• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 15 сәуір, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалы: Елдімекендерді сапалы инфрақұрылыммен қамту бағытында ауқымды жобалар жүзеге асуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты бағыттарының бірі ретінде халықтың өмір сүру сапасын арттыру, әсіресе ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту мәселесіне айрықша назар аударып келеді,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

14.04.2026
in Қоғам
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Осыған сәйкес облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен ауданда елді мекендерді сапалы инфрақұрылыммен қамту бағытында кезең-кезеңімен ауқымды жобалар жүзеге асуда.

Ел игілігіне бағытталған ауқымды жобалардың бірі — Бекарыстан би, Майдакөл және Ү.Түктібаев ауылдарына орамішілік газ желілері құрылысының басталуына орай Бекарыстан би ауылында салтанатты шара өтіп, үш ауылдың тұрғындары көптен күткен игі істің куәсі болды.

Салтанатты шараға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыстардың басталуымен құттықтады. Сондай-ақ үш ауылдыңда халқы көп ұзамай көгілдір отынның қуанышына кенелетіндігін жеткізді.

— Көгілдір отын – бұл тек қана отын көзі емес. Бұл – тұрғындардың тұрмысын жеңілдететін, экологиялық жағдайды жақсартатын, уақытты үнемдейтін, ең бастысы – өмір сапасын арттыратын маңызды игілік. 2026 жылға аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен аудандағы Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Ү.Түктібаев ауылдарына орамішілік газ желілері құрылысын бастауға республикалық бюджеттен 680 млн. теңге қаржы бөлініп, бүгін міне, елді мекендерге орамішілік газ жүргізу жұмыстары басталуда. Жалпы жыл соңына дейін аудан бойынша елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 78,5 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі жүзеге асып жатқан жұмыстар толықтай аяқталғаннан кейін Бекарыстан би, Майдакөл және Ү.Түктібаев ауылдарындағы 1000-ға жуық тұрғын үй мен 16 әлеуметтік нысан көгілдір отынға қосылып, 5500-ден астам тұрғын көгілдір отынның қуанышына кенелетін болады. Бұл – еліміздің, бірлігіміз бен берекеміздің арқасында қол жеткізіп отырған жетістігіміз. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың нәтижесінде ауылдарымыз күннен-күнге жаңарып, көркейіп келеді. Алдағы уақытта да ауданымыздың барлық елді мекендерін кезең-кезеңімен көгілдір отынмен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады, — деді аудан әкімі.

Шарада Қызылорда облысының құрметті азаматы Самұрат Имандосов пен Ақжона ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шынтас Жадиев ауыл тұрғындарын маңызды бастамамен құттықтап, ауыл ақсақалы Болат Сәдуов жиылған жұртшылыққа ақ батасын берді.

Мұнан соң аудан басшысы мен ел ағалары, зиялы қауым өкілдері жиылған жұртшылықпен бірге орамішілік газ желілерін жүргізу жұмыстарының басталуына куә болды.

Айта кетейік, аталған 3 ауылды көгілдір отынмен қамту жұмыстарымен мердігер мекеме – «AsiaStroy KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесі айналысуда. Аудан басшысы шарадан кейін, мердігер мекеменің жауапты өкілімен кездесіп, жоспарланған жұмыстарды белгіленген мерзімінде әрі сапалы аяқтау керектігін айтты.

Алдыңғы мақала

Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланды

Келесі мақала

Мәжілісте ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер қаралды

Оқи отырыңыз

Сырдария ауданында электр желілері жаңартылуда
Қоғам

Сырдария ауданында электр желілері жаңартылуда

Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы тұрақты бақылауда
Әлеумет және экономика

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалы: Елдімекендерді сапалы инфрақұрылыммен қамту бағытында ауқымды жобалар жүзеге асуда

Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланды

Шиелілік өнерпаз ақжаулықты әжелер — республикалық байқаудың жеңімпазы!

«Таза Қазақстан» акциясы аясында көркейту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Нағи Ілиясов ауылындағы дәрігерлік амбулатория қызметі жалғасуда

Сауда нысандарындағы тазалық пен тәртіптің сақталуы аудан әкімінің басты назарында

Өзекті жаңалықтар

Сырдария ауданында электр желілері жаңартылуда
Қоғам

Сырдария ауданында электр желілері жаңартылуда

0

«Қызылорда электр тарату торабтары компаниясы» акционерлік қоғамы мердігерлігімен 1 дана КРН-IV-10 10 кВ ұяшығы, 4 дана КТПБ...

Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы тұрақты бақылауда

Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы тұрақты бақылауда

Мәжілісте ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер қаралды

Мәжілісте ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер қаралды

Қазалы: Елдімекендерді сапалы инфрақұрылыммен қамту бағытында ауқымды жобалар жүзеге асуда

Қазалы: Елдімекендерді сапалы инфрақұрылыммен қамту бағытында ауқымды жобалар жүзеге асуда

Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланды

Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Сырдария ауданында электр желілері жаңартылуда
  • Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы тұрақты бақылауда
  • Мәжілісте ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер қаралды
  • Қазалы: Елдімекендерді сапалы инфрақұрылыммен қамту бағытында ауқымды жобалар жүзеге асуда
  • Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі