• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 16 маусым, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалы ауданында жастар форумы өтті

Қазалы ауданының жастары жылды қорытындылауға арналған «Қазалы жастар форумы-2025» атты аудандық жастар форумын өткізді,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

06.12.2025
in Қоғам
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аудан орталығындағы «ROYAL PALACE» салтанат сарайында өткен шарада қазалылық жастардың қол жеткізген жетістіктері мен жоғары көрсеткіштер сараланды. Жастар форумына қазалылықтармен қатар, Қызылорда қаласы мен көршілес Арал ауданының жастары да шақырылды.

Басқосуға қатысқан аудан әкімі Алмасбек Есмаханов құттықтау сөз сөйлеп, қазалылық жастардың бағындырған белестерін ерекше атап өтті.

Бүгінгі жылды қорытындылауға арналған жастар форумы – бұл жай ғана басқосу емес, бұл – жасампаз ой мен жаңа идеялардың, ел ертеңіне деген сенімнің алаңы. Мемлекетіміздің болашағы – Сіздер, құрметті жастар! Сондықтан сіздердің ой-пікірлеріңіз, бастамаларыңыз, ел дамуына қосып жатқан үлестеріңіз – біз үшін аса маңызды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Жастар қашанда және қай кезде де өзгерістің басы-қасында жүреді. Сіздер дүние әп-сәтте мың құбылатын заманда өмір сүріп жатсыздар. Жастардың өздерін танытуына мүмкіндік мол. Озық ойлы жастардың қоғам өміріне белсене араласуы, білімпаздығы, еңбек етуге және өзін-өзі дамытуға құштарлығы қуантады. Өйткені еліміздің бүгіні де, ертеңі де – сіздер», – деп, жастарға үлкен сенім артқан болатын. Шығыстың жарық жұлдызы, жалынды жастардың жетекшісі ретінде ел есінде қалған Ғани Мұратбаевтың ізгі істері мен мұрасын бүгінгі қазалылық жастар лайықты жалғастырып келеді. Бүгінде өңірімізде аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен Сыр жастарына үлкен қолдау көрсетіліп келеді. Жастардың жалынды жігерімен болашақтың іргетасын бірге қалауға, қолдау көрсетуге әрқашан дайынбыз, — деді аудан әкімі Алмасбек ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ.

Жастар форумында өз мамандығы бойынша әр салада жемісті еңбек етіп жүрген жалынды жастар облыс және аудан әкімінің, облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Марапаттау рәсімінен кейін жастар форумы көңілді кешке, аудан өнерпаздарының керемет ән-шашуына ұласты. Сондай-ақ жайдарманшы Құттыбай Сағындықов өнер көрсетіп, аудандық форумның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосты. Форум әрі қарай жастардың би кешіне ұласты.

Алдыңғы мақала

«Аяқ-қолымды қысып, зорлады». Қызылордада 15 жастағы студент қыз жігіттен көрген азабын айтты

Келесі мақала

«Тереңөзек тазалығы» мекемесінің қысқа дайындығы пысықталды

Оқи отырыңыз

Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды
Саясат

Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды
Әлеумет және экономика

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды
Спорт

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды

Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр
Әлеумет және экономика

Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр

«РЭП – есірткіге қарсы!» атты облыстық рэп орындаушылар байқауының қорытындысы шығарылды

Жергілікті команда жеңіске жетті

Облыс әкімі Қарауылтөбедегі өрт сөндіру бекетінің ашылуына барды

Маңызды жобалар мен құрылыс нысандары бақылауда

Шиелі аудан әкімі Айтбай Жандарбеков «Шолпан Ана» егіс алқабындағы жұмыстармен танысты

Өзекті жаңалықтар

Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды
Саясат

Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды

0

Кейінгі жылдары «BI Group» компаниясының ауқымды инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалары өңір келбетін жаңғыртқаны белгілі. Атап айтқанда, «Сыр...

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды

Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр

Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр

«РЭП – есірткіге қарсы!» атты облыстық рэп орындаушылар байқауының қорытындысы шығарылды

«РЭП – есірткіге қарсы!» атты облыстық рэп орындаушылар байқауының қорытындысы шығарылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды
  • Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды
  • Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды
  • Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр
  • «РЭП – есірткіге қарсы!» атты облыстық рэп орындаушылар байқауының қорытындысы шығарылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі