• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 20 сәуір, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Шиелі кентінің аумағында «KAP LOGISTICS» ЖШС-нің 20 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін Бұдабай Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде «KAP Logistics» ЖШС-нің 20 жылдық мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті деп,- «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

19.04.2026
in Мәдениет, Әлеумет және экономика
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мерекелік шараның ашылуында сөз сөйлеген аудан әкімі мекеме ардагерлері мен сала мамандарын айтулы мерекемен құттықтап, кәсіпорынның өңір дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.

KAP Logistics серіктестігінің 20 жылдық мерейтойы құтты болсын!

Бүгінгі мерей той, бір ғана кәсіпорынның қуанышы емес, бұл — тұтас өңірдің өндірістік даму жолындағы маңызды белесі, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық өркендеуінің айқын көрінісі.

Шиелі ауданы аумағында 1982 жылдан бастап өндіріс орындарының негізі қаланып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін берілді. Тарихқа көз жүгіртсек, 2006 жылы құрылған «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС «СКК-Шиелі» филиалы өндірістің күретамыры саналатын логистика саласын жүйелі жолға қоюға және уран өндіруші кәсіпорындарға сапалы көліктік-логистикалық қызмет көрсетуге бағытталды.

Талай белесті артқа тастап, түрлі даму кезеңінен өткен мекеме 2022 жылы «KAP Logistics» атауын иеленіп, 2023 жылдан бастап «Шиелі-Сұңқар» ЖШС атауымен қызметін жалғастырып келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – ел дамуының маңызды факторы» екенін атап өткен болатын. Осы бағытта «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы Қызылорда облысының әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлының арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында Сыр өңірінде бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылды.

Атап айтқанда, облыс орталығында ел тарихындағы маңызды жиын V Ұлттық Құрылтай жиналысы өткен, құны 3 млрд. 545 млн. теңге болатын «Достық Үйі» ғимараты пайдалануға беріліп, ел игілігіне табысталды. Бұл жобалар өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға елеулі үлес қосты.

Осы сабақтастықтың жалғасы ретінде «KAP Logistics» серіктестігі Kazatomprom ҰАК-ның еншілес ұйымы ретінде еліміздің өндірістік әлеуетін арттыруға, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға зор үлес қосып келеді.

Серіктестіктің басты құндылығы – кәсібилік пен жауапкершілік, сенім мен тұрақтылық. Осы қағидаттардың арқасында ұжым бүгінгі таңда аймақ экономикасының маңызды бөлігіне айналып отыр.

Бүгінде «KAP Logistics» ЖШС-не қарасты «Шиелі-Сұңқар» филиалы өңірдегі ірі өндірістік құрылымдармен тығыз әрі тиімді байланыс орнатқан. Атап айтқанда, РУ-6 ЖШС, «Семізбай-У» ЖШС-нің Иіркөл филиалы, «Волковгеология» АҚ-ның №23 барлау экспедициясы және Түркістан облысы, Созақ ауданы аумағында да бірлескен жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асыруда. Бұл – өндірістік тізбектің үйлесімді дамуының нақты көрінісі.

Сонымен қатар, серіктестіктің қолдауымен құны 2 млрд 555 млн теңгені құрайтын «Шиелі–Тайқоңыр» автокөлік жолы жөндеуден өткізіліп, ел игілігіне берілді. Бұл жоба елді мекендер арасындағы байланысты нығайтып, кәсіпкерлік пен әлеуметтік саланың дамуына тың серпін берді.

Кәсіпорын ұжымы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және қоғамдық өміріне белсене қатысып келеді. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан тазалығын қамтамасыз етуге арнайы техникаларымен тұрақты қолдау көрсетуде.

Бүгінде кәсіпорында ауданымыздың 500-ге жуық тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл – бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің жарқын үлгісі.

Жиырма жыл — бұл сенім мен тұрақтылықтың, үздіксіз еңбектің, кәсіби шеберліктің айқын көрінісі. Алдағы уақытта да «KAP Logistics» серіктестігі жаңа белестерді бағындырып, ел игілігі жолындағы қызметін абыроймен жалғастыра беретініне сенімім мол,”-деді аудан әкімі.

Мерекелік шара барысында «KAP Logistics» ЖШС Бас директоры Дархан Рамазанов сөз сөйлеп, мекеме ұжымың  мерейтоймен құттықтап, кәсіпорынның жетістіктеріне тоқталды.

Сондай-ақ, салтанатты жиында кәсіпорын ардагерлері Бейсен Қыдырбай мен Насыр Сүлейменов сөз алып, әріптестерін мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Салтанатты шара барысында еңбек сіңірген сала мамандары мен ардагерлерге Қызылорда облысының және Шиелі ауданының Құрмет грамоталары, облыс әкімінің, аудан әкімінің және «KAP Logistics» ЖШС-нің Алғыс хаттары мен «KAP Logistics» ЖШС-нің 20 жылдық мерекелік медалі табысталды.

Салтанатты шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, әсем ән мен күйден шашу шашылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдыңғы мақала

Жалағаш ауданында «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым» атты тазалық акциясы өтті

Келесі мақала

Шиеліде «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Оқи отырыңыз

Шиеліде «тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық  – егіз ұғым» атты жалпыхалықтық тазалық акциясы өтті деп
Экология

Шиеліде «тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым» атты жалпыхалықтық тазалық акциясы өтті деп

Шиелі жастары тарихи орындарды тазартуға белсенді қатысты
Экология

Шиелі жастары тарихи орындарды тазартуға белсенді қатысты

Шиелі аумағында рухани құндылықтарды ұлықтаған тазалық шарасы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Шиеліде «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Шиелі кентінің аумағында «KAP LOGISTICS» ЖШС-нің 20 жылдық мерейтойы аталып өтті

Жалағаш ауданында «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым» атты тазалық акциясы өтті

Cыр өңірінде жалпыхалықтық тазалық акциясы өтті

Қазалылық Абылайхан Жұбаназар — Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазалы: Әйтеке би көшесі қайта асфальтталуда

Өзекті жаңалықтар

Шиеліде «тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық  – егіз ұғым» атты жалпыхалықтық тазалық акциясы өтті деп
Экология

Шиеліде «тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым» атты жалпыхалықтық тазалық акциясы өтті деп

0

Шиелі ауданы- тарихы терең, тағылымы мол өлке. Ауданымызда мемлекеттік қорғауға алынған 42 тарихи мәдени ескерткіш бар. Оның...

Шиелі жастары тарихи орындарды тазартуға белсенді қатысты

Шиелі жастары тарихи орындарды тазартуға белсенді қатысты

Шиелі аумағында рухани құндылықтарды ұлықтаған тазалық шарасы өтті

Шиелі аумағында рухани құндылықтарды ұлықтаған тазалық шарасы өтті

Шиеліде «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Шиеліде «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Шиелі кентінің аумағында «KAP LOGISTICS» ЖШС-нің 20 жылдық мерейтойы аталып өтті

Шиелі кентінің аумағында «KAP LOGISTICS» ЖШС-нің 20 жылдық мерейтойы аталып өтті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Шиеліде «тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым» атты жалпыхалықтық тазалық акциясы өтті деп
  • Шиелі жастары тарихи орындарды тазартуға белсенді қатысты
  • Шиелі аумағында рухани құндылықтарды ұлықтаған тазалық шарасы өтті
  • Шиеліде «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік жұмыстары қарқынды жүргізілуде
  • Шиелі кентінің аумағында «KAP LOGISTICS» ЖШС-нің 20 жылдық мерейтойы аталып өтті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі