• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 13 мамыр, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Қызылшадан екпе арқылы қорғаныңыз

Қызылша – қызба, әлсіздік, денеге бөртпе шығу, жоғарғы тыныс жолдарының зақымдалуымен сипатталатын жедел вирустық инфекциялық ауру. Ол науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде ауа тамшылары арқылы жұғады. Қызылша пневмония, бронхит, энцефалит сияқты асқынулармен қауіпті.

04.02.2026
in Денсаулық
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Медициналық көмекке кеш жүгінгенде және қызылшамен қатар басқа қосалқы аурулар болған жағдайда бұл асқынулар өлімге әкелуі мүмкін.

Қызылшадан ең тиімді қорғану жолы – уақтылы вакцинация. Ол Ұлттық екпелер күнтізбесіне енгізілген және ақысыз негізде жіргізіледі. Балаларға қызылшаға қарсы алғашқы егу 1 жасында және қайта егу (ревакцинация) 6 жасында жасалады. Қызылшаға қарсы вакцина қызамық пен паротитке (ҚҚП) қарсы компонентпен қоса қолданылады.
Тиісті контингентті толық вакциналау нәтижесінде ұжымдық иммунитет қалыптасады, ауруды тасымалдау деңгейі төмендейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша иммундау жыл сайын 3 миллионға дейін өлім-жітім жағдайларының алдын алуға мүмкіндік береді. Алайда спецификалық емес профилактикалық шаралармен амалданып, вакцинациялау мәселесіне салғырт қарайтын тұрғындар жоқ емес. Дене белсенділігмен айналысу, дұрыс тамақтану, салуатты өмір салтын ұстану иммунитетті көтеретіні анық, дегенмен инфекция қоздырғышынан үнемі қорғай алмайды. Қызылшаға қарсы екпе алмаған адам осы инфекцияға өте сезімтал келеді, қысқа уақыттың ішінде науқаспен байланысқан жағдайда қызылшаны жұқтырып алу қаупі өте жоғары.
2025 жылы Қызылорда облысы бойынша қызылша ауруының зертханалық жолмен нақтыланған 339 жағдайы тіркелді. Аурудың басым көпшілігі, яғни 71,1% – қызылшаға қарсы екпе алмағандар арасында анықталды. Аурушаңдықтың салыстырмалы түрде өсу тенденциясы өткен жылдың маусым айынан басталды. Дегенмен 2024 жылғы аурушаңдық көрсеткішімен салыстырғанда 4,6 есеге төмен. Ағымдағы жыл басынан бері қызылша ауруының зертханалық жолмен расталмаған, эпидемиологиялық байланысы бар 17 клиникалық жағдай есепке алынды.
Қызылша ауруының облыс аумағында одан әрі таралуының алдын алу мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық және профилактикалық іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы №7 қаулысына сәйкес 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі балаларға ата-аналардың ақпараттандырылған келісімімен қосымша иммундау жүргізілуде.
Жоспарлы вакцинация мерзімдерін өткізіп алған 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қызылшаға қарсы толықтыру вакцинация ұйымдастырылуда. Қызылшамен ауыратын науқаспен тығыз байланыста болған, егілмеген немесе толық егілмеген 30 жасқа дейінгі адамдарға эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 72 сағат ішінде шұғыл вакцинация жүргізіледі.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындар назарына қызылшаның алдын алу шараларын ұсынады:
— қызылшаға қарсы егу мәртебесін тексеру, вакцинация алмаған жағдайда тұрғылықты жері бойынша емханалардан қызылшаға қарсы екпе алу;
— медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты екпе алмаған балалардың адам көп жиналатын жерлерде болуын шектеу (мәдени-көпшілік іс-шаралар, сауда, ойын-сауық орталықтары және т.б.);
— қызылшаға күдікті ауру белгілері – дене қызуының көтерілуі, мұрыннан су ағу, жөтел, денеде бөртпелердің пайда болуы сияқты симптомдар байқалса, шұғыл дәрігер көмегіне жүгіну;
— екпеге қосымша салауатты өмір салтын ұстану.

Гульмира Сыздыкова
Қызылорда облысының СЭБД басшысы

фото:cmei.com.ua

Алдыңғы мақала

Көкжөтелдің аймақтағы эпидахуалы тұрақты

Келесі мақала

Сыр төрінде «Адал азамат: ауыл мектебінің келешегі» атты республикалық семинар-тренинг өтті.

Оқи отырыңыз

Жалағашта су үнемдеу технологияларына басымдық берілуде
Әлеумет және экономика

Жалағашта су үнемдеу технологияларына басымдық берілуде

Жаңақорғанда егін жұмыстарының жай-жапсары талқыланды
Әлеумет және экономика

Жаңақорғанда егін жұмыстарының жай-жапсары талқыланды

Жаңақорғанда ұлы жеңіс күні тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Қоғам

Жаңақорғанда ұлы жеңіс күні тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

«Моргке апарып тастаған». Бірінші курс студенті әлімжеттіктен көз жұмған
Білім

«Моргке апарып тастаған». Бірінші курс студенті әлімжеттіктен көз жұмған

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Моргке апарып тастаған». Бірінші курс студенті әлімжеттіктен көз жұмған

“Ана мен балаға өмір сыйлайық!”: Қан донорлығы акциясы бастау алды

Аймақ басшысы ел ағаларымен кездесті

Айгүл Иманбаева — «Жау алыстан келмейді»

Аудан орталығында «Yerbol» тіс емханасы ашылды

Облыс әкімі құрылыс нысандарын аралады

Өзекті жаңалықтар

Жалағашта су үнемдеу технологияларына басымдық берілуде
Әлеумет және экономика

Жалағашта су үнемдеу технологияларына басымдық берілуде

0

Ауданда биыл 41 758 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылады. Оның ішінде күріш – 16 800 га,...

Жаңақорғанда егін жұмыстарының жай-жапсары талқыланды

Жаңақорғанда егін жұмыстарының жай-жапсары талқыланды

Жаңақорғанда ұлы жеңіс күні тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Жаңақорғанда ұлы жеңіс күні тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

«Моргке апарып тастаған». Бірінші курс студенті әлімжеттіктен көз жұмған

«Моргке апарып тастаған». Бірінші курс студенті әлімжеттіктен көз жұмған

“Ана мен балаға өмір сыйлайық!”: Қан донорлығы акциясы бастау алды

“Ана мен балаға өмір сыйлайық!”: Қан донорлығы акциясы бастау алды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жалағашта су үнемдеу технологияларына басымдық берілуде
  • Жаңақорғанда егін жұмыстарының жай-жапсары талқыланды
  • Жаңақорғанда ұлы жеңіс күні тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді
  • «Моргке апарып тастаған». Бірінші курс студенті әлімжеттіктен көз жұмған
  • “Ана мен балаға өмір сыйлайық!”: Қан донорлығы акциясы бастау алды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі