• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Мәжілісте ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер қаралды

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен өткен мәжілісте ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджетті игеру, өрт қауіпсіздігі және көктемгі мерзімді әскерге шақыру науқаны сынды өзекті мәселелер қаралып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

14.04.2026
in Әлеумет және экономика
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жиында алдымен 2026 жылдың қаңтар-наурыз айының қорытындысы сараланып, бірқатар салада өсім бар екені атап өтілді. Атап айтқанда, өнеркәсіп өнімінің көлемі 121,0 пайызды құрап, 8,2 млрд теңгеге жеткен. Өңдеуші өнеркәсіп 124,5 пайызға, ауыл шаруашылығы 103,5 пайызға, инвестициялар көлемі 103,9 пайызға орындалған. Құрылыс жұмыстарының көлемі 189,0 пайызға дейін артып, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі 12 485 шаршы метрді құраған.

Аудан басшысы кәсіпкерлік саласы бойынша бірқатар көрсеткіштердің төмен екендігін айтты. Бүгінде ауданда тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5120-ны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 261 бірлікке азайған. Ал жұмыс істеп тұрған нысандар саны 5007-ге дейін төмендеген. Бұған байланысты тиісті бөлім басшысына төмендеген көрсеткіштерді көтеру үшін тиісті шара қабылдау жөнінде қатаң тапсырма берді.

Ал аудандық экономика және қаржы бөлімі мен аудандық статистика басқармасына тиісті бөлімдермен бірлесіп, макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуына апта сайын талдау жасап, орындалмау қаупі бар көрсеткіштерді көтеру бағытында тиісті шаралар қабылдауды жүктеді.

Жиында аудан әкімі өрт қауіпсіздігі мәселесіне де тоқталды. Биыл дала және орман өрттері тіркелмегенімен, техникалардың дайындығы, су көздерінің қолжетімділігі және алдын алу шараларын күшейту қажеттігі тапсырылды. Кейбір ауылдық округтерде өрт сөндіру техникалары пайдаланылмай тұрғанын сынға алып, бұл мәселені сәуір айының соңына дейін шешу міндеттеді.

Мәжілісте көктемгі әскерге шақыру науқанының барысы да қаралды. Көктемгі мерзімді әскерге шақыру науқанында ауданға 93 азаматты әскерге жөнелту жоспарланса, бүгінгі күні небәрі 9 азамат шақырылған. Бұған байланысты аудан басшысы ауылдық округтерде көрсеткіштердің орындалмауына байланысты әкімдерге нақты мерзім беріп, салаға жауапты орынбасарына берілген тапсырманы орындауды үйлестіруді тапсырды. Сонымен бірге, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу деңгейі де қаралып, ауданда 8719 адамның сақтандырылмағаны белгілі болды. Бұл бағыттағы жұмыстарды да жандандыруды ескертті.

Мәжіліс соңында аудан орталығы Әйтеке би кенті мен ауылдық округтердің санитарлық тазалық мәселесіде көтерілді. Аудан әкімі тазалық мәселесіне қатысты кемшіліктерді атап көрсетіп, жауаптыларға анықталған кемшіліктерді 3 күн ішінде шұғыл жоюды тапсырды.

Жиын қорытындысында аудан әкімі барлық жауапты сала басшылары мен әкімдерге берілген тапсырмалардың сапалы әрі уақытылы орындалуы қатаң бақылауда болатынын ескертті.

Алдыңғы мақала

Қазалы: Елдімекендерді сапалы инфрақұрылыммен қамту бағытында ауқымды жобалар жүзеге асуда

Келесі мақала

Арал: жол бойы сервистік нысандарды арттыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі