түсімдер көлемінің ұлғайғаны аудандық бюджет кірісінің көлемінің өсуіне ықпал жасады. Биыл 10 айлық қорытынды бойынша аудан бюджеті 13 миллиардқа жетті.

Осындай табысқа жетуімізге Өздеріңіз секілді тәжірибелі, білікті мамандардың өзіндік үлесі бар. Сала ардагерлері, Сіздердің де ұзақ жылдар бойы ауданның экономикалық әлеуетін нығайту жолында атқарған қажырлы еңбектеріңіз – бүгінгі буынға үлгі.

Бүгінгі мерейлі мерекеде ел экономикасының дамуына аянбай күш-жігерін жұмсаған қаржы саласының ардагерлері мен бүгінгі сала қызметкерлеріне шынайы алғысымды білдіремін, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Мерекелік қабылдауда аудан әкімі аудандық қазынашылық басқармасының басшысы З.Рахымшаеваны құрметті зейнет демалысына шығуымен құттықтады.

– Атаулы мерекеде аудандық қазынашылық басқармасының басшысы Рахымшаева Зағира Байқоңырқызы құрметті зейнет демалысына шығуда. Зағира Байқоңырқызы аудан дамуына өлшеусіз үлес қосты. Облыстық қазынашылық басқармасында экономист, қазынашы, бөлім басшысы қызметтерін атқарып, 2015 жылдан бері аудандық қазынашылық басқармасын басқарып келді. Он жыл ішінде аудан қазынасының көбеюіне тынымсыз қызмет атқарып, экономикамызды дамытуға атсалысты. Қаржы жүйесіндегі қажырлы қызметі үшін Зағира Рахымшаеваға аудан халқы және Өзімнің атымнан шынайы ризашылығымды жеткіземін, – деді аудан әкімі.

Құттықтаудан соң аудан әкімі З.Рахымшаеваға облыстық «Құрмет грамотасын» табыс етті. Сондай-ақ, аудан экономикасының дамуына қызмет атқарып жүрген бірқатар сала ардагері мен қызметкері облыс, облыс әкімі орынбасары және аудан әкімінің «Алғысы хатымен» марапатталды.

Мерекелік іс-шарада сала ардагерлері қаржыгерлерге жылы лебіздерін жеткізді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

Алдыңғы мақала

Қаржыгерлер қауымы кәсіби мерекеде марапатталды

Келесі мақала

Бесарық, Қоғалыкөл және Шіркейлі ауылдарында есепті кездесулер өтті

Оқи отырыңыз

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
Құқық

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
Құқық

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
Қоғам

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді
Саясат

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Қызылордада «Киокушин – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен облыстың ашық біріншілігі өтті

«Есірткісіз болашақ!» ұранымен «Мафия» интеллектуалдық ойыны өтті

Өзекті жаңалықтар

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
Құқық

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

0

Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан аумағында заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды анықтау және олардың заңсыз...

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының  378 учаскесінде дауыс беру басталды

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
  • Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді
  • Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі