• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 4 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Жалағаш ауданында ерлік күніне орай тағылымды шара өтті

Аудан орталығында 7 сәуір – Ерлік күніне және Қазақстан әскерінің Тәжік-Ауған шекарасынан шыққанына 25 жыл толуына орай тағылымды шара өтті. Тәжік-Ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерді еске алуға арналған шаралар легі «Тағзым» алаңында еске алып, гүл шоқтарын қою рәсімінен бастау алды, деп хабарлайды «PostScript.kz» Ақпараттық агенттігі.

09.04.2026
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Шараға аудандық қоғамдық даму бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Бектібаев, бірқатар ардагерлер, Тәжік-Ауған соғысына қатысқан ардагерлер мен олардың ұрпақтары қатысты.

«Тағзым» алаңына жиылған жұртшылық қаза тапқан қазақ жауынгерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, олардың ерлік жолдарына тоқталды.

Мұнан соң, Тәжік-Ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерді еске алуға арналған шара аудандық қоғамдық даму бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Бектібаевтың төрағалығымен өткен кездесумен жалғасты.

«Ел үшін кеудені оққа тосқан қазақстандық жауынгерлер тәжік-ауған шекарасында айбынды ерліктің не екенін дәлелдеді. Қайтпас қайсарлық, батылдықтың ерен үлгісін көрсетті. Тәжікстандағы жағдай өте күрделі еді: елде азаматтық соғыс өрті лаулап, Ауғанстаннан есірткі мен қару тасыған содырлар шекараны еркін кесіп өтетін. 1992-2001 жылдары аралығындағы 9 жылға созылған ұрыс қимылдарында 46 қазақстандық сарбаз қаза тапты.

Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесу – біздер үшін зор ғанибет» деді НҰРЛАН БЕКТІБАЕВ, ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ.

Сонымен бірге, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Жалағаштан Ауғанстанға дейін» атты кітаптың авторы Тұрақ Адисұлы, Тәжік-Ауған соғысының ардагері Құрманбек Ысқақов Отан алдындағы борыш-міндетін адал атқарып, патриоттық парызын өтеп қайтқан қазақ жауынгерлерінің есімі ел жадынан өшпейтінін жеткізді.

Жиын барысында бірқатар Тәжік-Ауған соғысының ардагерлеріне Қазақстан әскерінің Тәжік-Ауған шекарасынан шыққанына 25 жыл толуына арналған төсбелгілер мен аудан әкімінің алғысы табысталды.

Айта кетейік, Тәжік-Ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерді еске алуға арналған шаралар легі Б.Құлтекенов атындағы жабық бассейінде мектеп оқушылары арасындағы еркін жүзуден аудандық жарысқа ұласты.

Алдыңғы мақала

Қайғылы жағдай: 8-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады

Келесі мақала

Қазалы: Жасөспірімдер қауіпсіздігі қатаң бақылауда

Оқи отырыңыз

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
Құқық

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
Мәдениет

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды
Әлеумет және экономика

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде
Денсаулық

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

Құрылтай сайлауы – ел бірлігі мен жауапкершіліктің көрінісі

Құрылтай сайлауы – қоғамдық белсенділіктің маңызды көрінісі

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордаға жұмыс сапарымен келді

Қызылордада Президенттік кітапхана мен драма театр салынуда

Өзекті жаңалықтар

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
Құқық

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

0

Жиынға ҚАЖ ардагері Жалғасбай Есмаханов қатысып, отырысқа мекеме бастығының орынбасары Жеңіс Ернияз төрағалық етті. Кездесу барысында қызметтік...

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
  • Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
  • “Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды
  • Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде
  • Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі