• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 4 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Балалар арасында желшешек ауруы төмендеді

Желшешек – ауа тамшылары жолымен жұғатын, қызбамен, орташа айқын интоксикациямен және бөртпемен сипатталатын жіті инфекциялық ауру. Негізінен жас балалар немесе мектеп жасына дейінгі балалар ауырады.

05.01.2026
in Денсаулық
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Қызылорда облысында 2025 жылы желшешектің 901 жағдайы тіркелген. Оның 86,5% – 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталды. 2024 жылмен салыстырғанда аурушаңдық көрсеткіші 146 жағдайға төмендеген.

Инфекция көзі ауру адам болып табылады, ол вирусты 100% жағдайда таратады, сондықтан ауру кезеңінде науқас пен сау адамдар арасындағы байланысты шектеу өте маңызды. Инкубациялық кезең 10-нан 21 күнге дейін созылады.
Ауру ең алдымен дене температурасының 39-40 градусқа дейін күрт көтерілуімен, бастың ауруымен сипатталады. Желшешектің ең айқын белгісі – бөртпе және қышыну. Желшешек бөртпесі тек теріде және шырышты қабаттарда ғана емес, бас терісінде де пайда болады. Науқастың сауығуы бөртпе шыққаннан 10 күннен соң басталады. Егер қызба 39 градустан асса, бала өзін нашар сезінсе, қандай да бір өзгерістер байқаған болсаңыз дәрігер көмегіне жүгіну қажет. Өзін-өзі емдеумен айналыспай, дер кезінде медициналық көмек көрсету аурудың асқынып кетуінің алдын алады. Балаларда желшешек ересектерге қарағанда жеңіл түрде өтеді, кей жағдайда ересектер асқынулардан зардап шегуі мүмкін. Желшешектен сауыққаннан кейін иммунитет қалыптасады, инфекцияның қайталануы өте сирек кездеседі.
Аурудың алдын алу мақсатында:
– науқаспен байланысты шектеу;
– науқасқа жеке ыдыс-аяқ, төсек-орын, гигиеналық керек-жарақтар бөлу;
– науқастың киімдері мен төсек-орындарын бөлек жуу;
– қайталама инфекцияның қосылуын болдырмау үшін жеке бас гигиенасын сақтау;
– үй-жайларды жиі ылғалды тазалау және желдету;
– салауатты өмір салтын ұстану.

Әлия Әбдіқайымова
Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары

Алдыңғы мақала

Қызметкерлердің жай-күйі сараланды

Келесі мақала

Ақпаннан бастап балаларға арналған ұйымдарда жаңа қағидалар енгізілмек

Оқи отырыңыз

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
Құқық

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
Мәдениет

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды
Әлеумет және экономика

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде
Денсаулық

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

Құрылтай сайлауы – ел бірлігі мен жауапкершіліктің көрінісі

Құрылтай сайлауы – қоғамдық белсенділіктің маңызды көрінісі

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордаға жұмыс сапарымен келді

Қызылордада Президенттік кітапхана мен драма театр салынуда

Өзекті жаңалықтар

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
Құқық

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

0

Жиынға ҚАЖ ардагері Жалғасбай Есмаханов қатысып, отырысқа мекеме бастығының орынбасары Жеңіс Ернияз төрағалық етті. Кездесу барысында қызметтік...

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
  • Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
  • “Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды
  • Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде
  • Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі