• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 10 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Экология

Жалағаш ауданында «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым» атты тазалық акциясы өтті

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында ауданда «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым» атты кең көлемді тазалық акциясы өтті. Акция барысында аудандағы тарихи-мәдени ескерткіштер, киелі орындар мен қорымдар аумағында санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды «PostScript.kz» Ақпараттық агенттігі.

19.04.2026
in Экология
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мемлекет қорғауына алынған киелі орын – Беркінбай кәлпе қорымы аумағында өткен тазалық шарасына аудан әкімі Ардақ Ибраимов қатысып, игі бастаманың маңыздылығына тоқталды.

«Ел Президентінің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында, сондай-ақ облыс әкімінің елді мекендерде санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, бүгін киелі орындар мен тарихи ескерткіштер аумағында кең көлемде тазалық, көркейту және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Өңіріміздегі тарихи-мәдени ескерткіштерді, киелі орындар мен қорымдарды таза ұстап, өскелең ұрпаққа үлгі болар осындай игі іске атсалысып жатқан баршаңызға алғысымды білдіремін», – деді А.Ибраимов.

Шараға ардагерлер, мекеме ұжымдары, кент және ауыл тұрғындары, сондай-ақ ерікті жастар белсенді қатысты.

Алдымен бабалар рухына Құран бағышталып, қорым аумағын тазарту, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар аудан әкімі көпшілікпен бірге Беркінбай кәлпе үйтамы ауласына тал көшеттерін отырғызу рәсіміне қатысты.

Айта кетейік, аудан бойынша мемлекеттік тізімге енгізілген 62 тарихи ескерткіш бар. Оның ішінде 1-еуі республикалық, 55-і жергілікті маңызы бар, ал 6 нысан ерекше маңызды тарихи орындар санатына жатады.

Бүгінгі акция аясында кент және ауыл тұрғындары осы тарихи орындар мен қорымдарда тазалық жұмыстарын белсенді жүргізуде.

Алдыңғы мақала

Cыр өңірінде жалпыхалықтық тазалық акциясы өтті

Келесі мақала

Шиелі кентінің аумағында «KAP LOGISTICS» ЖШС-нің 20 жылдық мерейтойы аталып өтті

Оқи отырыңыз

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
Білім

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
Қоғам

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
Қоғам

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

Қызылорда облысында есірткіге қарсы байқау өткізілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен соңғы жеті жылда Қазақстанда цифрлық трансформация қарқынды дамып, елдің технологиялық әлеуеті жаңа деңгейге көтерілді.

Өзекті жаңалықтар

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының...

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде  5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
  • Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
  • Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
  • Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
  • Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі