• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Спорт

Қызылорда өңірінде «КӨКТЕМ-2026» оқу жаттығуы өткізілді

Оқу-жаттығудың тақырыбы: «2026 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіне төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік кіші жүйесінің басқару органдарын, күш-құралдарын дайындау». Негізгі мақсат көктемдегі төтенше жағдайды жоюға азаматтық қорғау қызметтерінің, құрылымдарының әзірлігін тексеру болып табылады, деп хабарлайды «PostScript.kz» Ақпараттық агенттігі.

26.02.2026
in Спорт, Денсаулық, Саясат
0
497
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

25 ақпанда Қызылорда облысы ТЖД Дағдарыс орталығында Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналиновтың төрағалығымен жиын өткізілді. Оған өңірдегі азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдері қатысып, оқу-жаттығуға дайындықтары туралы есеп берді.

Келесі күні Қызылорда қаласындағы «Сол жағалау» шағын ауданындағы «Qaysar Arena» жанында күш-құралдарды саптық қарау кезеңі өткізілді. Оған ТЖД, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық ветеринария басқармасы, №5547 әскери бөлімі, қалалық полиция басқармасы, «Қазақтелеком» АҚ филиалы, құрылыс бөлімі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, қоғамдық даму бөлімі, білім бөлімі, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, электр тарату торабы компаниясы қатысты. Аталмыш мекенжайдағы саптық қарауға барлығы 210 адам, 60 техника қатысты.

Одан соң Талсуат елді мекенінде оқу-жаттығудың практикалық кезеңі ұйымдастырылды. Практикалық кезеңнің басты бағыты — қорғаныс бөгеттерін нығайту, тұрғындарды эвакуациялау, қабылдау-жинақтау пункттерін тексеру. Аудандарда да аталмыш практикалық кезең өткізілді.

Оқу-жаттығудың шарты бойынша: ТЖД жедел кезекшісіне — «112» телефонына елді мекеннің тұрғынынан Талсуат елді мекенінде Сырдария өзенінің оң жаға қорғаныс бөгетінен су асып, елді мекенге қарай тасып жатқаны, 25 үйді су басқандығы туралы хабарлама келді.

Нәтижесінде Талсуат елді мекенінен 115 тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілді. Олар эвакуациялық жинақтау-қабылдау пункттеріне жеткізіліп, оларға тиісті көмектер көрсетілді. Жалпы оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау қызметтері өздеріне жүктелен міндеттерді нәтижелі атқарды. Оқу-жаттығудың практикалық кезеңіне барлығы 126 адам, 32 техника жұмылдырылды.

Алдыңғы мақала

«Тәртіп пен жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің негізі» тақырыбында ашық диктант өтті

Келесі мақала

Ұжымдық рухты нығайтқан тренинг

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі