• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 15 сәуір, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Білім

Сыр төрінде «Адал азамат: ауыл мектебінің келешегі» атты республикалық семинар-тренинг өтті.

Қызылорда өңірінде өткен республикалық семинар-тренинг ауылдық білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруді көздейді. Қызылжарма ауылдық округіндегі «Келешек» мектебінде жалауы желбіреген бұл жоба Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен, «Ауыл» партиясының және Қызылорда облысы әкімдігінің бірлескен бастамасымен жүзеге асырылуда, деп хабарлайды «PostScript.kz» Ақпараттық агенттігі.

06.02.2026
in Білім
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауларында «Адал азамат» тұжырымдамасын негізге ала отырып, әділетті қоғамның негізін интеллектуалды әрі жауапкершілігі жоғары ұрпақ қалайтынын баса атап өтті.

Іс-шараның ашылу салтанатында Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ділмұхамед Абизов Мінуарбекұлы ауыл мұғалімдерінің стратегиялық маңызына тоқталды:

— Ауылдағы мұғалім — мемлекетіміздің ертеңгі келбетін қалыптастыратын басты тұлға. Бүгінгі бас қосу ұстаздарымыздың кәсіби шеберлігін шыңдап, ауыл мен қала мектептері арасындағы білім алшақтығын жоюға үлкен септігін тигізбек. Өңір басшылығы білім саласындағы мұндай оң өзгерістерге әрқашан қолдау көрсетеді, -деп атап өтті.

Жиын барысында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі Айгерім Сарсенбаева отбасы құндылықтары мен ауыл баласының қауіпсіздігіне тоқталды:

— Біз үшін әрбір баланың тағдыры — ұлттың болашағы. Бұл жобаның түпкі мәні Ұлттық комиссияның басты міндеттерімен, атап айтқанда, отбасы институтын нығайту және балалардың құқығын қорғаумен тікелей ұштасады. Біздің міндетіміз тек академиялық білім берумен шектелмей, баланың рухани әлемін байыту және оны заманауи қатерлерден қорғау. Ауыл мектебі — қоғам мен отбасын біріктіретін киелі шаңырақ, берекелі бірліктің орталығы. Әрбір ауыл баласының сапалы білім алып, қауіпсіз ортада өсуі — біздің ортақ жауапкершілігіміз әрі жұмысымыздың басты индикаторы, — деді АЙГЕРІМ САРСЕНБАЕВА.

Ал «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Қуаныш Сейтжанов ауыл мұғалімдерінің қоғамдағы мәртебесі мен партияның ұстанымын жеткізді.

— Ауыл мұғалімі — елдің ұйытқысы, жаңа буынның рухани темірқазығы. Біз үшін ауыл мектептеріне қолдау көрсету — жай ғана бағыт емес, бұл «Әділетті Қазақстанның» кадрлық іргетасын қалау. Біз ауыл мұғалімінің тек кәсіби біліктілігін емес, оның қоғамдағы асқақ беделін қалпына келтіруіміз керек. Мұғалім заманауи әдістемелермен қаруланып, ауыл баласына жаһандық мүмкіндіктерді аша білуі тиіс. Осындай семинарлар өңірлердегі кадрлық әлеуетті нығайтып, білім сапасын жүйелі арттыру арқылы ауылдың әлеуметтік ахуалын жақсартуға жол ашады, — деп түйіндеді ҚУАНЫШ СЕЙТЖАНОВ.

Семинардың күн тәртібі тек теориямен шектелмей, заман талабына сай ең өзекті тақырыптарды қамтыды. «Білім берудің жаңа парадигмасы: құндылық, сапа және даму» тақырыбындағы пленарлық отырыста «Qazaq Digital Mektebi» жобасы мен цифрлық технологияларды оқу үдерісіне енгізу мәселелері қызу талқыланды.

Жиынның екінші бөлімінде қатысушылар төрт секцияға бөлініп, төмендегідей маңызды бағыттар бойынша тәжірибе алмасты:

Әлеуметтік тәуекелдермен күрес: Балалардың гаджеттерге тәуелділігі мен лудоманияның алдын алу;

Цифрлық сауаттылық: Оқу үдерісінде Жасанды интеллект (AI) мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;

Киберқауіпсіздік: Мұғалім мен оқушының виртуалды кеңістіктегі қауіпсіздік мәдениеті;

Жаһандық білім: Ауыл мұғалімдері мен түлектеріне арналған халықаралық бағдарламалар мен басқарудың икемді (Agile) тәсілдері.

«Келешек» мектебінде өткен бұл семинар-тренинг – ауыл мектебінің жай ғана білім ордасы емес, заманауи технологиялар мен ұлттық құндылықтар тоғысқан үлкен орталыққа айнала алатынын дәлелдеді. Жиын соңында қатысушылар ауылдық білім сапасын арттыру бойынша нақты ұсыныстар жиынын әзірледі.

Алдыңғы мақала

Қызылшадан екпе арқылы қорғаныңыз

Келесі мақала

Жасөспірімдерге түсіндірме жұмысы жүргізілді

Оқи отырыңыз

Сырдария ауданында электр желілері жаңартылуда
Қоғам

Сырдария ауданында электр желілері жаңартылуда

Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы тұрақты бақылауда
Әлеумет және экономика

Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы тұрақты бақылауда

Мәжілісте ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер қаралды
Әлеумет және экономика

Мәжілісте ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер қаралды

Қазалы: Елдімекендерді сапалы инфрақұрылыммен қамту бағытында ауқымды жобалар жүзеге асуда
Қоғам

Қазалы: Елдімекендерді сапалы инфрақұрылыммен қамту бағытында ауқымды жобалар жүзеге асуда

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалы: Елдімекендерді сапалы инфрақұрылыммен қамту бағытында ауқымды жобалар жүзеге асуда

Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланды

Шиелілік өнерпаз ақжаулықты әжелер — республикалық байқаудың жеңімпазы!

«Таза Қазақстан» акциясы аясында көркейту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Нағи Ілиясов ауылындағы дәрігерлік амбулатория қызметі жалғасуда

Сауда нысандарындағы тазалық пен тәртіптің сақталуы аудан әкімінің басты назарында

Өзекті жаңалықтар

Сырдария ауданында электр желілері жаңартылуда
Қоғам

Сырдария ауданында электр желілері жаңартылуда

0

«Қызылорда электр тарату торабтары компаниясы» акционерлік қоғамы мердігерлігімен 1 дана КРН-IV-10 10 кВ ұяшығы, 4 дана КТПБ...

Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы тұрақты бақылауда

Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы тұрақты бақылауда

Мәжілісте ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер қаралды

Мәжілісте ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер қаралды

Қазалы: Елдімекендерді сапалы инфрақұрылыммен қамту бағытында ауқымды жобалар жүзеге асуда

Қазалы: Елдімекендерді сапалы инфрақұрылыммен қамту бағытында ауқымды жобалар жүзеге асуда

Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланды

Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Сырдария ауданында электр желілері жаңартылуда
  • Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы тұрақты бақылауда
  • Мәжілісте ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер қаралды
  • Қазалы: Елдімекендерді сапалы инфрақұрылыммен қамту бағытында ауқымды жобалар жүзеге асуда
  • Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі