• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 30 мамыр, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалы: Елдімекендерді сапалы инфрақұрылыммен қамту бағытында ауқымды жобалар жүзеге асуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты бағыттарының бірі ретінде халықтың өмір сүру сапасын арттыру, әсіресе ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту мәселесіне айрықша назар аударып келеді,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

14.04.2026
in Қоғам
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Осыған сәйкес облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен ауданда елді мекендерді сапалы инфрақұрылыммен қамту бағытында кезең-кезеңімен ауқымды жобалар жүзеге асуда.

Ел игілігіне бағытталған ауқымды жобалардың бірі — Бекарыстан би, Майдакөл және Ү.Түктібаев ауылдарына орамішілік газ желілері құрылысының басталуына орай Бекарыстан би ауылында салтанатты шара өтіп, үш ауылдың тұрғындары көптен күткен игі істің куәсі болды.

Салтанатты шараға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыстардың басталуымен құттықтады. Сондай-ақ үш ауылдыңда халқы көп ұзамай көгілдір отынның қуанышына кенелетіндігін жеткізді.

— Көгілдір отын – бұл тек қана отын көзі емес. Бұл – тұрғындардың тұрмысын жеңілдететін, экологиялық жағдайды жақсартатын, уақытты үнемдейтін, ең бастысы – өмір сапасын арттыратын маңызды игілік. 2026 жылға аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен аудандағы Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Ү.Түктібаев ауылдарына орамішілік газ желілері құрылысын бастауға республикалық бюджеттен 680 млн. теңге қаржы бөлініп, бүгін міне, елді мекендерге орамішілік газ жүргізу жұмыстары басталуда. Жалпы жыл соңына дейін аудан бойынша елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 78,5 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі жүзеге асып жатқан жұмыстар толықтай аяқталғаннан кейін Бекарыстан би, Майдакөл және Ү.Түктібаев ауылдарындағы 1000-ға жуық тұрғын үй мен 16 әлеуметтік нысан көгілдір отынға қосылып, 5500-ден астам тұрғын көгілдір отынның қуанышына кенелетін болады. Бұл – еліміздің, бірлігіміз бен берекеміздің арқасында қол жеткізіп отырған жетістігіміз. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың нәтижесінде ауылдарымыз күннен-күнге жаңарып, көркейіп келеді. Алдағы уақытта да ауданымыздың барлық елді мекендерін кезең-кезеңімен көгілдір отынмен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады, — деді аудан әкімі.

Шарада Қызылорда облысының құрметті азаматы Самұрат Имандосов пен Ақжона ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шынтас Жадиев ауыл тұрғындарын маңызды бастамамен құттықтап, ауыл ақсақалы Болат Сәдуов жиылған жұртшылыққа ақ батасын берді.

Мұнан соң аудан басшысы мен ел ағалары, зиялы қауым өкілдері жиылған жұртшылықпен бірге орамішілік газ желілерін жүргізу жұмыстарының басталуына куә болды.

Айта кетейік, аталған 3 ауылды көгілдір отынмен қамту жұмыстарымен мердігер мекеме – «AsiaStroy KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесі айналысуда. Аудан басшысы шарадан кейін, мердігер мекеменің жауапты өкілімен кездесіп, жоспарланған жұмыстарды белгіленген мерзімінде әрі сапалы аяқтау керектігін айтты.

Алдыңғы мақала

Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланды

Келесі мақала

Мәжілісте ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер қаралды

Оқи отырыңыз

Тілдерді оқыту: мақсатты индикаторлар, KPI және нәтижеге бағдарланған модель
Қоғам

Тілдерді оқыту: мақсатты индикаторлар, KPI және нәтижеге бағдарланған модель

Астанада «Білімнің жұлдызы» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Білім

Астанада «Білімнің жұлдызы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар арасында волейболдан тартысты турнир өтті
Құқық

Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар арасында волейболдан тартысты турнир өтті

Құрбан айт мерекесі қарсаңында сотталғандар арасында турнир өтті
Құқық

Құрбан айт мерекесі қарсаңында сотталғандар арасында турнир өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Құрбан айт мерекесі қарсаңында сотталғандар арасында турнир өтті

Мекеменің жас қызметкерлері ант қабылдады

Жауапты қызметтегі жырқұмар жан

Есірткісіз қоғам – жарқын болашақ кепілі

«Есірткіге қарсы үздік төсбелгі» сайысы қорытындыланды

«Қайсар» мен «Елімай» арасында тартысты матч өтті

Өзекті жаңалықтар

Тілдерді оқыту: мақсатты индикаторлар, KPI және нәтижеге бағдарланған модель
Қоғам

Тілдерді оқыту: мақсатты индикаторлар, KPI және нәтижеге бағдарланған модель

0

Стратегиялық басқару – оқыту қызметінің миссиясы мен даму траекториясын айқындап, ресурстарды тиімді үйлестіру арқылы ұзақ мерзімді нәтижеге...

Астанада «Білімнің жұлдызы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Астанада «Білімнің жұлдызы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар арасында волейболдан тартысты турнир өтті

Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар арасында волейболдан тартысты турнир өтті

Құрбан айт мерекесі қарсаңында сотталғандар арасында турнир өтті

Құрбан айт мерекесі қарсаңында сотталғандар арасында турнир өтті

Мекеменің жас қызметкерлері ант қабылдады

Мекеменің жас қызметкерлері ант қабылдады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Тілдерді оқыту: мақсатты индикаторлар, KPI және нәтижеге бағдарланған модель
  • Астанада «Білімнің жұлдызы» байқауының жеңімпаздары марапатталды
  • Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар арасында волейболдан тартысты турнир өтті
  • Құрбан айт мерекесі қарсаңында сотталғандар арасында турнир өтті
  • Мекеменің жас қызметкерлері ант қабылдады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі